АҚШ барлаушылары Париждегі лаңкестік әрекеттерді "Ислам мемлекеті" емес, "Аль-Каида" ұйымы ұйымдастырды деген болжам жасап отыр. Оған себеп - жасалған шабуылдардың күрделілігі.
«Париждегі терактілердің күрделілігін қарайтын болсақ, бұл "Ислам мемлекеті" тобының әрекеттеріне ұқсамайды. Мұндай үйлестірілген шабуылды жасау "Аль-Каида" мүшелеріне тән», – дейді АҚШ-тың терроризммен күрес жөніндегі шенеунігі. Әйтсе де, "Ислам мемлекеті" террорлық актілер сериясына жауапкершілікті өз мойнына алғанын жазған едік. БАҚ-тың жасап отырған тағы бір болжамы - террористердің шабуыл үшін Батаклан өнер ордасын таңдауына Charlie Hebdo журналы себепкер болуы мүмкін. Себебі, театрдың кіре берісінде «Je suis Charlie» (Мен Шарлимін) деген жазу ілініп тұрған еді.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024