Экономика
АқордаTwitter-і әлемдегі ең жылдам өсіп келе жатқан үкімет аккаунттарының тізіміне кірді
@AkordaPress Twitter-дегі әлемдік ең жылдам өсіп келе жатқан үкімет аккаунттарының тізіміне кірді. Рейтингті БҰҰ өзінің микроблогында жариялады.
Тізімде барлығы 20 аккаунт көрсетілген. Ең бірінші орында Ауғанстан тұр. Оның аудиториясы 2014 жылдың маусым айынан 2015 жылдың наурыз айлары арасында 293,6%-ға өскен. Екінші орында оқырман саны 215,4%-ға өскен - Сауд Арабиясы. Үшінші орында- Үндістан аккаунты, өсу көрсеткіші 212,8%. Ақорда Twitter-і 16 орында. Бір жыл болмай жатып оқырман саны 118,4%-ға көбейген. Қазір @AkordaPress-тің 102 мың оқырманы бар. Бұл аккаунт 2012 жылдың шілде айында ашылып, осы уақытқа дейін 3000-ға жуық хабарлама жариялаған. Толық рейтинг төменде көрсетілген:





