Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 378,46 теңгені құрады. 23 қаңтардағы деректермен салыстырғанда (377,86 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 0,60 теңгеге әлсіреді.
Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 379,5 теңге, Алматыда — 380,5 теңге.
Ұлттық Банктің 24 қаңтардағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 377,86 теңгені құрайды.