"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Алматыда журналистермен кездесуінде ҰКП және "Самұрық-Қазына" қорында берілетін жалақылар көлемін атады.
-"Біздің артық шығындарымыз жоқ. Вера Кобалияның ("Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары - 7kun.kz) 1,2 млн теңге алатынын естігенде біздің арымыз таза екен деп ойладым. Алып отырған 750 мың теңгемізді (Абылай Мырзахметовтың "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы ретінде алатын жалақысы - 7kun.kz) ақтауға тырысамыз. Менің бұрынғы әріптесім Рахметов мырза ( "Самұрық-Қазына" қорының басқарма мүшесі, қаржы директоры - 7kun.kz) 1,8 млн теңге алады қателеспесем және көп жұмыс істейміз деп есептейді, - деді ол. ҰКП басшысының сөзінше, Ұлттық палатадағы штатты оңтайландыру жыл соңына дейін "қатал болмаса да, таң қалдыратындай" деңгейде өтеді. Аймақтарда штатты оңтайландыру басталып кетті. - Оңтүстік Қазақстанда 10 адамды қысқартпаймыз, олар жарты айлыққа жұмыс істеуге дайын деп хабарлады. Біз де бұған баруға дайынбыз. Аймақтағы жалақы 60-70 мың теңге көлемінде ғана. Біз жалақыны қысқартпай, оның 60-70 пайызын тұрақты қылуды ұсынып отырмыз. Бұл қызметкерлерді нәтижеге мотивациялау болмақ. Ал 30-40 пайызын KPI-ге байлаймыз, яғни жеткен жетістіктері үшін бонус ретінде берілмек. А.Мырзахметовтың атап өтуінше, Ұлттық палатаның орталық аппаратында 272 қызметкер жұмыс істейді. Олардың жүзін қысқарту жоспарланған.Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024