Алматы. 5 маусым. 7kun.kz - 1 маусымдағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 1%-ға (327,42-ден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 330,78 теңге деңгейінде қалыптасты.
Дамушы елдер валюталары бағамдарының АҚШ долларына қатысты серпіні былайша қалыптасты:
☑ Индонезия рупиясы Индонезия банкі 7 күндік РЕПО мөлшерлемесін 4,75%-ға көтергеннен кейін 1,6%-ға (14 125-тен 13 896-ке дейін) нығайды;
☑ түрік лирасы Түркияның Орталық банкі ақша-кредит саясатының жедел құрылымын оңтайландыру туралы процесін аяқтау туралы шешім қабылдағаннан кейін 1,5%-ға (4,72-ден 4,65-ке дейін) нығайды. Реттеуші репоның бір апталық мөлшерлемесін монетарлық саясаттың негізгі құралы ретінде пайдалануға шешім қабылдады;
☑ үнді рупиясы 1%-ға (67,77-тен 67,06-ға) нығайды;
☑ Ресей рублі апта бойы айтарлықтай өзгерістерсіз бір АҚШ доллары үшін 62,22 рублі деңгейі шегінде саудалады;
☑ Оңтүстік Африка ранды инвесторлардың тәуекелді активтерге тәбетінің төмендеуі және шетелдік инвесторлардың ЮАР қор нарығында активтерді сатуы аясында 1,5%-ға (12,50-ден 12,69-ға дейін) әлсіреді;
☑ Мексика песосы АҚШ-тың НАФТА бойынша әріптес елдерден болат және алюминий импортына баж енгізуі аясында 2%-ға (19,54-тен 19,94-ке дейін) әлсіреді;
☑ Бразилия реалы Бразилияның Президенті М. Темердің Петробрас мұнай мемлекеттік компаниясының қызметіне үкіметтің араласпауы және баға саясатын сақтау туралы өтініштерінен кейін 3,3%-ға (3,65-тен 3,77-ге дейін) әлсіреді. Бұдан бұрын қаржы директоры Иван Монтейра Петробрас қызметкерлерінің наразылықтарынан кейін отставкаға кеткен Педро Парентидің орнына компанияның басшысы болды.