Ахуалын жасырмаса, біздің елде мүмкіндігі шектеулі жандарға кез келген банк несие беруден бас тартады деседі. Осы рас па? Жергілікті қайнаркөздерден білгеніміз, рас сияқты. «Үміт-Надежда» атты мүгедектердің қоғамдық бірлестігінде көрнекі оқиғаны алға тартты.
Қостанайда мүгедек әйел тұрады, протезбен қозғалады. Оның есімі көрсетілмеді, өйткені... Негізі, бұл ханым - бірнеше дүкеннің иесі. Алғаш рет оның несие алу әрекеті сәтсіз болды - ол мүгедек екенін хабарлағаннан кейін банк дереу бас тартқан. Осыдан кейін кәсіпкер өзінің ауруы туралы айтпай, бизнесіне бірнеше мәрте несие алыпты.
«Үміт-Надежда» қоғамдық ұйымының төрағасы Дүйсенғали Оспанов та тек мемлекеттің жәрдемақысына өмір сүретін адамға ұқсамайды. Үстінде қымбат костюм, қолында үлкен жүзік. Дүйсенғалидің бірнеше дүкені, Қостанай ауданындағы өз фермасы бар, көлік саласында қызмет көрсетумен айналысады.
- Осылай! Мен банктерде бірнеше рет болдым, - дейді ол, - бизнесті дамыту үшін айналым қаражаты қажет болған. Бірақ маған дереу несие алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы айтылды! Мен оларға: «Менде техника бар - оны кепілге қоям», - деймін, бірақ олар үзілді-кесілді бас тартып, қорқады. Мен мұны тап-таза мүгедектігіңді бетіңе басып, кемсіту деп есептеймін.
Осы ұйымының кеңсесінде 1 топтағы мүгедек Ольга Черпакова жұмыс істейді. Оның айтуынша, банктердің бірінде оған шағын тұтынушылық несие беріпті. Бірақ, ең алдымен, Ольга Александровна жұмыс істеп, жалақы алып және зейнетақы жарналарын төлгендіктен берген. Алайда, банктерге барғаннан кейін келіншек өзін мүсәпір сезінгенін айтады. Ол банк офистеріне мүгедектер арбасымен жүру үшін жағдай жоқ екенін айтады. Банк тұтынушыға несие беру үшін мүгедектің үйіне келуі, немесе ауылда түратын мұқтаж жандардың несие алуы туралы мүлдем айтып қажеті жоқ.
Дегенмен таңырқайтын дәнеңе жоқ, мұндай шаралардың болмағаны – банктердің саясатынан, яки мүгедектерді несиелемеу туралы ұстанымынан туады.
«Үміт-Надежда» ҮЕҰ төрағасымен бірге телефон арқылы банктердің саясатында бір нәрсе өзгеріп-өзгемегенін білмек болдық. Банк қызметкерлерімен диалогтар өте қызық болғанын айту қажет емес шығар...
Мүгедек адамдардың өздері бұл жағдайға көніп болған сияқты. Ия, кейде бұл мәселені республикалық форумдарда көтеріп қояды, бірақ олар ешқашан ресми түрде шағымданбаған екен (шенеуніктерге түсінікті қағаз нұсқасында дегеніміз ғой). Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалы мұндай өтініш тіпті ауызша түрде келіп түскен жоқ дейді.
Ал несие мүгедектігі бар адамның өз ісінің бастамасы болар ма еді... Иә, мемлекеттен айына отыз мың теңге шамасында қолдау алатын адамға тұрмыстық техниканы (арзан теледидар немесе телефон) несиеге сатып алу оңайырақ. Бұл Мүгедектердің Халықаралық күніне орай жылына бір рет азық-түлік пакеттерін таратудан гөрі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің нақты көрінісі болар еді.
«Егер мен 1 топтағы мүгедек болсам, несие ала алам ба?»
Сонымен жергілікті банктер не деді:
Центр-Кредит банкі, Қостанай филиалы:
- Күмәніміз бар.
«Халық банкі», Қостанай филиалы:
- Жоқ. Заңнамаға сәйкес, жәрдемақыға несие беруге бізде ешқандай құқық жоқ.
- Егер кепілді мүлік бар болса, пәтер, мысалы?
- Бәрібір.
- Басқа банкке хабарлассақ ше?
- Жоқ, өйткені заңнама бұған тыйым салады.
- Қандай заң?
- Нақты қандай заң, мен айта алмаймын.
«Еуразиялық банк», Қостанай филиалы:
- Бір минут күтіңіз, қазір нақтылайын ... (кідіру). Жоқ, несие бермейміз.
- Кірістердің төмендігінен бе, немесе мүгедек болғандықтан ба?
- Біздің банктің нұсқаулықтарында 1 және 2 топтағы мүгедектерге қарыз бермейтініміз жазылған. Сонымен қатар, бізде несиені сақтандыру бар, ал сақтандыру компаниялары мұндай қарызды сақтандырмайды.
«Kaspi bank», Қостанай филиалы:
- Егер адам тек жәрдемақы, жеңілдіктер алса, болмайды. Жұмыс істеп, зейнетақы аударымдары қажет болуы керек.
Ақпарат көзі: «Костанайские новости» газеті
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024