АҚШ банктік жүйесі 1776 жылы өзінің тəуелсіздігін жариялаған күннен бастап пайда болды. АҚШ-та алғашқы банк 1791 жылы құрылған. Ол Конгрестен ақшаны эмиссиялау құқығын ала отырып, коммерциялық банктердің бірқатар қызметтерін қатар атқарған. “Орталық банктің құрылуы туралы” 1913 жылы қабылданған заңға сəйкес, осы уақытқа дейін жұмыс жасап отырған үш деңгейлі Басқарушылар кеңесінен, Федералды резервтік жүйеге мүше банктерден тұратын Федералды Резервтік жүйенің (ФРЖ) негізі қаланды.
АҚШ-тың ФРЖ-сы басқару жəне ұйымдастыру қағидаларына қарай басқа дамыған елдердің орталық банктерінен ерекшеленеді. ФРЖ федералдық резервтік банктерден жəне ФРЖ-ға мүше жеке коммерциялық банктерден тұрады. ФРЖ-ның құқықтық мəртебесі өзгеше, федералды резервтік банктер үкіметі жəне қаржы министрімен тығыз байланыста болғанымен, ол заңды түрде мемлекеттік институт болып табылмайды. ФРЖ-ның жарғысына сəйкес, оның капиталы ФРЖ-ға мүше жеке меншік коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан құралады.
ФРЖ-ның құрылуы туралы заңда оның мемлекеттік басқару жүйесі тұрғысындағы тəуелсіздік қағидалары қарастырылады. Бұл қағидалар ФРЖ-ң ұйымдастырылу жəне қызмет ету ерекшеліктерін анықтайтын кейбір заңдылықтарда да көрініс тапқан. ФРЖ-ның Басқару кеңесі – бұл банктік жүйені басқаратын ең жоғарғы орган болып табылады. Оның құрамына АҚШ-тың Президентімен ұзақ уақытқа (14 жылға) тағайындалатын (Сенаттың келісімінен соң) 7 негізгі мүше кіреді.
Олар Президенттің рұқсатынсыз қызметтен босай алмайды. Басқару Кеңесі Сенатқа емес, ең жоғарғы заң шығарушы орган - Конгрестің алдында есеп береді. Басқару Кеңесінің мүшелері мемлекеттік ұйымдардың, резервтік банктердің жəне ірі өнеркəсіптік, ауыл шаруашылық, сауда жəне банктік монополиялардың өкілдерінен сайланады. ФРЖ-ның құрылымы оның функционалдық кешенін құрайтын 5 буынға бөлінеді (келесі беттегі 11-суретті қараңыз):
1. ФРЖ-ның басқару кеңесі;
2. Ашық нарықтағы операциялар жүргізетін федералды комитеті;
3. Федералдық кеңес беру кеңесі;
4. 12 федералдық резервтік банктер;
5. ФРЖ-ға мүше 6000 коммерциялық банктер.
Басқару кеңесі Федералды резервтік банктердің қызметін бақылауға ФРЖ-ның саясатының басты бағыттары бойынша шешім қабылдауға өкілетті мемлекеттік құрылым ретінде құрылған. ФРЖ-ның басқару кеңесінің басты қызметі – ақша-несие саясатын дайындау. Бұдан басқа бұл Кеңес əр түрлі банктік институттар мен федералды резервтік банктерге қатысты қадағалау жəне реттеу қызметтерін де жүзеге асырады. Басқару кеңесі елдің төлем жүйесінің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз етеді, сол сияқты, тұтыну несиесі аумағындағы қызметтерді реттеуге бағытталған (жеке несиелеу туралы, тең несиелік мүмкіндік туралы жəне тұрғын үй ипотекалары бойынша ашық ақпараттар туралы) федералдық заңдардың орындалуын қатаң бақылап отырады.
ФРЖ-ның Басқару кеңесі Федералдық резервтік банктердің қызметін бақылаумен қатар, резервтік банктер мен ФРЖ-ға мүше басқа да резервтік округтарда, сол сияқты шет елдерде филиалын құруы туралы шешім қабылдайды жəне жылына бір рет резервтік банктердің қызметіне ревизия жүргізеді. Кеңестің төрағасы халықаралық валюта - қаржы мəселелері бойынша үкіметтің осы төңіректегі саясатын ретке келтіріп отыратын Ұлттық кеңес беру Кеңесінің мүшесі болып табылады.
ФРЖ-ның Басқару Кеңесі ФРЖ-ның ақша-несие саясаты аясында кең өкілеттіліктерге ие болып келеді: - федералды резервтік банктердің бюджетін бекітеді; - барлық 12 федералды резервтік банктердің есепке алу мөлшерін бекітеді жəне қайта қарайды; - ФРЖ-ның ашық нарықтағы операциялары жөніндегі Комитеті арқылы ФРЖ-ның бағалы қағаздарымен жасалатын операциялардағы саясатын анықтайды; - бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға қатысты барлық басты талаптарды реттейді.
Жалпы жетекшілік жасайды Мəжілістік қызмет Құрайды атқарады 1978 жылы ФРЖ-ның Басқару кеңесі АҚШ-та қызмет ететін шетелдік банктердің филиалдары мен бөлімшелері үшін жоғарғы шекті пайыз мөлшерлемесін жəне резервтік талаптарды белгілеу, федералды резервтік банктердің оларға несие беру жəне басқа да қызметі туралы сұрақтарды шешу, олардың АҚШ аумағында жүзеге асыратын банктік операцияларын бақылау туралы өкілеттігін алады.
Ашық нарықтағы операциялар бойынша федералды комитет ФРЖ-ның құрылғанына 20 жыл болғаннан кейін, 1933 жылы құрылды. Алғашқы жылдары комитеттің ашық нарықтағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялары əр резервтік банк орналасқан жерде жекеше түрде жүргізіледі. Комитеттің құрамына 12 адам кіреді: 7 - ФРЖ-ның басқару кеңесінің мүшелері, 5 - федералды резервтік банктерден алынған өкілдер. Нью-Йорктің федералды резервтік банкісінің Президентіне Комитеттің төрағалық қызметі жүктелген. Федералдық кеңес беру кеңесі де 12 адамнан тұрады. Бұл кеңестің мүшелері 1 жыл мерзімге федералды резервтік банктерден тағайындалады. Кеңес беру (консультациялық) кеңесі ФРЖ-ның қызметтері: ақша-несие саясатына, алтынмен жасалатын операцияларға, банкноттарды эмиссиялау жəне шетел банктерінің операцияларына байланысты сұрақтар жайлы қызмет көрсетеді. ФРЖ операцияларын 12 федералды резервтік банктер жүзеге асырады.
Бұл банктер жəне олардың 25 бөлімшесі ірі қалаларда орналасқан. АҚШ аумақтарында ФРЖ-ның құрылуы туралы заңға сəйкес 12 федералды резервтік округқа бөлінген. Федералды резервтік банктер орталық банктің банкноталарды эмиссиялау жəне басқа да қызметтерін жүзеге асырады. Əр резервтік банкті 9 директордан (6 директор ФРЖ-ға мүше банктердің өкілдері, ал 3 директор – ФРЖ-ның Басқару кеңесінен) тұратын Кеңес басқарады.
Директорлар 3 топқа бөлінеді: А класы, В класы жəне С классы. А жəне В класының директорлары ФРЖ-ға мүше банктерден сайланады, екі кластың да бір-бір директоры ұсақ банктерден, біреуі – орташа, біреуі – ірі банктерден сайланады. С класының директорларын ФРЖ-ның Басқару кеңесі тағайындайды. Федералды резервтік банктердің 9 директорының əрқайсысы 3 жыл мерзімге сайланады, сөйтіп əр кластағы директорлардың біреуі жыл сайын ауыстырылып отырады. °р резервтік банкті директорлар кеңесі сайлайтын жəне ФРЖ-ның басқару кеңесі бекітетін президент жəне бірінші вице- президент басқарады.
Федералды резервтік банктер төмендегідей қызметтерді атқарады:
• чектер бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айрысуды (чектердің клирингін) жүзеге асырады;
• айналысқа жаңа банкноттарды шығарады жəне айналыстан тозған ақша белгілерін алып отырады;
• несиелік мекемелердің қосылу мүмкіндіктерін бағалайды;
• резервтік округтар төңірегінде банктерге есептік несиелер береді;
• ФРЖ мен бизнесмендер арасындағы байланысты жүзеге асырады;
• штаттағы банктерді тексереді, округтердегі шаруашылық қызметтерінің жағдайлары туралы ақпараттар жинайды;
• ақша-несие саясаты туралы мəселелер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді жəне аналитикалық журналдар мен бюллетеньдер шығарады. Федералды резервтік банктер ақша-несие саясатын дайындауға қатынасады.
Федералды резервтік жүйеге мүше банктердің жалпы саны 6000-ға жуық жеке коммерциялық банктер, ал қалғандары штаттағы банктерден құралады. Ұлттық банктер федералдық аудандардың (округ) шегінде қызмет етеді. 114 Штаттардың банктері штаттағы заңдардың негізінде қызмет етеді жəне олардың қызметтерін қадағалауды штаттағы билік ұйымдары жүзеге асырады. “ФРЖ-ні құру туралы” заңға сəйкес барлық ұлттық банктер ФРЖ-ның мүшесі болуға тиіс.
Штаттардың банктері ФРЖ-ға мүшелікке ену талаптарына сай келген жағдайларда ғана оның құрамына кіре алады; яғни, ол ФРЖ-ның мүшелері санынан 15 % мөлшерін құрайды жəне шығу барысында алдын ала 6 ай бұрын хабардар етеді. ФРЖ-ға мүше банктер өз резервтерін нақты ақшада немесе өз округтарындағы федералды резервтің банкте депозиттер формасында ұсатуға міндетті. Сол сияқты олар, паритеттері бойынша барлық толық құнды чектерді сатып алуға да жəне ФРЖ-ның клирингтік операцияларына қатынасуға міндетті.
ФРЖ-ға мүше болудың басты бір артықшылығы - ол банктің федералды резервтік банктің клиенті болумен қатар оның қызметтерін пайдалану мүмкіндігі болады. Егер де жеке банктен алатын несиелердің мөлшері сол банктің ресурсының көлемімен шектелетін болса, ал ФРЖ-ға мүше банктер федералды резервтік банкке несие жайлы сұраныс жасағанда, ондай шектеуге кез болмайды. Себебі, федералды резервтік банктің ФРЖ-ның барлық қаржылық ресурстарын пайдалану мүмкіндігі бар. Жеке банктер ФРЖ-ның мүшесі болып табылмайды, бірақ та олар ФРЖ-ға мүше-банктермен іскерлік қарым-қатынаста болған жағдайларда ФРЖ-ның несие, чек айналысы, клиринг жəне т.б. қызметтерін жанама түрде пайдаланады.
”Аутсайдерлер” банктері мен ФРЖ-нің арасындағы мұндай байланыстардың болуы, ФРЖ-ға клирингтік операцияларды жүргізуге құқылы арнайы ”клирингтік банктерді” құруға мүмкіндік береді. Сонымен, ФРЖ-ның ұйымдастырылу жəне функционалдық жағынан, ФРЖ орталықтандыру элементтерін ескере отырып, жергілікті жерлерде өзіндік дербестікті сақтайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024