Қырғызстан ЕАЭО-ға мүше болғаннан кейін Қазақстанға автокөліктер көптеп әкелінбейді
Қырғызстан ЕАЭО-ға мүше болып кіргеннен кейін Қазақстанға автокөліктердің көп әкелінуі байқалмайды. Бұл туралы Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) президенті Андрей Лаврентьев хабарлайды.
"Негізінде көлік көп әкелінеді деп ойламаймыз. Қырғызстанға 2014 жылдың 1 қаңтарынан кейін әкелінген автокөліктер Кеден одағының тауары болып саналмайды, және олар бойынша кеден баждары төленетін болады", - деп мәлімдеді А.Лаврентьев.
Оның мәліметтеріне сәйкес, Қырғызстаннан Қазақстанға келуі мүмкін автокөліктердің негізгі бөлігі 2014 жылдан кейін әкелінген.
"Қазақстанға стандарттары Еуро-4-тен төмен емес автокөліктер ғана кіргізілуі мүмкін, бұл экологиялық талаптар үшін минимал стандарт. Сол себепті, біздің бағалауымыздан өтіп жатқан автокөліктердің саны көп емес", - деді А.Лаврентьев.
ҚБАҚ президентінің айтуынша, үкімет алдын алу шараларын қабылдады.
"Бұл жағдайға қатысты болжам жасалған, сол себепті белгілі бір шектеулер бар, және үкімет қабылдаған шараларды ескере отырып, Қырғызстан тарапынан айтарлықтай қауіп көріп тұрған жоқпыз", - деп түсіндірді А.Лаврентьев.
Бұған дейін мәлім болғандай, Қырғызстан ЕАЭО мүшелігіне 2015 жылдың мамыр айында өтеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024