Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қайрат Түнтеков: Биыл, болмаса келер жылдың басында АҚШ-қа кетемін

Қайрат Түнтеков: Биыл, болмаса келер жылдың басында АҚШ-қа кетемін
Көптен бері көрінбей кеткен әнші Қайрат Түнтековті осы аптада Алматыда кездестірдік. Ұлттық арна эфирінен шығатын "Ән салады мамандар" бағдарламасына келіпті. Түсірілім арасында біздің бір-екі сұрағымызға жауап беріп, қайта сахнаға оралатынын айтты. "Үш жылдай демалыста болдым" деген әнші биыл үнтаспа шығарып, АҚШ-қа кетпек. -Соңғы кездері көрермен сізді жоғалтып алды. Қайда болдыңыз? -Иә, сондай кезең болды. Үш жылдай халықтан, телеарналардан, журналистерден тыс жүрдім. Көп нәрселер болды ғой. -Енді бәрі артта қалып, "тек қана алға" деп отырған сияқтысыз? -Менің анам айтпақшы, тек қана алға, орыстар “только вперед ни шагу назад” дейді ғой. Басты көтеріп, еңсені көтеріп жүре беру керек. -Тыңдармандарыңыз сағынған сияқты. Үш жыл немен айналыстыңыз? -Халықтың да сағынғанын білемін. Ол кезде мен құры отырған жоқпын, әрине, мүмкін шығармашылық тоқырау болған шығар. Спортпен айналыстым, өзімді дамыттым.   -Шығармашылық тоқырау десеңіз де клип түсіріп тастапсыз. -Иә, жаңа клипім шықты. Ол жерде аздап актерлігімді көрсеттім. -Халыққа ұнаған сияқты -Халыққа ұнады деп ойлаймын.Себебі кімді көрсем де, "клипті көрдік, керемет, жарайсың" деп жатыр. Халыққа алғысым шексіз. Өйткені көтеретін де халық, түсіретін де халық. Кезінде мені халық көтергендіктен, халыққа қарыздармын. -Алда қандай мақсаттарыңыз бар? -Бұдан кейін де тоқтамаймыз, алға қойған мақсаттар көп. Үнтаспам бар. Биыл тағы шығаруға тырысамын. Біреуі қазақ тілінде, біреуі ағылшын тілінде. -Ағылшын тілі демекші. Бір сұхбатыңызда АҚШ-қа кетемін депсіз.  -АҚШ-қа бару менің кішкентай кезімнен арманым еді. Америка өнердің ордасы ғой. Барлығы сол жақтан шығып жатыр. Мысалы, қарасаңыз, ондағы жұлдыздардың біреуі Британиядан, біреуі Испаниянікі, мысалы, айтайық Энрике Иглисас, Дженифер Лопес, PitBul болса бразилиялық. Америкада солар сияқты әлемге танымал қазақ әншісі шықса деп армандаймын.  Биыл, болмаса келер жылдың басында сонда кетемін деген мақсатым бар. - Дәл қазір шын талантқа танылуға мүмкіндік көп. Жақында мұны Димаш мұны дәлелдеген сияқты. Айтпақшы, Димаштың өнеріне қандай баға бересіз? -Бес деген баға беремін. -Сіз орындаған  "SOS d'un terrien en detresse" әнін қандай деңгейде алып шықты? Көңіліңіз толды ма? -Әрине, толды. Неге толмасқа? Қазақстанның атын миллиардтаған адамдарға танытты. Әркімнің өзінің стилі бар ғой. Димаштың да классика жанрына сай өзінің ерекше стилі бар. Ондай стилін қытайлықтар қалай жақсы көріп қалғанын көрдіңіз. Сондықтан кім айтып шықса да, өзіндік стилі болса, қиналмай орындап шығады. Мен мысалы, нота жағынан айырмашылық тапқан жоқпын. Өйткені тура түсіп, тура айтып шықты. Керемет, 5 деген баға беремін. Қысқа-нұсқа -Ақша ұстай аласыз ба? -Иә, ұстай аламын. Үнемшілмін. Тек қажет заттарыма ғана жұмсаймын. -Банктердің өнімдері туралы не айтасыз? -Менің ойымша, кредит деген мына қарапайым халыққа кішкене қиындау. Өйткені табысы аз адамдар өте қатты қиналып қалады. Сол үшін олардың да жағдайын ескеріп, пайыздық мөлшерлемесі төмен кредиттер ұсынса жақсы болар еді деп ойлаймын. -Кредит алып көрдіңіз ба? -Иә, алдым. -Бизнесіңіз ба ма? -Негізі жоқ, бірақ ойда бар. Осыған дейін кішігірім бизнеспен айналыстым. Қазір мен өнерге бар күшімді салып жатырмын. -Рахмет!   

Похожие материалы