Отандық автомобиль өндірісінің дамуы ұлттық брендтің пайда болуына әкелуі тиіс. Бірақ, Қазақстан оған әлі дайын емес дейді "Қазавтобизнес" қауымдастығының президенті, "Аллюр Авто" бас директоры Андрей Лаврентьев.
«Шетелдік брендтің автокөліктерін шығарумен тоқтап қалуға болмайды. Бұл бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Өз республикамызда басқа брендтің лейблын шығару автомобиль өндірісін дамытудың басты мақсаты емес. Түптің түбінде ұлттық бренд қалыптастыру керек болады», - дейді Лаврентьев.
Десе де, қауымдастық басшысы еліміздің мұндай қадамға дайын еместігін айтады.
«Бұны жасайтын бізде біліктілік аз. Технологияларды дамыту орталығы, сертификатталған база жоқ. Алдағы 5 жылда, 2020 жылға дейін біліктілігімізді арттырып, есі дұрыс инженерлер мектебін қалыптастырып, зерттеу жүргізетін зертханалар мен институттар құрып, трансұлттық компаниялармен бірлескен кәсіпорындар ашуымыз керек. Сол кезде барып ұлттық бренд қалыптастыру туралы сөз қозғауға болады. Бізде жаңа технологиялардың дамуы туралы анық, жеткілікті түсінік бар», - деген сенімде Лаврентьев.
Осы мәселемен айналысуды бүгіннен бастау керек дейді ол.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024