Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақмолалық жүргізушілер VIP-нөмерлер үшін 15 млн теңге жұмсады

Ақмолалық жүргізушілер VIP-нөмерлер үшін 15 млн теңге жұмсады

Ақмолалық жүргізушілер жоғары сұраныстағы мемлекеттік тіркеу номерлерін сатып алу үшін 15 млн теңге жұмсаған деп хабарлайды Kазинформ.

Ақмола облысындағы ІІД-нің баспасөз-қызметінің ақпаратынша, осы жылдың басынан бері жалпы сомасы 15 млн теңгені құрайтын жоғары сұраныстағы 49 мемлекеттік номерлік белгі берілген. Әсіресе, олардың арасында 333 (16 дана сатылды), 777 (6 дана), 001, 300, 555, 888 (4 дана) комбинациясындағы номерлер танымалдылыққа ие. Еске салайық, қазіргі уақытта Қазақстанда жоғары сұраныстағы мемлекеттік номерлік белгілердің сатылымына арнайы тариф белгіленген. 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777  сериясындағы жоғары сұраныстағы номерлер құны 422 мың 256 теңгені құрайды. 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 комбинациясындағы номерлерді 253 мың 724 теңгеге сатып алуға болады.

Похожие материалы