Еуразиялық экономикалық одаққа кіргеннен кейін Қырғызстан келетін ескі автоның Қазақстанға кіруіне жол бермейді. Бұл туралы Астанадағы брифинг кезінде инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау мәлімдеді.
"Қырғызстанның соңғы жылдары өзіне 100 мың авто кіргізгенін есептесек, біреулердің ол көліктерді қайта экспорттауға дайындап жатқан болуы да мүмкін. Бірақ біз ескі автоның кіруіне мүдделі емеспіз", - деді А.Рау. Оның атап өтуінше, Қырғызстаннан көліктердің енгізілу мәселесі елдің ЕАЭО-қа кірер кезіндегі жиі талқыланған сұрақтардың бірі болды. "Автоөндірісі болмағандықтан, олар он жыл ішінде салымды нөлдік дәрежеге белгілеген кезеңге өтті. Және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген көліктеріне де Кедендік одақтың автомобильге салынатын салықтары енгізілетіндігіне келісті", - деді А.Рау. Сондай-ақ, қазақстандық нарықты қорғау үшін Қырғызстаннан қайта экспорталатын автоны интеграциялық одақ аясындағы техникалық талаптар аясында тексеру жоспарланып отыр. "Тежегіштің автоматты құлыпталуы, қауіпсіздік жастықшасы, балалар креслосының бекітілуі, күндізгі оттар- барлығы да қауіпсіздік мәселесіне қатысты сұрақтар. Техникалық реттеуіште қарастырылған. Және белгілі бір мөлшерде бізді өзімізде де бар ескі көліктерден қорғайды", - деп қорытындылады вице-министр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024