Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақпан айында депозит нарығының өсімі тоқтап қалды

Ақпан айында депозит нарығының өсімі тоқтап қалды

Бөлшек сауда депозиттерінің нарығы ақпан айында өсім көрсетпеді. Жеке тұлғалардың мерзімді және шартты салымдарының қоржыны 3,9 трлн теңге болды. Бір қазақстандыққа шаққандағы банк жинақ ақшасының көлемі – 221,5 мың теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,2%-ға артық деп хабарлайды Ranking.kz аналитика қызметі.

Жиынтық қорлардың ең жоғары деңгейі мегаполистерде. Алматыда бір адамға шаққандағы бөлшеу сауда депозиттерінің көлемі 1,3 млн теңге, Астанада – 539 мың теңге.

Облыстардың арасында ең жоғары көрсеткіштер Қарағанды (166,8 мың теңге), Павлодар (159,6 мың теңге) және Атырау (157,9 мың теңге) облыстарында.

Мерзімді және шартты салымдарың көлемі бір ай ішінде 0,2%-ға төмендеді.

Оң көрсеткішті тек 7 аймақ көрсетті. Айлық өсімнің ең жоғары қарқыны Қызылорда (1,2%-ға, 41,5 млрд теңгеге дейін), Оңтүстік Қазақстан (1,2%-ға, 133,6 млрд теңгеге дейін) және Атырау (0,8%-ға, 91,8 млрд теңгеге дейін) облыстарында байқалды.

Похожие материалы