"АгромашХолдинг" АҚ 2015 жылы 8,5 мың автокөлікті шығаруды жоспарлайды, бұл алдындағы жоспарланған көлемнен 2,4 есе аз.
Компанияның баспасөз хатшысы Ангелина Синеваның айтуынша бұның алдында зауыт 2015 жылы 20 мың автокөлік шығардыу жоспарлаған.
Оның мәлімдеуінше түзетуге ресей валютасының құлдырау себеп болды.
"Қазіргі кезде ресей валютасының кенет құлдырауына байланысты автоөнеркәсіп біршама күйзеліске ұшырады. Қазақстандықтар Ресей Федерациясынан 50 мыңнан астам көлік құралдарының бірлігін әкелген (2014 жылдың қараша айының аяғы мен 2015 жылдың қаңтары аралығында), бұл қазақстандық автодилерлердің автокөлік өткізу көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етті. Бұл жағдай отандық автоөнеркәсіпке де ықпал етті. Сатылымдар төмендеді, сәйкесінше, өндіріс мөлшеріне түзетулер енгізілді ", - деп айтылады таратылған пресс-релизде.
"АгромашХолдинг" басшылығы қазақстандық автокөлік құрылысын одан әрі стратегиялық дамыту үшін үкіметке қажетті мемлекеттік қолдау шараларын қарастыруды ұсынады.
"Атап айтқанда, көліктің моторлық құралдарының өнеркәсіптік жиынтықталуын жүзеге асыратын заңды тұлғалардың шығындарын қаражаттандыру қажеттілігі бар, ол шығындар: жұмыс орындарын қамту, энергоресурстарды пайдалану, логистикалық шығындардың бір бөлігін қаражаттандыру, заңды тұлғалардағы көлік құралдарын сатып алу бойынша сұранысты ынталандыру, сонымен қатар ЕАЭО елдерінен жаңа автокөлік құралдарының импортына қорғау шараларын енгізу ", - делінеді компания ақпарында.
Хабарламада көрсетілгендегідей, өткен сейсенбіде «АгромашХолдинг» зауытында болған Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев өз кезегінде мемлекет машина жасау саласының жойылуына жол бермейді және отандық өндірушіні қорғау мақсатында сәйкес шараларды міндетті түрде қабылдайды деп мәлімдеді.
"Қазіргі кезде біздің әріптестер нарықты қорғау мақсатында авто мен басқа өнімнің Қазақстан аумағына жаппай әкелінуін уақытша тоқтата тұруға қатысты мәселелерді реттеу үшін Мәскеуде жұмыс істеп жатыр. Жағымды жаңалықтарды күтеміз", - деп Б.Сапарбаевтың сөзін келтіреді компанияның баспасөз қызметі.
2014 жылы зауыт 8,5 мың автокөлік шығарды.
"АгромашХолдинг" АҚ - SsangYong, Chance, Peugeot маркасындағы автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорын. Орналасқан жері - Қостанай.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024