Бұрын қолданыста болған автокөліктерді сатумен айналысатын Carvana компаниясы Нэшвиллде автокөліктерді сатуға арналған автоматтарды жарыққа шығарды. Қойылған автокөліктердің сипаттамасын қарай отырып, тұтынушылар өзіне ұнағанын таңдап, жетонның көмегімен ақысын төлей алады деп хабарлайды Gizmag.
Автомат дегеніміз - 20 машинасы бар бес қабатты роботталған гараж. Төлем жасалған соң, арнайы платформа таңдап алынған көлікті бірінші қабатқа түсіреді. Одан кейін автокөлік автотұраққа жіберіледі. Нақты шешімді қабылдау үшін сатып алушыға жеті күн мерзім беріледі. Белгіленген уақыт өткен соң тұтынушының банк есепшотынан ақша алынады. Төлем жүргізу үшін көлемі үлкен, тиын тәріздес жетон қолданылады.
Мұндай автомат алғаш рет Атлантада 2013 жылдың қараша айында қойылған еді. Ол кезде төлемдер тек банк карталары арқылы жасалатын.
Америкалық Carvana компаниясы 2013 жылы құрылған. Штаб-пәтері Аризона штатындағы Фениксте орналасқан.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024