Ақтау порты |
Тарихи анықтама
Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан және Қазақстан Республикасының әр түрлі құрғақ жүктер мен мұнай және мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдауға арналған бірегей теңіз порты болып табылады.
Жаңа шеткі өнеркәсіп орталықтарының құрылуы, ұлттық шеткі аймақтардың экономикасы мен мәдениетін көтеру, сонымен қатар бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің қоғаныс қабілетін нығайту мүдделері тиісті көлікпен қамтамасыз етуді, соның ішінде теңіз қатынасын қалыптастыруды талап етті.
Маңғышлақ аймағындағы уран өнеркәсібі мен мұнай кен орындарының өнімдерін тасымалдау үшін 1963 жылы Ақтау порты салынды.
Порт БН-350 атом электр стансасын, химия салсының зауыттары мен тікелей Ақтау қаласының өзінің құрылысын салуда маңызды роль атқарды.
Портты құру бас және қосалқы толқын тосқыларды және сонымен бір мезгілде төрт құрғақ жүк айлақтарын салудан басталды. 1969-1986 жылдары төрт мұнай құю айлақтары мен паром кешені салынды. КСРО-да Ақтау порты арқылы тасымалдардың көп бөлігі мұнай (80-жылдардың басында жылына 7 млн. тоннаға дейін) болатын, құрғақ жүк тасымалдау жылына 300 мың тоннаға жетті. Кеңестер Одағының тарауына байланысты тасымалдар с көлемі барынша қысқарды. 1995 жылы қазақстан металын қарқынды экспорттауға және «Теңізшевройл» (ТШО) бірлескен кәсіпорны өндіретін мұнайды теңіз арқылы тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты тасымалдау көлемі өсе бастады.
«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы үкіметінің 26.03.1996 жылғы №356 «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» акционерлік қоғамының мәселелері» Қаулысына және 23.04.1997 жылғы №644 «Ақтау теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес акционерлік қоғамның негізінде құрылды. Порт ҚР Үкіметінің 25.06.1996 жылғы №790 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізімдемесі туралы» (шаруашылық жүргізу құқығындағы) Қаулысының негізінде Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізімдемесіне енгізілген. «АХТСП»РМК ҚР Әділет Министрлігі Маңғыстау әділет басқармасында 11.10.1996 жылы тіркелген, куәлігі №513-1943-ГП.
Ақтау теңіз портын қайта жаңғырту. 1999 жыл порт өмірінде бетбұрысты және айрықша мәнді жыл болды. Қуаттарды жаңарту жобалары жүзеге асырылды. Порт инфрақұрылымы мен басқару құрылымдары жақсартылды. Қазақстан Үкіметі Еуропалық Қайта құру және Дамыту Банкімен (ЕҚҚжДБ) бірлесіп бөлінген несиеге 1997-1999 жылдары портты түбегейлі дамыту және қайта құру бағдарламасын жүзеге асырды (74 млн. АҚШ доллары).
1999 жылы портты қайта құрудың бірінші кезеңі аяқталды. П Ақтау портын қайта құрудың аяқталу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты. Қайта құрудан кейін порттың тиеу-түсіру кешенінің құрғақ жүктерге қызмет көрсету мүмкіндіктері мұнайды ауыстырып тиеудің жылына 8,0 млн. тонна қазіргі мүмкіндіктерін сақтау отырып, жылына 1,55 млн. тоннаға дейін жеткізілді. Қайта құрудан кейін Ақтау порты дүниежүзінің көптеген елдеріндегі порттардағыдай көпмақсатты терминалға айналды, оның жұмысы бір минутқа да тоқтамайды.
Қайта құрудың жобасы өндірістік мүмкіндіктерді жақсартумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге порт қызметкерлерінің біліктілігін көтеру, жаңа технологиялар, маркетинг жүйесі, іс жүргізу, менеджментті іске қосуды да қарастырады. Басқару жүйесін автоматтандыру, жүк айналымын жаңаша статистикасын жүргізу, есептерді автоматтандыру, құжаттарды ресімдеу, клиенттерге қызмет көрсету процедураларын жеңілдету жөнінде жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Соңғы 3 жылда құрылған қазіргі заманғы порт инфрақұрылымы Қазақстан Республикасы үшін Каспий теңізінің барлық елдері арасында порт қызметтерінің сапасы, әртүрлілігі және қол жетерлігі бойынша көшбасшы болуына жағдайлар жасады. «АХТСП»РМК өзінің алдына толығымен шеше алатын келесі міндеттерді қояды:
|
Маңғыстау облысын, және атап айтқанда Ақтау қаласын дамытудың стратегиялық мақсаты - соларға барлық әлеуметтiк проблемаларды шешу тәуелдi болатын, орнықты әрi бәсекеге қабiлеттi экономика мен сенiмдi инженерлiк-көлiктiк инфрақұрылымын қалыптастыру болып табылады. Мұның өзi - халықтың өмiр сүру сапасының артуы, экологиялық тепе-теңдiктi қалыпты ұстау, әрекет үстiндегiлерiн жетiлдiру, халықтың өмiр сүруiне қолайлы жағдайлар туғызу мақсатымен жаңадан құрылыс салынатын жерлерде қаланың аумақтық-жоспарлы ұйымдарын қалыптастыру деген сөз. Ақтау қалалық әкiмшiлiгiнiң экономикалық қызметiнiң негiзiн мұнай өндiру өнеркәсiбi құрайды. Жұмыспен қамтылған халықтың едәуiр бөлiгi мұнай өндiру саласында, атап айтқанда кенорындарында және мұнай мен газ өндiруге байланысты қызмет көрсететiн кәсiпорындарында еңбек етедi. Қазiргi кезде қала экономикасы: өнеркәсiп және энергетика, құрылыс, көлiк және байланыс, басқару ұйымдары, қаржылық-несиелiк мекемелер, коммуналдық-пайдалану қызметтерi, қоғамдық тамақтандыру және сауда салаларынан тұрады. Болжамдалған кезеңде шапшаң экономикалық өсу саясатын iске асырылуын қамтамасыз ететiн қала мен облыс экономикасының даму келешегi, мұнай өндiру көлемiнiң өсуiне және iрi өнеркәсiп кешенiн құруға, бiлiм беру мен денсаулық сақтау жүйелерiн жетiлдiруге, туризм, демалыс және көңiл көтеру индустриясын дамытуға байланысты болмақ. Бас жоспарда көзделген экономиканы дамытудың басым бағыттарына мыналар кiредi: - көмiрсутегi базасында, республиканың экспорттық әлеуетiн кеңейту мақсатымен жаңа технологияларды пайдалана отырып қуатты мұнай-химиялық және химиялық кешен құру; - орта және шағын бизнес кәсiпорындары едәуiр бөлiгiнiң қатысуымен тамақ, тоқыма, тiгiн және былғары өнеркәсiбiн одан әрi дамыту; - әрекет үстiндегi жоғары оқу орындарында экскурсия жүргiзушiлерiн, аудармашы бастап алып жүрушiлерiн, өнертанушыларды даярлау жөнiнде арнайы бөлiмдер ұйымдастыру және "Туризм және демалыс индустриясы", "Құрылыс салу", "Сауда-саттық", "Қонақ үйлер мен мейрамханалар" салаларында жұмыс iстеу үшiн орта және төменгi буындағы мамандар даярлау жөнiнде арнаулы орта оқу орындарын құру; - Бас жоспарда көзделген, тұрғын үй-азаматтық құрылыс жөнiндегi бағдарламаларды iске асыру мақсатымен, жұмыс істемей тұрған кәсiпорындарды қайта қалпына келтiру, құрылыс материалдары мен конструкцияларының жаңа өндiрiстерi құрылысын салу базасында құрылыс кешенiн құру және кеңейту. Өнеркәсiп - қала экономикасындағы негiзгi сала болып табылады. 2002 жылы Ақтау қаласының әрекет үстiндегi өнеркәсiп кәсiпорындары мен өндiрiстерi 168,5 млрд. теңгенiң өнеркәсiп өнiмдерiн өндiрдi, оның нақты көлемiнiң индексi 2001 жылға 113,4% құрады. Қала кәсiпорындары өндiрген тауар өнiмдерiнiң үлесi республикалық еңбек бөлiнiсiнде 7,4%, облыстық - 61,5% құрады. Өндiрiлген өнiмдер көлемiнiң 93,0 пайызы тау-кен өндiру өнеркәсiбiнiң, 5,2 - электр энергиясын өндiру мен бөлу өндiрiсiнiң, 1,8 - өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiне тиедi. Тау-кен өндiру саласы құрылымының 99,9% мұнай, газ өндiру секторының үлесiне тиесiлi. Ақтау қаласының кәсiпорындары 2002 жылы облыс шикi мұнай көлемiнiң 61% өндiрдi. Қазiргi кезде мейлiнше iрi кәсiпорындар мен өндiрiстер - мұнай, газ өндiретiн фирмалар, "Актал-ЛТД" химия кешенi, "Пластмасса зауыты" ЖШС. Осынау кәсiпорындарда 2002 жылы өнеркәсiп-өндiрiсi қызметшiлерi санының 93,0% жуық адам жұмыс iстедi. Ақтау қаласының Бас жоспары өнеркәсiп өндiрiсiнiң жедел өсуiн көздейдi, мұның өзi халықты жұмыспен қамти отырып, еңбек етуге жеткiлiктi сандағы орындарды құруға мүмкiндiк бередi. Мұнай өндiру қарқынын арттыруға, әрекет үстiндегi кәсiпорындар қызметiнiң нәтижесiнен өнеркәсiп өндiрiсiнiң өсу қарқынын одан әрi арттыруға, сондай-ақ республиканың экспорттық әлеуетiн дамыту мақсатымен жаңа технологияларды пайдалана отырып көмiрсутегi шикiзаты базасында қуатты мұнайхимиялық және химиялық кешенiн құруға бағытталған өнеркәсiп саясаты өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнiң елеулi түрде өсiмiне әкеледi. Өнеркәсiптiң барлық саласы дами түседi, олардың арасында, соларға құрылыс материалдары өндiрiсiнiң, тоқыма және тiгiн өнеркәсiбiнiң дамуы тәуелдi болатын, химия және мұнайхимия басымдық бағытта болып табылады. Көмiрсутегiн өңдеу және олардың қалдықтарын қайта пайдалану, iс жүзiнде тiршiлiк қызметiнiң барлық саласында пайдалануға болатын және iшкi рынокта ғана емес, сонымен қатар республикадан тысқары жерлерде де сұранысқа ие әртүрлi материалдар мен бұйымдардың сан алуан түрiн шығаруға мүмкiндiк бередi. Бас жоспарда прогрессивтi технологияларды пайдалану негiзiнде мынадай кәсiпорындар мен өндiрiстер құрылысын салу ұсынылған: - полимерлi гидрогели өндiру зауыты; - қуаңшылық аймақ жағдайында ылғалды қамтамасыз ету мақсатымен, оларды ауыл шаруашылығында пайдалану үшiн гидрогели негiзiнде, полимерлi композициялар зауыты; - гидрогелидi пайдалану негiзiнде медициналық препараттар мен заттар фабрикасы, бұл - медицинаның көптеген өзектi проблемаларын шешуге мүмкіндік береді; - бұрғылау ұңғымаларынан мұнай қалдығын алу кезiнде, iрi тұндырғыштарсыз-ақ мүмкiндiк беретiн, оларды пайдалану арқылы бұрғылау ерітiндiлерiн тұрақтандырғыштар мен сулы мұнай эмульсияларын бұзушыларын шығаратын, мұнай өнеркәсiбiне арналған гидрофильдi полимер өндiру зауыты; - электрондық бұйымдар зауыты; - синтетикалық каучук зауыты; - синтетикалық талшық комбинаты, оның құрылысын салу, маталар, жасанды үлбiрлер, канаттар және с.с. шығару үшiн тоқыма саласын шикiзатпен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi; - әйнектi пластикалар зауыты (шынылыталшықтар, шынылытоқымалар), олар құрылыс материалдары өндiрiсiнде ойдағыдай пайдаланылады; - лакпен бояу материалдары зауыты; - электр оқшаулау материалдары зауыты; - тамақ және тамақ емес өнiмдерге арналған буып-түю материалдарын шығару зауыты; - композиттер негiзiндегi құрылыс материалдары зауыты; - санитарлық-техникалық жабдықтар шығару зауыты; - спорт бұйымдарын шығару кәсiпорны; - пластмасса ойыншықтар фабрикасы; - жуу құралдарын шығару кәсiпорны; - композициялық материалдардан жиһаз шығару зауыты және басқалары. Өнеркәсiпті дамыту үшiн "Еркiн экономикалық аймақ" құрудың маңызды мәнi бар, себебi, бұл - салықтық және кедендiк жеңiлдiктер мен преференциялар көздестiретiн ЕЭА аумағында айырықша режим орнату жолымен жоғары қосылған құны бар iшкi сыртқы рыноктарда бәсекеге қабiлеттi әртүрлi өндiрiстердi осында шоғырландыруға мүмкiндiк бередi. Мұнайхимиялық және химиялық кешенiнiң бiрқатар кәсiпорындары құрылысын салуды да ЕЭА режимiнде жүзеге асыруға болады, бұл - қарымды инвесторларды тарта түседi. Қазiргi заманғы және келешектегi өнеркәсiптiң салалық құрылымы қызметшiлерiнiң санымен бiрге 1 кестеде келтiрiлiп отыр. 1 кесте
Рет N | Өнеркәсiп саласы | Қызметшілер саны | |||||
Бастапқы жыл | Бірінші кезек | Есептелген мерзім | |||||
адам | % | адам | % | адам | % | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Мұнай мен газ өндіруге байланысты шикі мұнай мен табиғи газ өндіру | 21700 | 86,4 | 22000 | 68,9 | 23000 | 54,0 |
2 | Тамақ өнімдерін шығару | 446 | 1,8 | 1030 | 3,2 | 1380 | 3,2 |
3 | Тоқыма, тігін және былғары өнеркәсібі | 296 | 1,2 | 445 | 1,4 | 2215 | 5,2 |
4 | Баспа ісі | 305 | 1,2 | 370 | 1,2 | 450 | 1,1 |
5 | Химия өнеркәсібі | 200 | 0,8 | 2770 | 8,7 | 6955 | 16,3 |
6 | Пластмасса бұйымдарын шығару | 1066 | 4,2 | 2640 | 8,3 | 4350 | 10,2 |
7 | Басқа да бейметалл минералды өнiмдердi шығару | 416 | 1,7 | 930 | 2,9 | 1400 | 3,3 |
8 | Даяр металл бұйымдарын шығару | - | - | 800 | 2,5 | 1400 | 3,3 |
9 | Машиналар мен жабдықтар шығару | 570 | 2,3 | 640 | 2,0 | 950 | 2,2 |
10 | Жиһаздар және басқа да өнiмдер шығару | 100 | 0,4 | 300 | 0,9 | 500 | 1,2 |
Жиыны | 25099 | 100 | 31925 | 100 | 42600 | 100 |
1 кестеден, қазiргi кезде өнеркәсiп салаларының арасында мұнай өндiру саласы мейлiнше дами түскенiн көремiз. Мұнда жұмыс орындарының 86,4% шоғырланған, оның едәуiр бөлiгi Ақтау қалалық әкiмшiлiгiнен тысқары жерде орналасқан. Екiншi орында пластикалық бұйымдар шығару өндiрiсi тұр - жұмыс орындарының 4,2%, үшiншi орында - машиналар мен жабдықтар шығару саласы 2,3%. Келешекте жетекшi орын, бұрынғысынша мұнай өндiру саласының кәсiпорындарында қалады, өнеркәсiп өндiрiсiнiң құрылымында қызметшi адамдардың үлесi, бiрiншi кезектегi кезеңде 68,9% дейiн және есептелiнген мерзiмге - 54,0% дейiн кемидi. Химия өнеркәсiбi екiншi орынға ие болады, оның үлесiне бiрiншi кезектiң аяғына шамамен 8,7%, есептелiнген мерзiмге - 16,3% жұмыс орны келетiн болады. Пластмасса бұйымдарын шығару жөнiндегi сала, бiрiншi кезектiң кезеңiнде 2002 жылғы екiншi орыннан үшiншi орынға (8,3%) ауысады және оны есептелiнген мерзiмге (10,2%) сақтайтын болады. "Тамақ өнiмдерi өндiрiсi", "Тоқыма және былғары өнеркәсiбi" және "Басқа да бейметалл минералды өнiмдер өндiрiсi" салалары елеулi түрде дами түседi. Мұнда жұмыс орындарының меншiктi салмағы есептелiнген мерзiмге тиiсiнше 1,8, 4,3 және 1,9 есе ұлғаяды. Тұтас алғанда өнеркәсiпте қызметшi адамдар саны 2002 жылмен салыстырғанда шамамен бiрiншi кезектегi кезеңде - 1,3 есе есептелiнген мерзiмге - 1,7 есе өседi және тиiсiнше, 31925 және 42600 адам құрайды. Экономика салаларының арасында қазiргi кезде халықтың жұмыспен қамтылған саны бойынша көптiгi жағынан "Өнеркәсiп" (жұмыс істейтiндер жалпы санының 41,1%), "Бiлiм бepу" (10,5%), "Құрылыс" (10,2%) саласы болып табылады. Бүкіл жобалау кезеңi бойына салалық құрылымда бiрiншi орын өнеркәсiпке (41,1% және 40,9%) тиесiлi болады, "Бiлiм беру" саласы (11.2% және 11,1%) "Құрылыс" (12.9 және 13,7%) саласына орнын берiп, үшiншi орынға ауысады. Туризм және демалыс индустриясын дамытуға айырықша көңiл болу кенелуде, осыған байланысты, бiрiншi кезектегi кезеңде салалардағы барлық жұмыс орындарының меншiктi салмағы экономика салаларында жұмыспен қамтылған халық санының 1,7%, ал есептелген мерзімге - 1,9% құрайды. "Көлiк және байланыс", "Денсаулық сақтау", "Сауда-саттық, қонақ үйлер мен мейрамханалар", салалары; автомобиль және үйде пайданылатын бұйымдарды жөндеу" дами түседi. Мұнда тұрақты жаңа жұмыс орындарын құру көзделген. Экономиканың қалған барлық саласы өз даму қарқыны бойынша алғашқы үшеуiнен едәуiр артта қалуда. "Электр энергиясын, газды және суды өндiру және бөлу" саласындағы қызметшiлердiң меншiктi салмағы 2002 жылғы 7,6% салыстырғанда есептелген жылға 4,4% дейiн төмендейдi. Мемлекеттiк басқаруда, осы секторда жұмыспен қамтылған санының өсуi кезiнде жұмыс орындарының меншiктi салмағын қысқарту көзделген. Экономикалық қызметтiң ескертілмеген түрлерi үшiн жобада есептелген мерзiмге еңбек ету орындарының резервi 3-6,5% мөлшерiнде көзделген. Ақтау қаласының қазiргi замандағы салалық экономикалық қызметi, жұмыспен қамтылған халық санымен және еңбек етуге көзделген қолда бар орындарымен бiрге келешектегi құрылымы да 2 таблицада келтiрiлген.
2 кесте
Рет N | Салалар | Қызметшілер саны | |||||
Бастапқы жыл кезең есептелген мерзім | |||||||
Адам | Жиы- нына % | Адам | Жиы- нына % | Адам | Жиы- нына % | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Ауыл шаруашылығы | 216 | 0,4 | 300 | 0,4 | 400 | 0,4 |
2 | Өнеркәсіп | 25099 | 41,1 | 31925 | 41,1 | 42600 | 40,9 |
3 | Электр энергиясын, газды және суды өндіру және бөлу | 4650 | 7,6 | 3350 | 4,3 | 4610 | 4,4 |
4 | Құрылыс | 6230 | 10,2 | 10000 | 12,9 | 14330 | 13,7 |
5 | Сауда-саттық; автомобилдi және үйде пайдалынатын бұйымдарды жөндеу | 640 | 1,0 | 800 | 1,0 | 1200 | 1,2 |
6 | Қонақ үйлер мен мейрамханалар | 770 | 1,3 | 1000 | 1,3 | 1500 | 1,4 |
7 | Көлік және байланыс | 3460 | 5,7 | 4550 | 5,9 | 6250 | 6,0 |
8 | Қаржы қызметі | 750 | 1,2 | 900 | 1,2 | 1200 | 1,2 |
9 | Жылжымайтын мү- лікпен жасалатын операциялар, жалдау | 5780 | 9,4 | 6500 | 8,4 | 8000 | 7,7 |
10 | Мемлекеттік басқару | 2670 | 4,4 | 2800 | 3,6 | 3000 | 2,9 |
11 | Білім беру | 6450 | 10,5 | 8735 | 11,2 | 11525 | 11,1 |
12 | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету | 3780 | 6,2 | 5000 | 6,4 | 6770 | 6,5 |
13 | Туризм, демалыс пен көңіл көтеруді, мәдениет пен спортты ұйымдастыру саласындағы қызмет | 300 | 0,5 | 1300 | 1,7 | 2000 | 1,9 |
14 | Басқа да комму- налдық, тұрмыстық, әлеуметтік және дербес қызмет көрсету жалдамалы қызметкерлер санының жиыны | 61105 | 100 | 77660 | 100 | 104235 | 100 |
15 | Еңбек етуге резерв орындар (жиынына 3-6,5 %) жиыны | 61105 | 2340 80000 | 6765 111000 | |||
16 | Халықтың өз беті мен жұмыспен қамтылғаны | 10495 | 11000 | 13000 | |||
Барлығы: | 71600 | 91000 | 124000 |
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024