Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ барлаушылары терактіні ұйымдастырушы "Ислам мемлекеті" емес деп отыр

АҚШ барлаушылары терактіні ұйымдастырушы "Ислам мемлекеті" емес деп отыр

АҚШ барлаушылары Париждегі лаңкестік әрекеттерді "Ислам мемлекеті" емес, "Аль-Каида" ұйымы ұйымдастырды деген болжам жасап отыр. Оған себеп - жасалған шабуылдардың күрделілігі.

«Париждегі терактілердің күрделілігін қарайтын болсақ, бұл "Ислам мемлекеті" тобының әрекеттеріне ұқсамайды. Мұндай үйлестірілген шабуылды жасау "Аль-Каида" мүшелеріне тән», – дейді АҚШ-тың терроризммен күрес жөніндегі шенеунігі. Әйтсе де, "Ислам мемлекеті" террорлық актілер сериясына жауапкершілікті өз мойнына алғанын жазған едік. БАҚ-тың жасап отырған тағы бір болжамы - террористердің шабуыл үшін Батаклан өнер ордасын таңдауына Charlie Hebdo журналы себепкер болуы мүмкін. Себебі, театрдың кіре берісінде «Je suis Charlie» (Мен Шарлимін) деген жазу ілініп тұрған еді.

Похожие материалы