Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ-та қорғаныс шығындарын 40 млрд долларға арттыртын бюджет жобасы қабылданды

АҚШ-та қорғаныс шығындарын 40 млрд долларға арттыртын бюджет жобасы қабылданды

АҚШ конгресінің өкілдері палатасындағы республикандықтар келесі жылы әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруды қысқартып, қорғаныс шығындарын шамамен 40 млрд долларға арттыратын бюджет жобасын қабылдады деп хабарлайды Би-би-си.

Бюджет жобасын соңғы алты жыл ішінде сенат (қазіргі кезде республикандықтар конгрестің қос палатасын бақылайды) алғашқы рет мақұлдап отыр. Сенат шығынды қысқарту жөніндегі нақты шараларды келесі аптада қарастырады деп күтілуде.

АҚШ Президенті Барак Обама бұл жобаға тыйым салатынын айтты, алайда күзде республикандықтар мен демократтар ымыраға келуі тиіс, әйтпесе үкімет қаржыландырылуы қайтадан уақытша тоқтатылуы мүмкін.

Өкілдер палатасы қабылдаған бюджет жобасы әлеуметтік бағдарламаларды қысқарту арқылы 2024 жылға дейін АҚШ бюджетін тапшылықтан шығаруды көздеп отыр. Сондай-ақ бұл жоба келесі жылға арналған әскери бюджетті шамамен 40 млрд долларға арттыруды ұйғарады.

Бұған қоса, республикандықтар президенттің денсаулық сақтау саласында жүргізген реформасын болдырмауға тырысып бағуда.

Похожие материалы