Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - Менингококк инфекциясын жұқтырудың шыңырауы артта қалды және сейіліп келеді. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
«Қазір ауру сейіліп келеді. Аурудың ең үдеген уақыты 17-апта болатын. Бір аптада республика бойынша 13 жағдай тіркелді. Үдемелі кезеңнен өттік және қазір Алматыда төрт тәулікте вирус жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелмегені қуантады. Сондай-ақ, менингитке шалдыққан 14 адам жазылып шықты. Бұл науқастанудың сейіліп келе жатқандығын көрсетеді», - дейді Бекшин.
Ол Қазақстан бойынша қазір 24 адам әлі де емделіп жатқанын айта кетті. Оның ішінде 12 адам Алматыда. Үш бала әлі де жансақтау бөлімінде жатқандығын айтты. Олар Алматы облысы және Астанада. Алматыда менингитпен жансақтау бөлімінде жатқандар жоқ. Сондай-ақ, аталмыш ауруға қарсы Алматы қаласында өз еркімен 360 адам екпе салдырғанын ескере кетті.
Сонымен қатар, комитет басшысы call-орталықтардың жұмысы жайына тоқталды. Оның сөзінше, алдын алуға қатысты алғашқы тәуліктің өзінде 4,5 мың сұрақ келген, екі күнде 8 мыңға жетті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024