Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz - 2018 жылдың наурыз айының соңына дейін ипотекалық несие портфелі, 1,1 трлн теңге болды. Бір жыл бұрынғыдан 10,4% артық. Сонымен бірге бөлшек кредиттердің жалпы көлемі сол кезеңде 13,3%-ға артып, 4,6 трлн теңгеге дейін өсті.
Нəтижесінде, өсуге қарамастан бөлшек кредиттердің жалпы көлеміндегі ипотекалық несиелердің үлесі 24,7%-дан 24,1%-ға дейін төмендеді.
Қазақстан Республикасының өңірлері арасында ипотекалық несиелердің жыл сайынғы өсуі Қазақстанның 16 аймағының 15-інде байқалды, төмеендеу тек Алматыда ғана болды.
Аймақтар арасындағы жыл сайынғы өсімге сәйкес, БҚО көш бастайды. Бірден 29,3%, 38,2 млрд теңгеге дейін артты. ҚР үлесі 3%-дан 3,5%-ға дейін өсті.
Артынша Қостанай облысы жалғасады. Онда 27,8%-ға, 33 млрд теңгеге дейін өсім байқалды. ҚР үлесі 2,6% -дан 3% -ға дейін өсті.
Үштікті Астана тәмәмдайды. Астанада 23,2 пайызға өсіп, 266,7 млрд теңгеге жетті. ҚР үлесі 21,7%-дан 24,2%-ға дейін өсті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024