Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 377,91 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (377,04 теңге / $1) ұлттық валюта 0,87 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377,30 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,70 теңге, жабылу курсы бір долларға 377,90 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 37 млн 50 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 111.Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы сағат 11:15-те 380 теңге, Алматыда – 380,3 теңге.Ұлттық Банктің 15 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 378,29 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.