Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Абаев: Несиені есептен шығару - жомарттықтың аттракционы емес

Абаев: Несиені есептен шығару - жомарттықтың аттракционы емес

Алматы. 28 маусым. 7kun.kz — Қарыздарды есептен шығару шарасы біржолғы деп саналуы тиіс: мемлекет халықтың қарыздық жүктемесінің проблемасын шешуге тырысады. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында қазақстандықтарға қарыз жүктемесін төмендету туралы Президенттің тапсырмасына осындай түсініктеме берді.

"Бұл мемлекеттен шексіз жомарттықтың аттракционы емес, өте прагматикалық, ойластырылған қадам. Бұл тек мұқтаждарға көмек қана емес, сонымен қатар несие-қаржы жүйесін сауықтыру да. Жақын арада Ұлттық банк банктер қарыз алушылардың жеткілікті төлем қабілеттілігін ескеруі үшін шаралар қабылдайды. Бұл қадамдар жұмыс істемейтін кредиттердің пайызын төмендетіп, тұтастай алғанда халықтың борыштық жүктемесінің маңызды проблемасын шешуге тиіс. Билік банктердің несиені солға-оңға таратпауы үшін, адамдарды несие карталарына бағынышты қылмау үшін жаңа ережелер енгізбекші", — деді министр.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың жекелеген санаттары үшін қарыз жүктемесін төмендету жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды. Олардың ішінде көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылуына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Жарлыққа сәйкес берешектің жалпы сомасы 2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 3 млн теңгеден аспауы тиіс. Есептен шығарылатын сома — бір борышкерге 300 мың теңгеден аспайды. Құжатта сондай-ақ 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару тапсырылған.

Похожие материалы