Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Халықтар   достығының   қасиетті   зор   қара   шаңырағына  айналған, мәдениеттің, бизнес  пен  сауданың,  халықаралық   қарым- қатынастың  үлкен орталығы,  әлемдікталғамдарға   сай   келетін   жаңа   үрдіске  бет  бұрған  Алматы  қаласында алты  аудан  бар. Мұндағы  барлық  халықтың  1 миллион   136   мыңы  тұрады.  Еліміздің   банктерінің  70%-ті шоғырланған  ірі   мегополис. Ғылым,  техниканың,  білім беру,  өндірістік  орталық  және  желісі   дамыған   нарықтық инфрақұрылым.

Мемлекеттік  реформалау  жағдайында,  нарықтық    қатынастардың  қалыптасуында   он   миллиондаған   адамдар    жедел  әлеуметтік   көмек   пен  қорғауды    қажет   етеді (қауіп  тобына   жататын  адамдар, балалар мен  көп  балалы отбасылар; ұзақ  уақыт  жұмыссыз; жалғыз  қарт; мүгедек; маргиналды  топтағы – үйсіз  адам).

ҚР  Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың «Сындарлы  он  жылдық» атты  еңбегінде  «Мәселенің  негізі   қарама-қайшы   әлеуметтік  экономикалық жағдайда   жатқандығын   анықтайды. Мемлекет   аймақтарындағы   әлеуметтік  жіктелумен   өсіп  келе  жатқан   кедейшілдіктің  жоғары   деңгейі   тұрақсыздық  жағдайын  тудырады »- деп  айтқан.

ҚР  Еңбек  және   халықты  әлеуметтік  қорғау   Министрлігінің  09.04.03 жылғы  №63  бұйрығына  сәйкес,  республика  бойынша 2003 жылдың   екінші   ширегінде  кедейшілік  деңгейі   өмір  сұру   минимумының  40 %-н құрап,  ҚР – ң  статистика  комитетімен   саналып   2077  теңгеге   жетті  2003 жылдың  1- ші   ширегінде   шамамен  5193  теңгені   құрады. Қалада  бүгінде  5330  үйі  жоқ  қанғыбастар, 1500 – ден   астам  жетім  балалар, 1156  жайсыз  отбасы, 62  мың   жұмыссыздар  тіркелген.

Ал   бұл   мәселелер   қиын   өмірлік  жағдайға  түскен   адамдар   топтардың  жеке  өмірлік   күштернің    әлеуеті  мен   мүмкіндіктерін   белсендендіруге   бағытталған   әлеуметтік   жұмыс   арқылы   шешілуі мүмкін. Себебі, ол  көмекті  қажет   ететін,  өз  бетімен   мәселені   шеше алмайтын, ал   кей  жағдайда  өмір  сүре   алмайтын    адамдарға   көмек  көрсетуге   бағытталған   іс - әрекет.

2.1 Алматы  қаласының  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы

Алматы  қаласының әлеуметтік   экономикалық  құрылымы – бұл  берілген  қаладан   барлық  іс - әрекет  бөліктері  (элементтері)   мен   байланыстарының  тұтастығы. Бұл  құрылым – қаланың,қоғамдық  еңбек   бөліндісіндегі (оның  ішінде  шекаралық) орнымен   анықталып,  басқару, ұйымдастыру – шаруашылық  және  көліктік   болу   орталығы   болып  табылатын    қала  мен    шекараның  әлеуметтік – экономикалық  дамудың  ырғағымен   пропорциясы    мақсатқа   бағыттап   реттеуге     мүмкіндік  беретін   шынайы   механизмдердің    бірі  болып   табылады.

Қаланың   құрылымдық  дамуы   көптеген – экономикалық, әлеуметтік,  тарихи,  экологиялық, техникалық  факторлардың    қызмет     етуімен   шартталған. Құрылымдық   қайта  құру  қаланың   ұзақ  мерзімдік   даму    механизмі  ғана  болады. Әлеуметтік- экономикалық  дамудың  қорытындылары   экономиканың  нақты  секторының  дамуының    барлық   бағыттары  бойынша    реформаларды  ілгері  жылжытудың  оңды   нәтижелерін  көрсетеді.

Өнеркәсіп

Өнім  өндіру  көлемі 233,9 млрд. теңге

2004  жылмен  салыстырғанда  өсу   қарқыны  119,2 %

Негізгі    капиталға   инвестициалар  308,9 млрд. Теңге

Өсу  қарқыны 103,5 %

ҚР   үлесі 14 %

Қаржыландыру   көздері  бойынша  негізгі    капиталға   арналған   инвестициалардың    құрылымы

Бюджет  қаражаттары  27,3 млрд. теңге (жалпы  көлемдегі  үлесі 8,8 %)

Кәсіпорындардың  өз  қаражаттары 241,9 млрд. теңге(78,3 %)

Шет  елдік  инвестициалар 0,5 млрд. теңге  (0,2%)

Заем  қаражаттары 39,2 млрд. теңге (39,2%)

Тұрғын   үй  құрылысы

Пайдалануға  берілген  тұрғын  үйлер 615,9 мың ш.м.(4640 пәтер)

2004  жылмен   салыстырғанда  өсу  қарқыны 173,8 %

Сыртқы  сауда  айналымы

(2005 жылғы  қаңтар-қараша) 6239,4 млн. АҚШ доллары, Өсу  қарқыны 129,1 %

Экспорт 1088,9 млн. %% АҚШ доллары, Өсу  қарқыны 112,0 %

Импорт  5150,5 млн. АҚШ  доллары,Өсу  қарқыны 135,1 %

Тұтыну  нарығы

Бөлшек  сауда  айналымы 545,2 млрд. теңге, 2004 жылмен  салыстырғанда   өсу   қарқыны   116,3 %

Көтерме   сауда  айналымы 705,9 млрд. теңге, 2004 жылмен  салыстырғанда   өсу   қарқыны   135,0 %

Салықтар  330,8  млрд. теңге

Болжам  орындалды: 107,8% - ға

оның  ішінде:

республикалық  бюджетке  239,0 млрд. теңге (109,8%)

жергілікті  бюджетке 91,7 млрд. теңге(102,7%)

Аз  жиналды  6,5 млрд.теңге

Төмендеді: 20,7% - ға

Шағын  бизнес

Тіркелген  субъектілер 55,2 мың  бірлік

Тіркелгендердің  жалпы санындағы  жұмыс   істеп   тұрған  кәсіпорындардың   үлесі 65,7%

Жұмыс   істейтіндер 216 мың  адам

Жиналатын  салықтардың  сомасы 187,2 млрд. теңге

Жалпықалалық көлемдегі  олардың  үлесі 56,6%

Банк  қызметі

Берілген  несиелердің  сомасы 2175,1 млрд. теңге, Өсу  қарқыны 135,5%

Депозиттер  531,2 млрд. теңге,Өсу  қарқыны 152,5%

2004  жылғы   жалпы   аймақтық   өнім   984,6 млрд. теңге

Өсу  қарқыны 131,6%

Экономикадағы  онды   бағыттар   әлеуметтік  индикаторлардың  жақсаруына   ұласады.

Қызметкерлердің  орта  жалақысы 46785 теңге,Өсу  қарқыны  122,1%

Жұмыс  орын  ашылды: 13711 бірлік (жылдық жоспардың 112,4%)

Жұмысқа  орналастырылған  жұмыссыздар  саны 7,0 мың   адам.

Қоғамдық  жұмысқа қатысты:8,3 мың  адам.

Орташа  жылдық  зейнетақысы 13200 теңге

Экономикалық  белсенді  халық 602,1 мың адам,Өсу  қарқыны 103,0%

Жұмыс  істейтін  жалдамалы   қызметкерлердің   барлығы 354,8 мың адам, Өсу  қарқыны 107,5%

Экономикалық  белсенді  халықпен   салыстырғандағы   тіркелген    жұмыссыздардың үлесі 0,7%

Әлеуеттік-экономикалық  дамудың   параметрлері  Алматы   қаласының   елімізде   жүргізілген  барлық  қайта құрулардың  белсенді  қатысушы   екенін  көрсетеді.

Бәсекеге  төзімді  экономиканы  қалыптастыруға, Алматы қаласындағы   халықтың   тұрмысын  жақсартуға   бағытталған  мемлекеттік, қалалық бағдарламалар  жүзеге  асырылуда.

Оларды  орыгндау  келесі   нәтижелерге  қол  жеткізуге  мүмкіндік  берді.

Индустриялық- инновациялық   дамуда

Өнеркәсіпте   өндіріс  көлемі  тұрақты   өсуде,бұған Алматы   қаласындағы   Индустриялық-инновациялық  даму   стратегиясын  жүзеге   асыру  ықпал етті.

Стратегия  шеңберінде   жалпы  сомасы   19 млрд. теңгенің 22 жобасы жүзеге  асырылуда.Олардың  ішінде:   

соя  майының  концентраттарын,соя  белогын,шпрот шығаратын ТМД-дағы  жалғыз  өндірыстік   кешенді (“Vita”) құру;

май дақылдарын әбден  қайта  өңдейтін  жаңа  зауытты  пайдалануға  беру,мұның өзі  тәулігіне 200 тоннаға  дейін  жоғары  сапалы  тазартылған  өнім  алуға  мүмкіндік  береді (“Масло -Дел” ЖШС);

мұңай, газ  өндіретін  жабдыққа  арналған   вентилдер  корпустарын  шығаруды игеру (“Белкамит”БК АҚ);

импорт алмастыратын “Нобел” дәрілерін  өндіру (“Алматы фармацевтикалық  фабрикасы” АҚ);

ғажап  контактысыз электр  есептегіштерінің  жаңа  түрлерін   көптеп  шығару (“Сайман” ЖШС);

құрғақ ашытқыларды  өндірудің, ораудың   технологияларын  жетілдіру (“Ашытқы  зауыты” АҚ).

Жаңа ғарыштық, телекоммуникациялық, медициналық, ресурсты  үнемдейтін  технологияларды  жасауға  және  дамытуға, экологиялық жағынан  таза  азық-түлік тағамдарын  және т.б. өндіруге  бағытталған 35 жоба  мемлекеттік  қаржы  институттарының  көмегімен   қаржыландырылды және  таяуда қаржыландырылады.

Осы уақытқа  дейін  Алматы  қаласында  72ИСО 9000 халықаралық  сапа  жүйесіне   сәйкестік   сертификаттарын  алды.

Алатау  кетіндегі   ақпараттық   технологиялар  паркін  дамыту жұмысы   жалғастырылуда. Отандық және  шет елдік  компаниялардың  қатысуымен мультпликациялық  анимация, телефон  стансаларын  салу, иммундық  және нейрондық жүйелерді  жасау   саласындағы  бағдарламалық  өнімдерді  дайындайтын  жобаларды  жүзеге  асыру  мүмкіндігі қарастырылуда.

Инновациялық  кәсіпкерлікті дамытуға  қолайлы   жағдайдлар    жасалуда.

Мемлекттік  қаржы институттарымен  бірлесе отырып, Қазақстанда  теңдесі жоқ, Ядролық  медицина   және  биофизика орталығының  (“Ядролық  физика  институты” ЕМК) құрудың  жобасын   жүзеге   асыруға  дайындық  жасалуда, содан  соң  мұнда   радионуклидтік  диагностика   әдісі   енгізіліп,онкологиялық   және   басқа  да  ауыруларға   шалдыққан   адамдар   емделеді.

Жергілікті  аймақтық  ерекшеліктерді, қолда  бар  қуатты  пайдаланып, тамақ  өнеркәсібінде, туризм  және  құрылыс  саласында  кластерлік   тетіктерді   дамыту   басталды.

Қала   құрылысында

Қаланы  өркендетудің  Бас  жоспары  жаңартылды, соған  сәйкес Алматы  әлемдегі курорт  ретінде  танылатын  бақ-қалаға  айналуы тиіс, соған орай еліміздің  қаржы, мәдениет  және  білім, туристік  орталығына  да  айналады.

Бас  жоспарда  ескі орталықтың  ғажап  келбетін  сақтау, қаланың  барлық  аудандарында  өте   қолайлы   баспаналар, бұрынғы  кенттердің   орындарына қазіргі  заманғы  тұрғын   үй-мәдени  орталықтар  салу, көлік

инфрақұрылымын  және санитарлық-қорғаныс  белдеулерін   кешенді   дамыту    жайы   көрсетіледі.

Бас жоспардың  негізгі  басымдығы  Алматы  қаласында  тұруға   өте  қолайлы   жағдайлар  жасау   принципі болады.

Бас  жоспардың  шеңберінде  аймақтық инвестициялық карта   жасалды, соның  жәрдемімен  аумақтардың  функциялары, салынатын үйлердің  түрлері  жеке бөліп  көрсетіліп, жаңа құрылыс   аудандары  айқындалды. Осы   тұжырымдаманы   жүзеге   асыру   қаладағы құрылыстың  барлық  жұмысын   жүйелеуге, осы мақсаттарға жеке  инвестицияларды  тартуға   мүмкіндік  береді.

Басым  бағыт  болып  бұрын   қолданылған  нүктелік   құрылыстың   орнына   құрылысқа   кешенді  тұрғыдан  келу   белгіленді, мұның өзі  әсем  де  қолайлы  тұрғын үй  аудандарын, сапалы  инфрақұрылымы  бар  іскерлік   орталықтарды  салуға   мүмкіндік    береді.

Біртұтас  қала  құрылысы  саясатын  жүргізу   үшін   Қалақұрылысы  Кеңесі құрылып, жұмыс  істеуде.

Қазіргі  уақытта   қалаға  қосылған   аумақтарды (Шаңырақ, Думан, Әйгерім және  басқа да  аудандар) өркендетудің   бас  жоспары   жетілдірілуде.

Тіршілікті  қамтамасыз   ету   проблемаларын  шешуде

Қаланың  санитарлық жағдайын  жақсартуға,аумақтық  қаржы, туристік  орталық  және   халықаралық  қысқы  спорт  ойындарын  өткізу  орталығы   ретінде   өзін   белсенді  түрде  көрсете  бастаған  Алматы  қаласында  тұруға    қолайлы  жағдайлар  жасауға  зор  назар  аударылды.

2005 жылдың  басынан  бастап “Алматы  аулалары”, “Мектеп  аулалары”,“Арық  желілерін   және  бұрқақтарды қайта  жаңарту”,“Саябақтар  мен гүлзарларды   көгалдандыру  және өркендету”,“Қаланы  қоқыстан  және   тұрмыстық   қатты   қалдықтан   тазарту”және т.б. бойынша  бірқатар   қалалық үшжылдық  бағдарламалар   қабылданды.

Барлық  бағдарламалар  қаржы   ресурстрына  негізделген, оларды  жүзеге  асыру біршаша   нәтижесін  берді.

626 аула  көріктендіріледі, оларда 250 мың  адам  тұрады. 91-шітұрғын  үйде  жолаушылар   лифті  қайта  жабдықталды, инженерлік коммуникациялар  мен  гидроқорғағыштық   жұмыстары  жүргізілді.

Құрылыс  ұйымдарының   көмегімен  78  мектеп аулалары жөндеуден   өткен.

Қаланың  300бұрқақтары қайта  жабдықталыды, олардың  барлығы жарықтандырылды.

Магистралдық  көшелердің   барлығы   жарықтандырылған   және  жол жиектері  әдемі  безендірілген.

Ағын  сулардың   жиналуына жол  бермеу  мақсатында  қалада7 мың   қума метр арық  жүйелері   мен  жаңбыр  суларына  арналған  құбырлар  құрылысы жүргізілген.

Толығымен 9  саябақтар   мен 67  гүлзарлар  қалпына  келтірілген. 28 батыр-панфиловшылар   паркі   қайта   жабдықталып  жауынгер   ауғандықтарға   мемориал   қойылды.

Қаланың  көшелерін  таза  ұстау  мақсатында: 100 бірлік  қоқыс  тасушы  техника, 3 мыңға жуық  контейнерлер, “Бошунг-пони” және “HYUNDAI” техникалары  сатып  алынды. Қала  халқына  жайлы  жағдай  туғызу  жолында қоқыс  шығару  қоқысты өндірудің  бас  кестесі  жүзеге  асырылуда.

Көк  төбе  тауы  кешенді   қайта  жабдықтаудан  өтуде.

Көлік  инфрақұрылымын   дамыту

Көлік  мәселесін  кешенді   шешу  мақсатында 2005 жылдың  басында қала   көлігінің   салмағын  төмендету  бағдарламасы  әзірленді. Осы  бағдарламаны   жүзеге  асыруға  10 млрд теңге   бағытталды, оны  соңғы   он  жылда  алдыңғы  қатарлы   көрсеткіш деуге  болады.

2005 жылы  жол  жөндеудің    қажетті  мөлшерінің  көлемі   оның   қашықтық  шақырымының  10% мөлшеріне  шықты.

Жолды  жөндеу  мен оның  құрылысы  29,8 км

Орташа  жөндеу  жұмыстары 140,74 км

Саиын  мен  Райымбек даңғылында   көлік  жол  айрығының  құрылысы  салынып іске  қосылды. Енді Рысқұлов-Сейфуллин-Жансүгіров  көшелерінің қиылысында  көлік    жол  айрығының   жұмысы басталды.

“Таугүл-3”, “Байбесік”, “Шаңырақ-1”, “Қайрат” шағын  аудандарында   жаңа  жол  құрылысы  жүзеге  асырылды.

“Қалқаман” шағын ауданында   Момышұлы   көшесінен Әуезов   көшесіне   дейін  Шаляпин  көшесін  кесіп  өту  жұмыстары   инвесторларды  тарта  отырып  жүзеге  асырылуда.

Инвестицияны   тарту   есебінен теренқұр  жөнделді, магистралдық  көшелерде 200 қоқыс  жинайтын  жәшіктер  орнатылды.

Паркингтер құрылысының  бағдарламасы  басталды. Жыл  басынан   бері пайдалануға  2 жеке тұрғын  паркинг, 3 паркинг сауда  орындарында   берілді, 5 жаңа  көп қабатты  паркингтер  құрылысы   басталды. Көп  қабатты   тұрғын    үйлерде пайдалануға   23 автопаркинг  берілді, 39 нысанның  құрылысы  жүргізілуде.

Қоғамдық  көлік  жолсызбаларын  оңтайландыру  жұмыстары  жүргізілуде. 19 пайдасыз  немесе   бірін  бірі  қайталайтын жолсызбалар қысқартылған. Тұрғындардың  өтініші  бойынша 22 жолсызбаларда   көліктің   көбірек  жүруіне  олардың   кестесіне өзгеріс  енгізілді. Шағын  көліктерді   ауыстыру  жұмыстары жүргізілуде. 2005 жылы  жолаушыларды  тасымалдайтын  569  жаңа   автобустар   алынды.

Ауаға  әртүрлі   заттарды  шығаруды азайтуға    қалаға   келіп   түскен   мұнай өнімдерін  бақылау   салдарынан  ерекше  көңіл   аударылуда. Осы  ретте арнайы  ведмоствоаралық  комиссия   құрылған,  мониторинг   жүргізілуде. Сапасыз  отын  түрлерін сатушыларға   қатаң  жауапкершіліктер  жүктелген.

Тұрғын  үй  құрылысы   саласында

2005 жылы жаңа  тұрғын  үй  бағдарламасын  жүзеге   асыру басталды, мұндағы  басты  мақсат  халықтың  әртүрлі  топтарына әсіресе  жас  отбасылар мен бюджеттік   сала  қызметкерлерін   қолайлы   тұрғын   үймен қамтамасыз  ету  болып  табылады.

Барлық  қаржы   көздері  бойынша   615,9 мың  шаршы  метр   берілді, оның  ішінде  жеке  құрылыстар  бойынша 187,3 мың  шаршы   метр  (30,4% жалпы  көлемнен) берілді.

2005 жылы  ұзақ   мерзімге   созылған  құрылыстар   толығымен  жойылды.

Есепті  жылдары   республикалық   бюджет  есебінен “Мамыр”, “Құлагер”,

шағын  аудандарында  ипотекалық  несие  жүйесінен  “Райымбек-Казаков”учаскелерінде   пайдалануға  42 тұрғын  үй  оның   жалпы  көлемі 171,6 мың   шаршы   метр  немесе  2036  пәтер   берілді.

“Құлагер” шағын  ауданында  әлеуметтік-қорғалатын  халықтың   тобына  екі   9 қабатты  54 пәтерлік   коммуналдық   тұрғын   үй   жалпы   көлемі  21,4 мың  шаршы   метр  немесе 300 пәтер  берілді.

Білім   беру  саласында

Осы  саладағы  негізгі  міндет  Елбасының   атаған  иннновациялық   экономиканы   құру ісіндегі  білімді   дамыту   басым  қағидаларын   жүзеге  асыру  болып  табылады. Жыл  сайын   осы  саланы   қаржыландыру  көлемі   арта  түсуде.

Жоғары  оқу  орындары   студенттері  мен  орта  кәсіби  білім  беру   оқушыларының  стипендиясы  екі еседен  астам  жоғарылатылды. Жалпы  мемлекеттік қолдау  бойынша    студенттерді   әлеуметтік   қорғау   жөніндегі  үлкен   пакет шаралары  жүзеге  асырылуда. Олрдың  қатарында: жатақханаларды  жөндеу, көлік  шығындарының  орнын   өтеу   және   басқалар  болып  табылады.

Алғыр  студенттерге   шет  елдерде   білім  алуларына    жайлы  жағдай жасалған. Қалалық  бюджет  есебінен жетім балалар   мен    табысы  төмен  отбасы  балаларына   жоғары   оқу  орындарында   оқуға  24  грант   бөлінген.

Ерекше   назар  қала  сыртындағы  лагерлер мен   оқушылардың  дем   алуларына  аударылған. 2005 жылы  жолдама  алуға 58,5 млн. теңге бөлінген, өткен  жылға  қарағанда  өсімі  13,5 млн. теңге.

Сондай-ақ  2005 жылы  жаңа  “Екпе  көшет”жазғы  экологиялық   мектеп бағдарламасы  басталып, онда   әртүрлі    экологиялық   жобалармен  4  мың бала   шұғылданды. Көптеген  мектептер  аясында  мүдде  бойынша    клубтар  ашылды.

Қаланың  барлық   мектептерінде    экологиялық   патрулдер құрылған. Олардың  мақсаты: қаланы  көрыктендіру мен  экологиялық   мәдениетті  насихатттау  болып  келеді.

Оқушылар  орынының  тапшылығын  болдырмау  жолында, жеке  құрылыс  жүргізілетін    шағын  аудандарда  бюджет   қаражарты   есебінен  Таугүл, Шаңырақ шағын  аудандарында, Бостандық  ауданында № 159 мектептің   қосымша  құрылысы  жүзеге   асуда.

Білім беру   ұйымдарының  материалдық-техникалық  базасы  қайта  жабдықталған. Барлық   мектептер   заман  талабына  сай  компьютерлік  техникалар  мен   Интернетке  қосылған.

Алматы  қаласы  Әкімдігінің  қаулысымен  120  пәтерлік  үй  жетім мекемелері түлектерінің  уақытша   тұруларына  беріледі.

Денсаулық  сақтау  саласында

2005-2010 жылдарға  арналған  денсаулық  сақтауды дамыту  мен  реформалау   аумақтық   бағдарламасы  басталды. Үстіміздегі  жылы  бюджеттен қаржы  бөлу   осы  саланы   дамытуға   36%  өсті.

Тауүл, Думан   шағын   аудандарында  денсаулық  сақтау  пункттері ұйымдастырылуда, Заря  Востока  кентінде денсаулық  сақтау  тірегіне  жер  бөлінген. Наркологиялық  диспансер  ғимаратының  қосымша  құрылысы  жүргізілуде, 23 денсаулық   сақтау   нысандары   күрделі   жөндеуден  өткізілді. Жер  сілкінісінен  сақтауда  4  нысандарда жұмыстар  атқарылды. Ұлы  Отан  соғысы  ардагерлері  үшін   емхананың  қосымша  құрылысы іске  қосылды.

Медициналық  қызмет  көрсету   сапасын арттыру  мақсатында 1600 бірліктен  астам  медициналық  жабдықтар   сатып  алынды.

Медициналық  мекемелер  толық  көлемде  дәрі-дәрмек  құралдарымен  жабдықталған. Жүкті  әйелдер  мен  балалардың   денсаулықтары  мұқият  қадағалануда.

Жұмыспен  қамту  саласында

Халықты  жұмыспен  қамту  мәселесі  алғашқы  міндеттердің  бірі  болып саналады. Халықты жұмыспен  қамтуға   жәрдемдесу   жөніндегі   бағдарламасы  бойынша   2005 жылы осы шаралар толығымен  жүзеге  асырылған.

Бос  жұмыс  орындарының   жәрмеңкелері  мен   ашық  есік  күндері өткізілді, оған  220 жұмыс  берушілер  4 мың  бос  жұмыс  орындарын  ұсынды. Оның  қортындысы  бойынша  2 мыңнан  астам адам  әңгімелесуден  өтіп  жұмысқа  жолдама  алды.

Есепті  кезеңде  8,3 мың  жұмыссыз  қалған   азаматтар  қоғамдық  жұмыстарға қатыстырылды, бұл  жоспарланған   мөлшердің 134% құрады. Айына  орташа  еңбек  жалақысы 11,0-12,0 мың  теңге  құрады.Кәсіби  оқу  курстарына 2,1 мың бос  қалған  азаматтар  жіберілді.

Жұмыспен қамту  органдарының   ықпалымен  7,0 мың  адам  еңбекке  орналастырылды.

Үстіміздегі  жылы қала   экономикасында   13711 жаңа  жұмыс  орындары  құрылды, оның  ішінде  шағын    бизнес   саласында  9164 орын  құрылды.

Осы  жүргізілген   шаралардың   арқасында   жұмыссыз   тіркелгендердің  деңгейі  экономикалық  белсенді  халыққа  шаққанда  0,7% төмен  түсті,бұл  өткен  жылмен  салыстырғанда   0,3 пайызды  құрап   тұр.

2005 жылы  еңбек  жалақысы  22,1% өсті, осы  ретте   Елбасының   тапсырмасы   бойынша  бюджеттік  саланың   дәрігерлеріне, мұғалімдеріне, әлеуметтік  қызметкерлерге   2005 жылдың  шілдесінен  бастап   еңбек  жалақыларын  32% өсті.

Әлеуметтік  қамтамасыз   ету  саласында

Тұтас  2005 жыл  Ұлы  Отан   соғысы  Жеңісінің   60 жылдығы   белгісімен  өтті.   Жыл   басынан  бері  Ұлы  Отан  соғысына   қатысушыларға   жаңа   қолдау  үлгілері  енгізілді  және   оларға   теңестірілген азаматтарға даосы  қалалық  бюджет  есебінен тұрғын   үй  коммуналдық    қызмет  төлемі  өтелді.

Ұлы  Отан  соғысына    қатысушыларға  арнайы   мемлекеттік  жәрдемақы мөлшері  арттырылды. 2005 жылдың  басынан  бері   төлем   ең  төменгі  15 есеп  көрсеткіші   түрінде  берілуде (айына 14 мың  теңге).

Ұлы Отан   соғысына  қатысушылар  қаланың  барлық  зейнеткерлерімен  қатар   қоғамдық   көлікте  тегін   жүруде.

Жеңіс  күні  қарсаңында  Ұлы   Отан  соғысының  ардагерлері  бір  жолғы  30 мың  теңге  мөлшерінде   материалдық   көмек  алды. ТМД  елдері   бойынша   темір  жол   көлігімен   тегін   жүрді.

Алматы қаласының  ардагерлер  өкілдері  ТМД  елдерінде    өткізілген  мерекелік   шараларға   қатысты.

Жыл  соңында   соғыс    және  еңбек   ардагерлерінің    үлкен  өкілі  Астана   қаласына   танысу   сапарымен  барып  қайтты. Ардагерлердің  тұруы, жол жүруі, тамақтануы, танысу  сапарлары  мен  медициналық  қызымет  көрсету  төлемдері  жүргізілді.

2 мың  еңбек  және соғыс  ардагерлері  “Ардагер” мен   “Аққайың” санаторийлерінде  тегін   дем  алып  емделіп  қайтты.

Тұтас алғанда  жергілікті  бюджеттен  нақты  әлеуметтік  көмекті   7,4 мың  азаматтар 125,8 млн. теңге алды. Арнайы  қалалық   жәрдемақы   бойынша   2005 жылы  119 мың  зейнеткерлерге  жалпы   сомасы 700,3 млн. теңге  төленді.

Тұрғын  үй  коммуналдық   қызмет  өтем   ақысын  9124 адам  алды, осы  мақсатқа бюджеттен  197,4млн. теңге жұмсалды.

Жыл  басынан  бері  қалада   қайырымдық  акцияларымен  121 мың  адам қамтылды, оларға 139,1 млн.теңге  сомасына  қайырымдылық   көмек  көрсетілді.

Алматы   қаласының  әлеуметтік- экономикалық  даму  өрісіндегі  көрсеткіш  тізбесі.

Көрсеткіш 2004 жыл 2005 жыл 2006 жылғы   болжам                
I. Алматы   қаласының   әлеуметтік   экономикалық   дамудың    негізгі    көрсеткіштері
Өнеркәсіп  өнімдерінің  көлемі (жұмыс, қызмет) қолданыстағы  бағасы  млрд   теңге 186,9 233,9 254,4
Өсу  қарқыны 113,9 119,2 108,8
Негізгі  капиталға  инвестиция   көлемі,  млрд  теңге 278,5 308,9 401,3
Өсу  қарқыны 134,9 103,5 118,9
Қосылған  тұрғын  үй  мың   ш. Метр 354,4 615,9 676
Өсу  қарқыны 106,8 173,8 109,7
Бюджетке  түскен   салықтар  мен  төлемдер, млрд. теңге 244,1 330,8 307,1
Оның  ішінде республикалық  бюджет 177,6 239 265,1
Жергілікті  бюджет 71,4 91,7 105
Орташа  еңбек  жалақысын  (шағын  кәсіпкерлікті  қоспағанда) мың  теңге 39614 46785 53476,7
Өсу  қарқыны 121,4 122,1 114,3
II. Қаланың  тыныс-тіршілігін  қамтамасыз  ету   жөніндегі   шараларды   қаржыландыру  көлемі
1. Инженерлік   жүйелердің  құрылысын  жүргізуге   бағытталған қаражат  көлемі ( тұрғын  үй   құрылысы  бағдарламасы бойынша) млн. теңге  оның  ішінде 1987,3 2198 4450
- Республикалық  бюджет 1698,6 2198,0 4000,0
-жергілікті  бюджет  қаражатынан 288,7 - 450,0
Жеке  құрылыс жүргізген   аудандарда  су, канал  құбырлырын, газ  және   құрылғы   жүйелерінің  құрылысымен  қайта   жабдықтау  жұмыстары 200 200 530,2
Бос  қалған   жүйелерді   қайта  жабдықтау - 299,7 312
Апатты  жүйелерді   қайта  жабдықтау - - 500
Жаңа  энергия  беретін   нысандардың   құрылысы - 1361,5 712
2.Жолдардың  құрылысы  мен   жөндеу   жұмыстарына бағыт- -талған   қаржы  көлемі, оның  ішінде   жол  айрығының саны 6286,3 9902,8 14829,3
3. Метро  құрылысы, млн. теңге  1809 5268,0 8000,0
4. Аула  аумақтарының   жөндеу  жұмыстары    млн. теңге          - 1500 2341
5. Бұрқақтарды  қайта  жабдықтау  жөндеу  жұмыстары млн. теңге          - 60 40
6. Арық  жүйелерін  қайта    жабдықтау    млн. теңге   - 57,5 58,7
III. Инфрақұрылымдық  даму
Жол  құрылысы,  км 18,8 16,7 10,3
Жолдарды  күрделі  және орта  жөндеу  жұмыстары, км 10,6 170 170
Жол  айрығының  құрылысы, бірлік 1 2 5
Бұрқақтарды қайта жабдықтау, бірлік 1 30 32
Артық  жүйелері   құрылысы, мың  м. - 6,5 6,1
Аулаларды  көріктендіру, бірлік - 626 1000
Мектеп  аулаларын   көріктендіру,  бірлік - 78 99

Алматы  қаласының әлеуметтік- экономикалық құрылымы  2004 - 2005

Халық  саны -                                                             1140,1 мың  адам

Туылу  коэффициенті-                          100 тұрғынға  шаққанда 12,6%

Миграциялық   өсім-                                      жылына  2300-2100 адам

Шетелге  шығатындар-                                                     10,1 мың  адам

Бала  туу -                                                                          27 %-ке  артты

Ашылған  жұмыс  орындар-                                                            11785

Жұмысқа  орналасқандар-                                                            9,7 мың

Алматы  қаласының әлеуметтік- экономикалық құрылымы  2004 - 2005

Экономикалық  өсім-                                                                       15 %

Капиталдық  салым-                                                                   134 млрд

Жеңіл  өнеркәсіп-                                                                                   24

Машина  жасау   жеке   металургия

саласындағы   өндіріс   орындары                                                        50

Тамақ  өнеркәсібі    саласында

өндіріс  орындары                                                                                   41

Амбулаторлы- дәрігерлік                                                                    111

ауруханалар

Білім  беру   мекемелері-                                                                      375

ҮЕҰ -                                                                                                      93

Балалар  үйлері-                                                                                     16

Бір   жыл   ішінде  ресми   тіркелген    жұмыссыздар  1/3-ге   қысқарды. 2004 жыл  қорытындысы  бойынша   14 мың  жұмыс  орындары  құрылып, қайта  қалпына   келтірілді. Кедейшілті жеңуде  халықтың   түрлі  категорияларына, оның  ішінде  әлеуметтік әлсіз  топтарға   жұмыс  орындары  құрылатын  ұсақ   кәсіпкерлікке  ерекше  көңіл  бөлінуде. Қалада  2001-жылы   саны 13%-ға артқан  25 мың  ұсақ     кәсіпкерлік  қызмет  етуде. 1999 жылдан  астап    құрамында   бизнес-инкубатор   қызмет  ететін , 38  кәсіпорынды  біріктіретін  Алматыда   өндірістік   аумақты құру    Концепциясы   жүзеге  асырылып  келе  жатыр.

Қала  республиканың  ірі  өндірістік   орталығы   болып  табылады. Оның  шекарасында 24  жеңіл өнеркәсіп,  машинажасау  жеке  метеллургия  саласындағы 50, тамақ  өнеркәсібі  саласында 41  өндіріс  орындары   шоғырланған. Сонымен   бірге   шетелдік   араласпаушылықсыз   әрекеттерін  жүзеге   асыратын    өндірістік   кәсіпорындар  өнім  көлемін  12,1 %-ға   қысқарды.

Әкім  аппараты   кәсіпорындарды   дғдарыстан    шығару  жолдарын  іздестіруде.

Экономикадағы  жағымды  өзгерістер   нәтижесінде   халықтың  қаржылай  табысты  және  өмір  сүру   минимумын, сонымен  қатар   халықты    әлеуметтік  қорғауға  қаржыны  өсіру  мүмкін  болып  отыр. 2001 жылы  халықтың    айлық  орталық  жалақы   мөлшері   өмір    сүру    минимумын 2,7 есе   әр  айлық  орталық  минимальды   жалақы  мөлшері- 4,3 есеге  өсті. Ал халықтың   жылдық  орталық  қаржылай  табысы  25,7% - ға  артты.

Қаладағы   демографиялық  жағдай 2002 жылдың  1 маусымында  Алматы  қаласындағы   қала   тұрғындарының   саны  1140,1 мың  адамды құрады, халықтың  55% ы әйел  адамдар, 17 % ы 15 ден 24 жасқа  дейінгі жастар, 14 % зейнеткерлер. Соңғы  жылдары   миграциялық   жағымды    сальдосы  байқалуда,  миграциалық  өсім   жылына   2300-2100 адам   шамасында. Негізгі  контигент  жұмысқа   қабілетті  адамдар. Сонымен  бірге   жоғарғы  білімі  бар   болып   жұмыстан   шығарылған   бір  адамға, жоғарғы  білімі жқ  болып  жұмысқа   қабылданған  екі  адамнан  келеді. Кедейшілік  пен жұмыссыздық   деңгейіне жұмыссыздықтан, экологиялық   мәселелерінен   туатын  стихиялық   миграциялы   процестер  үлкен  ықпал  етеді.

Сонымен   бірге ТМД  және шетелге  шығатындар  саны   1997  жылдан  20 %-ға   артып, 10,1 мың   адамды  құрады. Жалпы   туылу   коэффициенті   төмендеп, 1000 тұрғынға   шаққанда  12,6%   құрайды. 1999 жылмен   салыстырғанда   үшінші   және  төртінші   баланы   туу 18  және   27%-ке  артты.

Алматы - интеллектуалды  білім  беру  орталығы   болып    табылады.

Халықтың  70%-інде  жоғарғы, орта  және  орта арналы  білімі  бар. Азаматтардың  ақысыз  білім алуға   конституциялық   құқықтарын   қамтамасыз  ету   үшін   қала  шекарасында  375  білім  беру  мекемелері. Мектепке  дейінгі   жүйеде  154   мектепке   дейінгі  мекемелер    қызмет  етеді. Орта   білім  беру  жүйесінде   171  күндізгі   жалпы   білімдік  және

54  мемлекеттік  емес  мекемелер   қызмет   етеді. Балаларды   орта  біліммен  қамту   жұмыс жүйесі     арқасында   қалада   біліммен  қамтылмаған    балалар  жоқ. Білім  беру  жүйесін  құрылымдық    және  жүйелі    реформалау   мектепке  дейінгі   және  қосымша   білім   беру   жүйесінің   жедел  қысқаруына  алып  келді. Соңғы  5 жылда   балалар мен  жасөспірімдер   клубтары, спорттық, шығармашылық  мектептер, аула    клубтары  жабылды. Қаржыландырудың    жеткіліксіздігі    салдарынан  музыка  мектептері   өзіндік    қаржыландыруға  көшті. Ал  бұл  аз  қамтылған    отбасылардан  шыққан   балаларға   бұл   мектептерде   білім  алуға   мүмкіндіктері болмайды. Орта  және жоғары  кәсіптік білім   беру  салаларда    мемлекеттік   сұраныс   бойынша    оқушылардың   43%-ы   оқитын   71   мекеме  қызмет етеді.

Социологиялық  зерттеулер  көрсеткендей   жалпы   білім  беру   жүйесінің дағдарыстық   жағдайы    мектепте    өткізілетін  орташа жылдар  санына,білім   беру  саласына   және  жас  ұрпақтың    тәрбиесіне  ықпал  етеді. Сонымен  бірге    ол   өзінде   өндірістің   құлдырау   және   бала  жатқан   әлеуметтік   бөлшектер  нәтижесінде  көпшілік  отбасылар өмір  үрудің материалдық   жағдайының   нашарлауын  сезінеді.

Қалада   жетім  және  ата-ананың   қамқорлығының   қалған   қиын   жеткіншектерге   арналған    реабилитациялық орталықтар 16 балалар  үйлері  қызмет  етеді. 2001 жылы  орталық  тұсында – балалар   үйлері   түлектеріне  900орындық  жасөспірімдер   үйі   ашылды. Сонымен  бірге   қаладағы «SOS отбасы  үлгісіндегі  балалар  қалашығында» 193 бала   тұрады.

Қала  тұрғындарына  дәрігерлік және  111 амбулаторлы-дәрігерлік ауруханалар, қала  бөлімдері  медициналық  көмек  көрсетеді. Онда 10,0 мың  дәрігер    мен 12,5  мың   орта  білімі   бар медициналық   қызметкерлер   қызмет етеді.

Қаладағы  қылмыстық   жағдай   қылмыстың  барлық  бағыттарының 1996  жылмен   салыстырғанда 13,1%-ға, ал 1993  жылмен  салыстырғанда-31,3%-ға   келеді. Есірткі  заттарын   тасымалдау  мен   оны қолдану  қылмыстары   да  қысқарды. Тәртіпті  сақтауды  күшейту   мақсатында   1997  жылы   ұйымдасқан   қылмысқа   қарсы   күрес  және   тәртіп   сақтауды  күшейту    бағдарламасы  құрылып,  жүзеге  асырылды.

2.2 Алматы   қаласындағы   әлеуметтік  жұмыс  жүйесі

Әлеуметтік  жұмыс-тұлғаның, отбасының, қоғамның  әлеуметтік және т.б. топтары  мен   өмір  сүруі   мен  іс- әрекеті  процесі   барысында   қоғам   өсмірінің  барлық   салаларындағы    адамдардың   субъективті    рөлдерін  жүзеге   асыру  мақсаты   болып   табылатын   адам   іс-әректтерінің   бір  түрі  ретінде   қарастырылады.

Әлеуметтік  жұмыс   іс-әрекет   түрі   ретінде  барлық  адамдардың, оның  ішінде  әлсіз   қабаттар  мен  топтарды    қорғауға,  көмек   көрсетуге бағытталған.

Ең  маңыздысы, әлеуметтік  жұмыстың   іс-әрекет  түрі    ретінде «әлсіз» әлеуметтік  топтарға  әлеуметтік   қолдау   ғана  емес, сонымен   бірге   барлық   халықтың   әлеуметтік   қорғау   шараларын   жүзеге   асырудағы бағыттылығы.

Әлеуметтік  жұмыс- адам   өмірінің  мәдени, әлеуметтік  және материалдық  жағынан  қамтамасыз  етуге, адамға, отбасына немесе   адамдар    топтарына  жеке  дара   мемлекеттік   және   мемлекеттік  емес көмек  көрсетуге    бағытталған   кәсіби  іс- әрекеттің  бір  түрі.

Алматы  қаласында  да   әлеуметтік   жұмыс   мамандықтар   құрылымында   маңызыды    орын   алады. Егер   бұрын   мамандық    ретінде   дәстүрлі   медицина,  рухани   қызмет   және   құқық  танылса,  кейін    туыс   қызмет  салалары,  оның   ішінде    әлеуметтік  жұмыс  та  әлеуметтік  статусқа  ие   болды.

Кез келген  әрекет, оның   ішінде   әлеуметтік   жұмыстың   да   өзіндік    құрылымы  бар. Оның  әрбір   элементі   қажетті  әрі   органикалық   түрде   байланысып, бір-бірімен   өзара   әрекеттесіп, ерекше   функцияларды   жүзеге   асырды.

Әлеуметтік  жұмыс  біртұтас  жүйені    құрайды. Оның  құрылымы   бірнеше   дербес,  бірақ  бір - біріне    тәуелді   элементтерден   тұрады. Олар - субъект,  мазмұн,  басқару, объект  және  олардың   бір - бірімен   байланыстырушы   құралдар,  қызметтер   және   мақсаттар.

әлеуметтік  жұмыс  объектілеріне   өзгелерден   көмекті   қажет   ететін   адамдар  жатады:

  • қарт адамдар
  • мүгедектер
  • мүгедек балалар
  • ішімдікке салынған  адамдар
  • нашақорлар
  • психикалық аурулармен   ауыратындар
  • жезөкшелер
  • қиын өмірлік  жағдайға  түскен   суицид   жеткіншектер
  • жетім және  ата-анасының  қамқорлығынсыз   қалған   балалар
  • қылмыскер (жазасын өтеу   мекемелеріндегі   және   бостандыққа шыққандар)
  • толық емес   отбасылар
  • жайсыз отбасылар
  • жұмыссыздар
  • босқындар
  • қаңғыбастар

Алматы   қаласы   әлеуметтік   жұмыс  сипаттамасының   толық  емес   әлеуметтік-демографилық   сипаттамасы. Бұл  адамдардың    әрқайсысы   қайталанбас  психикасы, қиын  өмір  жағдайы  бар  жеке, дара  тұлға  ретінде   қарастыру. Бұл  әлеуметтік   қызметкерлерден   әдептілікті,  қайырлымдылықты, жан- жақты  білімді,  шыдамдылық  пен   іскерлікті   қажет  етеді.

Көмекті  қажетсінетіндерге    көмек   көрсету   қызметтерінің   барлығын   әлеуметтік   жұмыс   суъектілері   жүзеге  асырады. Субъектіге   әлеуметтік  жұмысты  жүзеге  асырып,  басқаратын   адамдар  жатады. Бұл   әлеуметтік  саясатты   жүзеге  асырушы   мемлекет, қайырымдылық  қорлар, ұйымдар,  қоғамдастықтар.

Әлеуметтік  жұмыстың   ең  басты  субъектісі - әлеуметтік  қызметкер. Ол  әлеуметтік  жұмыс  саласындағы   маман   иесі,  бұл   әлеуметтік  жұмыс  саласындағы   мамандықтар  тұтастығы. Әлеуметтік  қызметкерлер, әлеуметтік  жұмыс   саласындағы   мамандар - өз  білімдеріі  мен  іскерліктерін индивиттерге, отбасыларға,  топтарға, ұйымдарға,  жалпы   социумға   әлеуметтік  қызмет  көрсетуге  бағыттайтын  мектеп  бітірушілер. Әлеуметтік  қызметкерлер  адамдарға  мәселелерді  шешу   қабілеттерін   көтеруге, адамдар  арасындағы   немесе   адам  мен  оның   ортасындағы   өзара   іс - әрекетті  қамтамасыз  етеді, ұйымдардың   адамдар   үшін   жауапкршіліктерін  арттырады, әлеуметтік  саясатқа  ықтал  етеді.

Әлеуметтік  қызметкер – пайда  болған   әлеуметтік   мәселелермен (нашақорлық, алкоголизм, жезөкшелік, токсикомания, бейәлеуметтік іс - әрекет, әлеуметтік  жетімдік   және т.б.) жұмыс  жасайды.

Әлеуметтік   жұмыс   субъектісі  әлеуметтік   жұмысыты  ұйымдастырумен  (ұйымдастырушылар   немесе   басқарушылар  (менеджерлер)) де,  тікелей    практикалық   әлеуметтік    жұмыспен  де   айналысуы  мүмкін. Оларды  шартты  түрде   практикалық   әлеуметтік қызметкерлер   деп   атауға  болады.

Қаладағы   әлеуметтік  жұмыс  шартты   түрде:

а) әлеуметтік  қызметкерлердің   іс- әрекет   салаларына   қарай

б) клиенттердің   мәселеріне  қарай

в) клиенттердің  категорияларына   қарац  бөлінеді

Әлеуметтік  жұмыс   саласы   мемлекетте   соның  ішінде   Алматы    қаласында   үнемі  кеңеседі.  Әлеуметтік   қызметкерлер   іс - әрекеттері:

  • түрлі мемлекеттік  мекемелерге
  • кәіпорындарға
  • офистерге
  • мектептерге
  • денсаулық сақтау  мекемелеріне
  • отбасы мен   бала   денсаулығы    қорғау   агенттіктерге
  • денелік және  психикалық   денсаулық   мекемелеріне
  • ауруханаларға, госпитальдарға
  • психиатриялық ауруханаларға
  • әскери бөлімшелерге
  • мешіттерге, шіркеулерге
  • түрмелерге
  • комьпнити орталықтарға  таралады

Алматы   қаласындағы   әлеуметтік   жұмыстың   қоршаған   орта   контекстінде келесіндей   формаларын   атауға   болады:

  1. отбасы ішілік қарым- қатынастарды   күшейту
  2. үй айналасындағы қосымша   ресурстарды   шоғырландыру
  3. қолдау жүйелерін дамыту
  4. клиентті басқа жерге  көшіру
  5. адамдар қажеттіліктеріне жергілікті   ұйымдармен  мекемелерді  тарту
  6. клиент құқықтарын қорғау   және т.б.

Объектіні, оны   қоршаған   социумді   талдау   мен  бағалау   негізінде    клиенттердің  қажеттіліктерін   қанағатттандыратын   жағдайлар   жасалады, әлеуметтік  жұмыс  құралдары ,  сәйкес   формалары  мен   әдістері   таңдалады.

Бұнда  адамның   әлеуметтік   ерекшеліктерін,  қажеттіліктерін, қызығушылықтарын   жан- жақты   ескеруге  негізделген   дифференциялық  көзқарас әдісінің   маңызы  зор.  Оның   негізінде   қалада   әлеуметтік   жұмыстың   келесідей   принциптері   жүзеге   асырылады:

- әлеуметтік   жұмыс   ортасына   қажеттіліктерімен,  қызығушылықтарымен, көңіл-күйімен   нақты   тұлға   алынғандағы  тұлғалық  бағыттылық:

- адамдардың   өмір  сүру   жағдайымен  мемлекеттің   әлеуметтік  саясатымен,  қоғамдық, қайырымдылық  ұйымдар  іс- әрекетімен  тығыз

байланыста   әлеуметтік   жұмысты   жүзеге   асыруға  мүмкіндік  беретін  интегративтілік;

- пайда  болған    мәселелерді   шешуде  адамның   өз    мүмкіндіктерін   белсендіруге  бағытталған,   өзіндік   көмек   көрсету    концепсиясын    жүзеге  асыру.

2.3  Балалық шақ пен отбасын   әлеуметтік   қолдау

Отбасында   өсіріп- жетілдіру  мен   тәрбиелеу   үшін   жағдайлар  жасау  мақсатында   ата- анасының   қамқорлығынсыз   қалған   бала Қазақстан  Республикасының  заңдарында   белгіленген   тәртіппен   асырап   алуға   берілуі  мүмкін.

Балалардың   құқықтарын   қорғау   функциясын   бірқатар   мекемелер   жүзеге   асырады.

  • балалар үйлері
  • интернаттар
  • арнайы интернат- үйлер
  • отбасы үлгісіндегі  балалар   ауылдары
  • жасөспірімдер үйлері
  • кәмелетке толмағандарды  уақытша  оқшаулау, бейімдеу  және   оңалту  орталықтары

Балалр  үйлеріне  туғаннан  бастап  үш  жасқа  дейінгі   жетім   балалр   және   ата- анасының    қамқорлығынсыз   қалған  балаларды  қабылдайды. Балаларды   балалр  үйінде  уақытша   күтіп- бағу  үшін  арнаулы  бөлімше  ашылады.

Алматы    қаласы  бойынша қазіргі  кезде   16 балалр  үйі   жұмыс  істейді. Олардың  біразы   мектеп  жасына   дейінгі   сәбилерге   арналса,  біразы  кәмелеттік  жасқа   толмағандар  үшін.

Алматы  қалалық  Білім департаментінің  бас  маманы,қамқорлыққа  алу  кеңесінің  хатшысы,  бас  маман  Тәтімова   Дина  Оспанқызының   айтуынша   балалар  үйінің   қазіргі   жағдайы   көңіл  толарлық. Оларды   қаржыландыруды   өз   міндетіне    алып  отырған  «Алматы  қалалық   балалар  қорының» белсенді  жұмыстары  да  соның  кепілі. Қор  Алматы  әкімінің  бастамасымен  1998  жылдың  24  ақпанында  дүниеге  келді.

Міндеті – балалр  үйлерінің   мектеп- интернаттардың   балаларына, ата- ананың   қмақорлығынсыз   қалған   балаларға   көмек  көрсету.

Балалардың  бойындағы  дарын  мен   қабілетін  дамытуға   ат  салысу.

1992 жылы  құрылған  «Бөбек» қоры  бүгінде   нәтижелі   істерді   жүзеге   асыруда Сара   Алпысқызының  бастамасымен  республикамыздың  барлық    аймақтарында   отбасы   үлгісіндегі   үйлері, жасөспірімдер  үйлері  ашылды.  Жетім  балаларға   жәрдем  көрсетіліп,  денсаулығы  нашар  балалардың тиісті  ем   алуына жағдай  жасайды. Балалардың  жазғы   демалыстарын  ұйымдастырады.

«Бөбек» балалардың  қайырымдылық  қоры  мен  «Алматы   қалалық балалар  қоры» көп  балалы   және   тұрмысы  төмен   отбасылармен, ауған  соғыс   мүгедектерінің  жанұяларына, «қиын» жасөспірімдерге  арналған   қоғамға бейімделу   орталығымен, Жастар үйімен, балалар  үйлерімен, мектеп  интернаттарымен, Үміт  үйімен, Черноболь апатының  зардабын жоюға   қатысқан  ардагерлердің    отбасыларымен  тығыз  байланыста   болып, оларға   материалдық- моральдық  көмек көрсетеді.

Ал  «Бөбек»  қорының   қолдауымен  Қазақстан   Республикасы  президенті   Нұрсұлтан  Назарбаевтың    және    Түркия    президенті   Сулейман   Демирелдің    қатысыумен   Алатау  бөктерінде   1997  жылы  балалардың   сауықтыру- реабилитациялық   орталығы  ашылды. Жаңа  санаторияны  құру   патронажын  «Бөбек»   балалардың  қайырымдылық  қорының  басшысы  Сара   Назарбаева   өз  мойнына   алды.  Онда  жетім, ата – ананың   қамқорлығынсыз   қалған,  көп  балалы  отбасылардан шыққан, әлеуметтік  жағдайы  төмен    балаларға   ақысыз  физио,   механо,  киперо,  дието,  рефлексо,  психотерапиялармен    бірге   Порфирий   Ивановтың   «Детка» жүйесі  жүргізілді.

Жалпы  Алматы   қаласы  бойынша   1500- ден  астам   жетім   бала бар. Олардың   ішіне мектеп  жасына   дейіңгілер   мен   кәмелеттік   жасқа  толмағандар   кіреді.

Алматыда  1994 жылы  Сара  Алпысқызының   қолдауымен  «Үміт»  үйіне  балаларын    асырауға    жарғдайлары  жоқ  адамдар   өткізеді. Мекеменің  мақсаты  - ана  мен бала   арасындағы    қатынасты  үзбей, жағдайы   келмейтін, студент   қыздарға   көмек  көрсету.

Отбасы  үлгісіндегі   балалар  ауылдарына   он  сегз   жасқа   дейінгі   жетім    балалар    және    ата – анасының  қамқорлығынсыз  қалған   балалар  қабылданады.  Балаларды  отбасы  үлгісіндегі   балалар   ауылдарына   қабылдаудың   және   оларды   күтіп – бағу   жағдайының   тәртібі  отбасы  үлгісіндегі   балалар   ауылы    және  жасөспірімдер-үйлері   туралы   Қазақстан  Республикасының   заңдарымен    айқандалады.

Балалар  ауылы (балалар үйі) әкімшілігінің   шешімі   негізінде  балалар  үйлері  мен   балалар  ауылының   жиырма   үш  жасқа  дейінгі  түлектері, он алты   жастан  бастап  балалар ауылы мен  балалар  үйлерінен көшірілген   тәрбиеленушілер  жасөсиірімдер  үйлерінде   әлеуметтік  бейімделуден   өтуі   мүмкін.

Қазақстан  Республикасы  «Отбасы  үлгісіндегі  балалар   ауылдары» және  «SOS Қазақстандағы  балалар  ауылдары » қоры  «SOS  киндерфорд интернешнл  халықаралық   үкіметтік   гуманитарлы   ұйымның   өкілдігі  болып  табылады. Барлық  балалар  үйлері  Халықаралық  SOS Kinderdorf  қоры  тәжірибесі  негізінде» «отбасы  үлесіндегі  балалар ауылдары»  мен   «Жасөспірімдер» үйлеріне  ауысуы  тиіс.

Алматы  қаласында «SOS  Қазақстандағы  балалар  ауылдарында» бүгін 193   бала  тұрады.

Кәмелеттік жасқа  толмағандарды  уақытша   оқшаулау, бейімдеу  және   ақтау  орталықтарына   қадағалаусыз  және  қараусыз   қалған   үш  жастан  бастап  он  сегіз  жасқа  дейінгі    балалар  олардың  ата- аналарын немесе   басқа  заңды өкілдерін    анықтау   үшін   қабылданады.

Түрксіб   ауданында  орналасқан   жасөспірімдерді  уақытша   оқшаулау   және  орталығы  Алматы  қаласы  ішкі  істер   басқармасына  қарайды.Бұл  қала  көшелерінде  қаңғып  жүрген жасөспірімдер мен  балаларды  уақытша  тәрбиелеу  орталығы.

Әзірге  қаламыздағы  осындай  жалғыз  мекеме.  Мұнда   түсетін  балалардың   көбісінің   әке- шешелері   ішімдікке  салынып  кеткен, тұрмыс  жағдайы  төмен  отбасылар  мен  күнкөріс   үшін  елді   мекендерде   қалаға   келгендердің , сырттан  клген  босқындардың   балалары  мен  әке -  шеше соққысына  шыдамай  үйден  қашқан  жасөспірімдер. Орталыққа  түскен   балалардың  бірден  құжаттары  қаралып, қайдан,  кім  екені   анықталғаннан  кейін  45 күн   орталықта  болады. Бұл   уақыт  олармен    тәртіп   қызметкерлері, тәжірибелі тәрбиешілер, писихолгтар мен  бірге  №78 орта  мектептің  ұстаздары  оқу   бағдарламасы  бойынша   дәріс  береді. Қазір  мұнда 58   бала    тәрбиеленіп  жатыр. Оның  15-і қыз  бала соңғы  жарты жыл   ішінде  919  бала  түскен. Олардың   кейбірі   екінші  және  үшінші    рет  түсіп   отырғандар.

Мүгедек – балаларды  әлеуметтік  қорғау  мақсатында   әр тоқсан  сайын  жергілікті   бюджеттен   оларды   үйден  оқыту  мен  тәрбиелеуге 6,5 айлық  есептік  көрсеткіш  көлемінде    жәрдемақы    немесе  үш  ай  сайын 5974  теңге  бөлініп  отыр. Мүмкіндігі    шектеулі  балалар  бар  отбасыларға   көмек  көрсету  жүйелі  түрде  қолға  алынып  отырады.Қазақстан  Республикасының  « Мүмкіндігі    шектеулі  балаларды  әлеуметтік дәріегерлік   түзетулік қолдау  туралы» Заңына  сәйкес   Алматы  қаласы  әкімшілігінің   қаулысымен    мүмкіндігі   шектеулі   балаларға   әлеуметтік   көмек   көрсету   ережесі   бекітілген. Зейнеткерлер  мен   мүгедектерге  әлеуметтік  көмек  көрсететін   екі   аумақтық  орталықта, сондай-ақ   төрт   аудандық   еңбек  және   тұрғындарды  әлеуметтік  көмек  көрсететін   екі   аумақтық орталықта,  сондай-ақ  төрт аудандық  еңбек   және   тұрғындарды   әлеуметтік   қорғау    орталығында   мүмкіндігі   шектеулі  480  балаға   қызмет  көрсететін  50 әлеуметтік  қызметкер  жұмыс істейтін  алты   бөлімше   іске  қосылған. 2004 жылы әлеуметтік көмек   түрімен  800-ге   жуық  баланы  қамтитын  қосымша   төрт   бөлімше   тағы  ашылмақ.

Мүгедек  балаларды  әлеуметтік   тұрғыдан   зертттеу   және  олардың   тізімін   туралау  жұмыстары    жүргізіліп,  қалада   тұратын  2223  баланың әлеуметтік  карталары   толтырылады. Бұдан  бөлек,зерттеу  барысында   тұрмыстық   жағдайын  түзетуге   мұқтаж,медициналық  сауықтыру  мен  әлеуметтік   қолдауды  қажетсінетін  отбасылар анықталды.

Жасөспірімдер  үйлері, оларды 21  жасқа    дейін  ересектер   өміріне   бейімдейді. Яғни,  тамақ  дайындауды,  кір  жууды,  өзін-өзі   күте   алуды үйренеді. Сөйтіп, олар  жұмыс   тауып,  өз  шаңырағын  көтергенше  мемлекеттің,  қайырымды  жандардың  ыстық  алақанын   сезінумен   болады. Әлемде  1 миллиардтай   бала тоя   тамақ   ішпесе, білім  алмай, соғыстар мен  қақтығыстардың  құрбаны  болып   жатқан   заманда   мұндай    істерді   екінің   бірі   атқара   алмаса  керек.

Алматы   қаласы  әкімі   жанындағы  отбасы   және  әйелдер   істері  жөніндегі   комиссия   өз  қызметін  Қазақстан  Республикасының  Н.Островский   атындағы   көздері  көрмейтін    және   нашар   көретін  балалардың  №4  мектеп-интернатының  арнайы  бас сұғып, мектеп-интернаттарың   директоры  Қадырбек  Нышанұлы  Нышановпен   ой   бөліскен  едік.

Қаламыздағы  №4  мекиеп-интернатының  басқа  білім   ошақтарынан  ерекшелігі- онда  мынау жарық  дүниеге    мәңгілік  ғашық  балалар  білім  алады.

  • Қадырбек Нышанұлы, мектеп-интернат  жаңа  оқу  жылын  қалай  бастады ?
  • Интернат 190  балаға  арналып  салынса да, қазір  мұнда  220 бала  тұрып  жатыр.Олардың  тең  жартысының   көздері  мүлдем   көрмейді. Қалғандарының   көздерінде  кемістігі  бар. Интернатта  қазақ  сыныбының  ашылғанына  биыл  екі  жылға  аяқ  басып отыр. Мұнда  оқу  мерзімі  12 жыл. Өйткені,  олар алғашқы    1-2 жылда  саусақпен  сезінуді   үйренеді. Мектептегі   29  сыныптың   14-інде   суқараңғылар  оқиды. Оқушылардың  басым  бөлігі   арнаулы    балалбақшадан  келгендер. Мәселен, биыл  1-сыныпқа   18  бала  қабылданды.
  • Ұстаз ретінде   балалардың  қабілетін  қалай  бағалайсыз?
  • Тіпті, осы интернат  үйіне   бас   сұқпай-ақ , сыртынан  мүсіркеп   өтіп  жататын   жандар   баршылық. Десекте,  мұндағылар  «жанарым  су  болды, жігерім  құм болды» деп  отырған  жоқ. Шетінен  білімді, өнерлі,  сауатты. Табиғат  шіркін  бұл  жағынан  жомарттық  танытқан. Талай  жыл  білім  саласында   еңбек  ете жүріп, мұндай  білімпаз  балаларды  көрмепппін. Бір  сәт  қолын  қойып бос  отыру  дегенді  білмейді. Уақыттары   шектеулі, сағаттары  санаулы. Тек  білгеннің  үстіне  білсем  деп   жанталасып   жатқандары...
  • Ұстаз-тәрбиешілер құрамы  қандай?  
  • Мектеп- интернатта 140 ұстаз-тәрбиеші еңбек  етсе, олардың  арасында  тифло-педагогтар да  баршылық. Яғни,  көздері  мүлдем  көрмейтін  балаларға  саусақпен  оқуды, иіс  сезуді,  таяқ сұтауды, көліктен  түсуді, дыбысты, аяқ  дыбысын  сезінуді  үйретеді. Мұндағы  балалармен  жұмыс  істеу  оңай  емес. Ең  алдымен   оларға    жүрегінің    тазалығы   керек. Өтірік  екенін  сезсе  ешқашан  кешірмейді.
  • Арнаулы интернат  ьолған  соң, өзіне  тән  қиыншылықтары  да  бар  болар...
  • Мәселен, тұрмысқа  қажетті  бұйымдардың  бәрі   болғанымен, оқулықтар  жағынан   таршылық көретініміз  рас. Себебі, мұнда  брайльдік  жүйе  бойынша    жазылатын  ғана  оқулықтар  керек. Бір  тарихтың  озі  төрт  томға  тең. Өйткені, оқулықтар  нүктемен  жазылады. Бір оқулықтың  бағасы- 7000  теңге  тұрады. Барлық  шығынды  қалалаық  бюджет көтеріп  отыр. Бұл жағынан   қала  әкімі жақсылығын  аяған  емес. Бізге, ең  алдымен, тұрақты  дәрігер  қажет.
  • Мұндағы балалардың  барлығы   өнерлі  екен. Бос  уақыттары  жоқ  сияқты...
  • Дарынды балалар   екенінде  сөз  жоқ. Уақыттарын  ізденуге, өнер-білімге бағыштайды. Өйткені, аяқ   астынан  ауыра  қалса, бағдарламадан  қалып  қоямын  деп  уайымдайды.
  • Мектеп-интернатты бітірушілердің барлығы   дерлік қалған оқу  орындарына  түсе  ала ма?
  • Иә, осылай  айтуыма  толық  негіз  бар. Биылғы  бітірген  9  түлегіміздің   де  жолы   болды. Олар  бүгін  де ҚазҰТУ-дың, Абылайхан  атындағы  Әлем  тілдері   және  халықаралық қатынастар  институтының , Абай  атындағы  педагогика  университетінің  студенттері  атанып  отыр. Жоғары  оқу  орыны  демекші, биылғы  құжат  қабылдау  кезінде үш  түлегіміз белгілі  бір  оқу  ордасына   құжат   тапсырып, бағын  сынамақшы  еді. Бірақ,  таулары  шағылып, жасып  қайтты.Шағылмай ше? Олардың  ішкі   дүниесіне   үңілмей  жатып, «Өнер  адамдары  сендер  сияқты  емес, әдемі  болу  керек,  сендердің  бір  көздерің  маңыраққа, бір  көздерің  шаңыраққа  қарап  тұр. Қабылдай  алмаймыз  жолдарың  әне!»депті. Өмірден  түңіліп, қатты  қорланып  жылап  келгенде, қалай  жұбатарымды  білмедім. Олардың  ішкі  жан  дүниесіне  үңілмей, үстірт  айтылған  әлгі  ауыр   сөздерден  әлі  айыға  алмай   жүрген    жайым  бар. Тағдырдың  қатал    «сыйына» балалардың  кінәсі  не?

Президент  Нұрсултан   Әбішұлы  Назарбаевтың  2004 жылғы  7-қыркүйекте   өткен   Қазақстан  әйелдерінің  4-форумында   міндеттеген   тапсырмаларына, ҚР  Премьер-министрінің  2004 жылғы   13-17   желтоқсанда  бекіткен  үкіміне    сәйкес    үйлестірілуде.

Ел  басының   халыққа  жолдауында   2006  жылдан   бастап аз   қамтылған   отбасыларына   18  жасқа  дейінгі  балалрына   ай  сайынғы  жәрдемақылар  төленеді, 4 және  одан  көп  бірге  тұратын  кәмелетке   толмаған   балалары   бар  көп   балалы   аналарға, «Алтын  алқа», «Күміс  алқа»  немесе  I  және  II  дәрежелі  «Ана  даңқы»  белгілерімен   марапатталған  аналарға  арнаулы  мемлекеттік  жәрдемақылардың   мөлшері 4000  теңгеге   дейін   көбейтіледі.

2006 жылдан   бастап   асыраушысынан   айырылған  247  мың  отбасына  300-ден  1000 теңгеге  дейінгі   санада   қосымша   қолдау   көрсетіледі.

Алматы   қаласы   Әкімі   жанынан    құрылған   отбасы   және  әйелдер  істері  жөніндегі  комиссия  да   қала  әйелдерінің   жағдайын  жақсарту, қоғамдағы  белсенділіктерін    арттыру   және  отбасына   қатысты  мәселелерге  негізделген  көптеген   жобаларды   жүзеге   асыру  үшін «Алматы  қаласының  әйелдер  кеңесі» қоғамдық  бірлестігін құрған  болатын. Оның   құрамына  100-ден астам  үкіметтік   емес  ұйымдар    кірді. Олардың  ішіне   ерлердіңң  тарапынан    зорлық-зомбылық    көрген   әйелдерге   арналған  «Қамқорлық»,  «Подруги» дағдарыс   орталықтары  кіреді. Бұл   орталықтарда     сенім    телефондары  үзіліссіз   жұмыс  істейді. Өткен   жылы 1750 әйел  телефон   шалып, бастарынан  кешіп  отырған    жағдайларын  айтып,  көмек сұраған. Оларға   заңгерлер   мен   психолгтар   тарапынан   көмек  көрсетілді.

Сондай-ақ  «Родник» деп  аталатын   аналар  мен   балаларды   әлеуметтік   психологиялық     бейімдеу   орталығында   орнатылған  сенім   телефондарына  бір  айдың  ішінде   ғана  орта  есеппен  300-ден   астам   қоңырау   шалынады  екен.   «Подуги » дағдарыс  орталығын  өткен  жылы отбасының  кикілжіңінен және  ерлер тарапынан  зорлық-зомбылық  көрген  18  әйел  және   үлкендер  тарапынан   зорлық  көрген  25-27   бала  паналаған. Әйелдер мен балалардың   зорлық-зомбылық   көруі    барлық,  мемелекеттерге  тән  көрініс. Сондықтан да  болар,  дүниежүзінің  барлық  елдерінде  бөлімшелері  бар. Халыөаралық миграция    ұйымы  Қазақстанда  тіркеліп,  әйелдер мен балалардың  зорлық-зомбылығына  қарсы   жүргізілетін   шараларды  қаржыландыруда. «Қамқорлық» дағдарыс  орталығы  2004   жылдың  сәуір   айынан    бастап, осы  ұйым  тарапынан  қаржыландырғандықтан    қиянат  шеккен 35 әйелге, 5 ер  адамға, 10 балаға  көмек    көрсетеді. Осы   аталған    мәселелердің   барлығы  Қазақстан   Республикасында   әйелдердің  жағдайын  жақсарту   бойынша   қарастырылған    ұлттық   бағдарламаға, гендерлік  саясат  тұжырымдамасына   сәйкес  атқарылуда.

Алматыдағы  әйелдер   ұйымдарының  ең    белсендісі   үш  жыл   бұрын   құрылған  «Мөлдір »  әйелдер   ассоциясы.

Бұл  ұйым қаланың  Әуезов  ауданында  өткізілетін  игілікті    шаралардың  негізгі  ұйытқысы. «Мөлдір » ассоциясы   жалғызбасты  аналарға,  көп  балалаы   аналарға   қайырымдылық   шараларын  көрсетіп  қана  қоймай,  әйелдердің  жұмыспен  қамтылуына да   мүмкіндіктерінше  үлес  қосуда.  Мұндай    ұйымдардың   қатарында   көп  балалы   аналардың  «Ғибрат» қоғамдық    бірлестігі   «Дана» отбасын   әлеуметтік   қорғау    орталығы  сияқты   беделді   ұйымдарда  бар.

Комиссия   жұмысы   секциялар   арқылы   үйлестірілген  мәселен,           «Ана  мен  бала  денсаулығы» секциясын  басқаратын Т. Жүсіпәлиева   қалалық   Адам   репродукциясы   орталығында  студент   қыздар,  жасөспірім қыздар, жаңадан  тұрмыс  құрған  әйелдерге   кеңес  беру  ісін  ұйымдастырады.

«Экономика. Орта  және  шағын  бизнес»- секциясы   қаланың   әлеуметтік-экономикалық   ахуалын    сараптаумен  қатар, әйелдердің  кәсіпкерлік   ісіне   көптеп   тартылуы    қарастырылғандықтан   секция  «Бизнес  инкубатордың» дамуына  ықпал  етті.

Қала  әкімшілігінің  «Жұмыссыздық пен  кедейшілікті    жоюға   бағытталған   бағдарлама» бойынша    қыруар  істер  атқарылды. Мәселен, өткен  жылы  қалада 11785 жұмыс  орынының   ашылуы    арқасында   жұмысқа   орналасқан  9,7  мың  адамның   6,3 мыңын  әйелдер   құраған. Оның  0,2  мыңы   жалғызбасты   және    көп  балалы   аналар. Қытай   елінен   Фарида   Мірхамиттқызы  ұлттық   киімдер  тігетін  «Ерке-Нұр» фирмасын  ашып, 100-ден   астам   әйелді    жұмыспен   қамтамасыз    етіп   отыр.

«Еласқан» туристік    фирма    өз  ісін    жүргізумен  қатар,  басқалардың   да   істі   болуын  қамтамасыз    еткен. Бәрінің    атын  айтып шығу  мүмкін  емес. Себебі, бүгін  де    демократия     бағытындағы  көп  ұлтты   мемлекетіміздің   турғындары   түр-түсі, тілі,  салт- дәстүрінің  сан   алуандығына   қарамастан, ынтымақтан  ғана  тұратын   Қазақстан  деген бір  ғана  отбасын  құрап  отыр. Ал  осы   үлкен   отбасының   биік  шаңырағын  ұстап  тұрған    жүз     мыңдаған   уық  пен  керегелер   сіздің   және   баршамыздың  өз  отбасымыз. Сондықтан  да   отбасының   нығаюынан  қоғамда,  әр   отбасының  иесі  ер  азамат   та, ұйытқысы  мен  тұтқасы- әйел  аналар да сырт  қалуға  тиіс  емес.

2.4   Қоғамның  «әлсіз» топтарын  әлеуметтік   қорғау

Қазақстанның  2030  жылға  дейінгі   дамудың    стратегиялық   жоспарларына    сәйкес  мемлкетіміздің   негізгі   басым   міндеттерінің   бірі   кедейшілікпен   және  жұмыссыздықпен   күрес  болып   табылады. Осы  байланыс   тұрғындарды    әлеуметтік қорғау  шараларын   жүзеге   асыру   аясындағы    мәселелер  бүгін  аса  өзекті  және Қазаөстан   Республикас   Президентінің   халыққа   арналған «Бәсекеге  қабілетті  Қазақстан  үшін, бәсекеге  қабілетті   экономика  үшін,  бәсекеге   қабілетті  халық   үшін» жолдауының    негізгі   ережелеріне  және   ҚР   Үкіметі   бекіткен  «Қазақстан  Республикасындағы  әлеуметтік   реформаларды   одан   әрі    тереңдету» бағдарламасына  сәйкес   жүзеге    асырылады.

Ел басы Н.Ә. Назарбаевтың   2005 жылдың    ақпанындағы  Қазақстан  халқына  жолдауында   қоғамның    ең   әлсіз   қорғалған   мүшелерінің   балалардың, олардың  аналарының   және  аға  ұрпақтарының  өмірін  лайықты   қамтамасыз   ету   делінген.

Биылғы  1 шілдеден  бастап  барлық    зейнеткерлерге,  еңбек  өтіліне,  жалақысыман  тағайындалған   зейнетақысының    мөлшеріне   қарамастан, 3000 теңге   мөлшерінде  қосымша    зейнетақылық  төлем   жасалатын  болды. Осылайша, ең  төменгі   зейнетақының  мөлшері  негізгі  зейнетақылық   төлеммен   бірге  9200 теңгені  құрайтын,  ал   зейнетақының  орташа    мөлшері  12000  теңгеден    асатын  болады.

2006 жылдан  бастап   мүгедектердің    барлық   топтарына  және  жасына    байланысты   жәрдемақы   алушыларға, мемлекеттік   арнаулы  жәрдемақы  алушыларға    мемлекеттік    әлеуметтік    жәрдемақыларды  қосымша   1000  теңгеге   арттырылады.

1 шілдеден   бастап  ең  төменгі   жалақы  мөлшері  9200 теңгеге  дейін  өсіріледі. Мемлекеттік   қызметкерлердің    жалақысы  1  шілдеден   орта  есеппен 32  пайызға, ал   2007  жылдан  бастап,  тағы да   30 пайызға   көтеріледі.

Осы  орайда   әлеуметтік  қорғаудың   негізгі   бағыттарындағы   басымдықтардың  бірі- қала  халқының    әл-ахуалын     қамсыздандыратын   әлеуметтік  бағыттылықты  күшейту  болып табылады.  Әрине, бұл   мәселелерді   Департамент    қала   қызметтерімен,  аудан   әкімшіліктерімен   өзара    тығыз  байланыста  шешіп   отырады. Тұрғындарды әлеуметтік  қорғауды  жетілдіру   мәселелері  бойынша   халықтың  түрлі  топтарының,ардагерлер  ұйымдарының,  саяси  партиялардың   және  басқа  да   қоғамдық   ұйымдар   мен  еңбек   ұжымдарының  өкілдерімен  кездесулер,  семинар- кеңестер, баспасөз өткізіліп   тұрады.

Алматы  қаласында   әлеуметтік    қорғау    жұмыстары (2003-2005) Алматы  қаласында кедейшілікті  төмендету   жөніндегі   бағдарламасы, тұрғындарды   әлеуметтік   қорғау   бойынша   қала   әкімінің    іс-  қимыл жоспары, халықты   жұмыспен  қамту бағдарламасы, 2003-2005 жылдары  Алматы   қаласындағы    мүгедектерді   сауықтырудың  кешенді, мақсатты  бағдарламасы   негізінде   жүзеге   асырылады. Бұл   бағдарламалардың  барлығы   қалалық   Мәслихатпен, қала  әкімімен   бекітіледі  және   көп  бөлігі    қалалық  бюджет   есебінен  қаржыландырылады.

Министрлік зейнетақымен қамсыздандыру   жүйесін   жетілдіру   жөніндегі   жұмысты  атқаруда.

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің «Зейнетақы  төлеу  жөніндегі  мемлекеттік  орталықтан төленетін   зейнетақы  төлемдері  мөлшерлерін   2004  жылдың   1  қаңтарынан  бастап   арттыру  туралы»   2003   жылғы

29  желтоқсандағы № 1337 қаулыға  сәйкес, барлық   зейнетақы   алушылардың   зейнетақы   төлемдері  орташа    жылдық    тұтыну   бағаларының  индексіне ,  яғни  алынатын   зейнетақы    мөлшерінің  5,4 пайызға   арттырылды.

Үстіміздегі  жылдың  1  наурызына 6,3 млн.  адам  жинақтаушы  зейнетақы   жүйесінің (белсенді  және   енжар) қатысушысы   болды. Жинақтаушы  зейнетақы   жүйесін  дамыту  бөлігінде  нормативтік,  құқықтық  және   әдістемелік    базалар  жетілдірілуде.

Мүгедектердің   оңалтылуына   және   олардың  қоғам  өміріне   кіруіне   қолдау  жасау  2002 -2005 жылдарға  арналған   Мүгедектерді   оңалту   бағдарламасы   аясында   жүзеге  асырылуда. Қазіргі  уақытта республикада  409  мыңнан  астам   барлық   санаттардағы    мүгедек  өмір   сүріп  келеді.

2004 жылдың  1  тоқсаны  бойынша   алғаш  рет    мүгедек   болып  танылған   азаматтардың  саны 10723  адам, олардың    ішіндегі  1603 адам -16  жасқа  дейінгі  «мүгедек   бала» санатына   жататын  балалар. Өткен  жылдың  осындай   кезеңімен   салыстырғанда   мүгедек  болып  танылған азаматтардың   саны 18  кісіге  азайған.

Аурудың  нозологиялық    түрлері   бойынша   алғашқы   мүгедектіктің   құрылымында  ересек  халықтың   арасында  бірінші    орынды   алып отырған  аурулар - қан  айналымы  жүйелерінің   сырқаттар,  екінші   орында- қатерлі  ісіктер, үшінші  орында-  түрлі  жарақаттар.

Қайта  куәландірілген  38394  мүгедек   ішінен   толығымен  1764  адам  немесе 4,6 %  оңалтылды.

Қазақстан  Республикасының  Парламентінде  «Қазақстан  Республикасында  мүгедектерді  қорғау  туралы » Заңның  жобасы  қаралды.

Мемлекетті   тапсырысты  орындау   аясында   жыл  сайын   республикалық    бюджеттен  мүгедектер   мен  ардагерлерді   сауықтыруға, протездеу- ортопедиялық   көмек  көрсетуге, сондай-ақ  мүгедектерді  сурдо- тифлотехникалық   құралдармен  қамсыздандыруға   қаражат  бөлініп  отырады.

Қарттар   мен   мүгедектерге   арналған  жалпы  үлгідегі  интернат  үйлері

  1. Жалпы ережелер
  2. Қарттар мен мүгедектерге арналған  жалпы   үлгідегі интернат  үйлер пансионат (бұдан әрі- интернат  үйі) күтім  жасауды, тұрмыстық  және медициналық  қызмет  көрсетуді, әлеуметтік   еңбек   арқылы бейімдейтін  қарттар  мен  мүгедектердің     тұрақты   тұратын   жеріне   айналған   дәрігерлік-әлеуметтік    мекеме   болып  саналады.
  3. Интернат үйінің міндеттері мен   қызметтері.
  4. Интернат үйінің басты міндеттері:

- қарттар мен  мүгедектерді   материалдық- тұрмыстық   жағынан  қамтамасыз  ету, олар  үшін   үйдегі   жағдайға    жақындау   келетін ыңғайлы    тұрмыс  жағдай  жасау;

- сонда  тұратындарға   күтім   жасауды  ұйымдастыру,  оларға   медициналық  көме  көрсету   және   мәдени- бұқаралық  жұмыстар  жүргізу;

- мүгедектерді   әлеуметтік-тұрмыстық  және еңбек   арқылы   оңалтуға   бағытталған   шараларды  жүзеге   асыру.

Директор    интернат  үйінің   қамқорындағыларды, белсенді қатысушыларды  арнайы   қаражат (еңбекпен  емдеу  шебер  шаруашылық) есебінен   мадақтауға   құқылы.

  1. Интернат үйінің әкімшілігі:

- үлгілі  ережелерге   сәйкес  қарттар мен   мүгедектерге  тәртіп  ережесін  белгілейді;

- тұрғын  үй мен  мекемелерді   бөледі;

-  интернат  үйінде  тұратындарға  мәдени – тұрмыстық   және  қамқорлық  жасаушы  кеңестің  қатысуымен   тұрмыстық  және   медициналық  көмек  көрсетуді   ұйымдастырады.

  1. Интернат үйінің жұмысын   тексеру, қаржы-шарушылық   реквизициялау  белгіленген   тәртіпте   жүргізіледі, реттен  аспауға   тиіс.

Бұл   орайда  өткен   жылдың   өн  бойында  2003-2005 жылдарда  кедейлікті  азайту   жөніндегі   бағдарлама   шеңберінде   оңтүстік    астанамызда 13,4 мың   жұмыс  орны   құрылып, бұлардың  98,0 пайызы  тұрақты  жұмыс   орындары  болған.

Қалада «2004 жылы  жұмыссыздарды   қоғамдық    жұмыстарға   бағыттау   туралы» әкімшілік   қаулысы  жұмыс  істейді.  «2005 жылы  жұмыссыздарды   қоғамдық  жұмыстарға    жіберу  туралы »қаулысына  сәйкес   өткен   жылы   қоғамдық   жұмыстарға  6100 жұмыссызды  тарту  жоспарланған  болатын. Олардың   еңбекақылары   айына    төменгі   еңбекақының 1,5  есебінде  жасалып, осы    мақсатқа  қалалық  бюджеттен  88 млн. жуық  теңге  бөлінді. Осыған  орай   жұмыссыздар   аймақты экологиялық   сауықтыру, көкалдандыру, көріктендіру, жолдарды салушы   жөндеу   жұмыстарына   қатысып,аумақты  тазарту   мен   аймақты қоғамдық   компанияларды     ұйымдастыруда    тұрғын    үй   коммуналдық- шаруашылық   ұйымдарына   көмек  көрсетті  және  қарт  адамдарға, мүгедектер  мен балаларға  әлеуметтік    қызметтер   көрсетуге тартылды. Соған  байланысты, яғни, ақысы  төленетін   қоғамдық   жұмыстарды  жүргізу  үшін  «Желекқұрылыс» АҚ-ның,  ПИК –рдің, аудандық  коммуналдық  шарушылық   бөлімдерінің   кәсіпорындарымен, сондай-ақ  «СПИД-тің  алдын-алу   және   жұмыстары   жөніндегі» орталығымен,  «Мөлдір»әйелдер   ассоциациясымен, кәусар    медициналық   орталығымен,   мүгедектер  қоғамымен,  балалар  шығармашылығы  үйлерімен, аула   клубтарымен  және  тағы  басқалармен келісімдер  жасалды. Сөйтіп, өткен    жылы   қоғамдық  жұмыстарға 10313   жұмыссыз  тартылды.  Олардың  ішінде   7440 адам (72  пайыз) қала  аумағын  көкалдандыру   мен  тазарту   жұмыстарын  да істеді. Ал, бұл   қоғамдық   жұмыстарға    қатысқан     жұмыссыздарға  төленген  еңбекақы мөлшері   орташа  есеппен  8684   теңгені   құрады.

Мемлекеттік    сатып  алу    департаменті    өткізген   екі  байқау   нәтижесі    бойынша    еңбек    рыногында   көп  сұранысқа ие   35  кәсіп  бойынша  жұмыссыздарды  оқыту үшін 10 оқу   орнымен  келісімдер   жасалды. Нәтижесінде, 2004 жылы  кәсіптік   оқытуға  2300  жұмыссыз  жіберілді.

Халықты  жұмыспен  қамту  туралы  заңның   бос  орындар  ұсыну, жұмысқа  орналастыру, жұмыссыздардың  қоғамдық   жұмыстары  мен   кәсіптік   оқуларын  ұйымдастыру,  әлеуметтік  әріптестік  институтын  дамыту  бөлігі  бойынша    жұмыстарды    белсенді жүргізу    мақсатында   жұмыс   берушілермен (ұйымдар  жетекшілерімен, кадр  бөлімдерінің   бастықтарымен, заңгерлермен)  қаланың  6  ауданында    семинар-тренинг, дөңгелек  үстелдер   өткізілді.

Қабылдау-орналастыру    орнына  уақытша  болса да тұратын   мекен-жайға «жолдама   алатын» қаңғыбастар  негізінен тұрақты  орны   жоқ  адамдарға  арналған  Алматы   қаласының   әлеуметтік   беімдеу  орталығы  мемлекеттік   мекемесіне  жіберілді.

Алматыдағы  жалғыз  қаңғыбастарды  қоныстандыратын бұл  орталық  2000  жылдың  қараша  айында  құрылып, 2001  жылдан  бастап  жұмыс  істейді. Қазір  101 бомж  тұрып  жатыр. Қаңғыбастарға  қоныс  беру   мерзімі  3 ай. Жұмысқа  салынатын   15  еріктілер  бар. Олар  мүгедектер  мен   шаруашылыққа  көмек  көрсетеді. Келген  әйелдердің   2/3-сі мүгедектер.

Қазақстан  республикасының  «Мемлекеттік  атаулы   көмек » туралы  Заңына  сәйкес   мұқтаж  азаматтарға, яғни табысы, өмір   сүру   көрсеткіші   төмен  отбасыларға   атаулы   әлеуметтік көмек  көрсетіліп  келеді.

Ағымдағы  жылдың  1-шілдесіне  дейінгі   уақыт    аралығындағы   атаулы   әлеуметтік   көмек  сұраған  2781  отбасы  немесе  8709  адамға   74 млн. теңге     көлемінде   атаулы    терінде  қаржы   бөлінді. Атаулы  көмекке ие  болғандардың  48,5  пайызы   балалар, 35,3 пайызы   жұмысысздар,  12,8  пайызы   балалар    күтімімен   айналысушылар, студенттер  мен   мүгедектер. Аудан  орталығындағы   ұзақ    уақыт   бойы   тіркеуде  тұрып   келген   жұмыссыз    азаматтарға    атаулы   әлеуметтік   көмек  жұмысқа    орналасуға   көмектесу,  ақы   төленетін   жұмыстарға  тарту,  кәсіби  оқулар  курсына  бағыттау   секілді  белсенді   шараларды   қолданған   соң   белгіленді.

Алматы   қаласы  бойынша   115,8  мың  зейнеткер   жарты  айлық  есептеу  көрсеткіш  көлемінде     арнайы   қалалық   жәрдемақы     алды.

Аудан  орталықтарында  жұмысы   төмен   зейнеткерлер   мен  Ұлы  Отан  соғысы    ардагерлерінің  жыл  сайын   жаңарып   отыратын   дерекқорын  құруға    негізделген     жұмыстар   жүргізілуде.

Қорытынды

Алматы  кез-келген   қала   сияқты    толық  қоғамдық  құрылымдар   жүзеге  асырылатын   нақты   тарихи   жағдайларда  қоғам   құрылымының   барлық  элементтері  мен   қатынастары   өндірістік  күштер, технологиялық  ұйымдасқан, басқару,  мәдениет   және  т.б. белгіленетін   әлеуметтік  организмнің  ұяшығы,  нақты    тарихи    қоғамның   құрамды бөлшегі  ретінде   қарастырылады.

Қаланың  әлеуметтік  бейнесімен  танысу   бұл  мәселені    зерттеудің   қалыптасуы  мен   дамуы   жөнінде  неғұрлым  толық   түсініп қалыптасуға  және  Қазақстандық   әлеуметтік   жұмыс   жүйесін  зерттеуге  қажет ететінін   іріктеп   алуға    мүмкіндік   тұғызады.

Бүгінгі   қазақстандық, сонымен   бірге  Алматы  қаласының   әлеуметтік жұмыс жүйесін    қалыптастыратын   әлеуметтк  күштерді  есепке  алу   әлеуметтік  жұмыс    жүйесінің    қалалық  өмірдің  жазықтығына   ықпал   етуін  байқауға    мүмкіндік   береді.

Қала тұрғындарына    жағдай   жасау   үшін  қала   дамуының   заңдылықтарын, оның   ішінде  тұрғындарының   әлеуметтік   және  демогрфиялық   мінездемелер    эволюцияларының   тенденцияларын   жеткілікті  түрде   білу  қажет

Бұдан  әлеуметтік  жұмыс  жүйесінің   орталығы  ретінде   қалада  мақсаттар  шешілу   қажет:

  1. әлеуметтік жұмыс клиенттерін   есепке   алу  және    әлеуметтік  көмек көрсету  мониторингіні  жетілдіру. Ал бұл   оның  мекен-жайлығын  күшейтіп, әлеуметтік   жұмыс   нәтижелерін   көтереді.
  2. аз қамтылған отбасыларға  тұрмыстық   көмек  көрсету   механизмдерімен   жетілдіру;
  3. аз қамтылған зейнеткерлерге   және   халықтың   басқа   да   қабаттарына   арнайы    қалалық  жәрдемақының  бір  рет  материалды    көмектің   төленіуін, қалалық   қоғамдық  көмектерде   ақысыз   жол  кірені    жалғастыру;
  4. қарт адамдардың демалуы   мен  емделуіне   мүмкіндіктерді   орындықтармен, суды   қолданудың жее  құралдарын орнатудың  қосымша  құралдарын  иемденудің    қосымша   жолдарын  іздестіру;
  5. әлеуметтік мекемелер жүйесін дамыту;
  6. Кәіпорындарды, ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктер  мен  қайырымдылық  қорларды  тарту   арқылы   қайырымдылық шаралар  жүйесін   дамыту.

Похожие материалы