КЕМБРИДЖ – Өткен қазан айында, ғаламдық азаматтықтың идеясы туралы менсінбей сөйлегенде Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй көпшілікті дүр сілкіндірді. Ол өз сөзінде: «сіз өзіңізді ғаламдық азамат деп санасаңыз, онда сіз мүлдем азамат емессіз», -деді.
Оның сөзі қаржы БАҚ және либералды комментаторлар арасында мысқыл және дабылмен қарсы алынды. Бір сарапшы оған дәріс бере отырып: «бұл күндері, азаматтықтың ең пайдалы түрі тек Беркшир болысының әл-ауқаты үшін емес, бүкіл планетаның да жағдайын жақсартуға арналған»-деді. The Economist мұны «антилибералдық» бұрылыс деп атады. Ал бір ғалым оны ағарту құндылықтарын жоққа шығарды деп айыптап, оның сөзінде «1933 жылдың эхосы» барын ескертті.
Мен «ғаламдық азаматтың» қандай екенін білемін: мен оның тамаша үлгісін айнаға қараған сайын көремін. Мен бір елде өстім, басқасында өмір сүріп жатырмын, және екі паспортым бар. Мен жаһандық экономика туралы жазамын және жұмысымның барысында мені әлемің түкпір-түкпірдегі орындарға жол жүремін. Мен азаматы ретінде мені қабылдаған елде қарағанда, басқа елдерде саяхаттарда көбірек уақыт өткіземін.
Жұмысымдағы әріптестерімнің де көпшілігі мен сияқты басқа елде дүниеге келген. Мен жергілікті газетті апталар бойы ашпасам да, халықаралық жаңалықтарды бар ынтаммен қараймын. Спортта, мен өз елімнің командалары не істеп жүргенін білмеймін, бірақ мен Атлант мұхитының басқа жағындаға футбол командасының адал сүюшілерінің бірімін.
Дегенімен Мэйдің сөздерінің де жаны бар. Онда маңызды шындық жатыр, ол біз, әлемдегі, қаржылық, саяси және технократиялық элита, өз отандастарымыздан алыстап және олардың сенімін жоғалтқанымыз туралы елемеушілік жайында болар.
«Азамат» сөзінің нақты мағынасынан бастайық. Оксфорд ағылшын сөздігі оны «мемлекет немесе мемлекеттер достастығының заңды танылған субьектісі немесе азаматы» деп түсіндіреді . Демек азаматтық белгілі бір мемлекеттік құрылыс «мемлекет немесе мемлекеттер достастығының» мүшесі болуды білдіреді. Елдерде мұндай мемлекеттік құрылыстар бар болғанымен; әлемде жоқ.
Ғаламдық азаматтықтың жақтастары олар сөздің тура мағынасын емес, ауыспалы мағынасын қолданғандарын айтады. Олардың айтуынша, байланыстағы технологиялық төңкеріс және экономикалық жаһандану әр түрлі елдердің азаматтарын бір жерге алып келді. Әлем тарылды, және біз жаһандық салдарды есте сақтай отырып, әрекет етуіміз керек. Сонымен қатар, біз бәріміз де бірнеше, бірінің үстіне бірі түсетін жеке бас даралығымыз бар. Жаһандық азаматтық өңірдің немесе ұлттық міндеттерді жойып тастамайды және бұл оған керек те емес.
Барлығы жақсы және керемет бола тұра, ғаламдық азаматтар шын мәнінде не істеп жатыр?
Шынайы азаматтық, ортақ саяси қоғамдастықта басқа азаматтармен өзара іс-қимыл жасап және араласу, ақылдасуды білдіреді. Ол саясат нәтижелерін қалыптастыруға қатысып, шешім қабылдайтын тұлғаларды есепке алуды білдіреді. Процесс кезінде, менің керекті нәтижелер мен жолдар туралы идеяларым менің отандастарымның ойларына қарсы болып, сынақтан да өтеді.
Ғаламдық азаматтарда осыған ұқсас құқықтар немесе міндеттері жоқ. Ешкім оларға есеп бермейді, және олар өздерін ешкімнің алдында ақтауға тиісті емес. Әрі кетсе, олар басқа елдерден келген пікірлес жеке тұлғалармен қауымдастықтар қалыптастыра алады. Олардың әріптестері басқа елдер азаматтары ғана емес, өзін-өзі «жаһандық азаматтар» деп тағайындаған адамдар.
Әрине, ғаламдық азаматтар өз идеяларын алға баса алатын олардың өз елдеріндегі ішкі саяси жүйелері де бар. Бірақ саяси өкілдері оларды кеңселеріне қойғызған халықтың мүдделерін ілгерілету үшін сайланады. Ұлттық үкіметтер ұлттық мүдделерді ойлау үшін керек, және солай жасау әділетті. Бұл саясаткерлердің өзге елдер үшін отандық әрекеттерінің салдарларын ескере отырып, өздерінің жағдайын ойлап, әрекет ету мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Бірақ жиі орын алатындай, жергілікті тұрғындардың әл-ауқаты шетелдіктердің әл-ауқатына қайшы келген кезде не болады? Мұндай жағдайларда олардың отандастарының жағдайын елемеу космополиттік элита деп аталатындарға жаман ат келтіретін әрекет емес пе?
Ғаламдық азаматтар әрбір мемлекет өзінің тар қызығушылық мүддесін көздеген кезде жаһандық мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін деп алаңдайды. Бұл, әрине, климаттың өзгеруі немесе пандемия сияқты шынайы жаһандық ортақ мәселелер бойынша бар уайым болып табылады. Бірақ, ең экономикалық салаларда - салықтар, сауда саясаты, қаржылық тұрақтылық, фискалдық және монетарлық басқару - жаһандық тұрғысынан маңызды мәселелер сондай-ақ отандық тұрғыдан мағыналы болады. Экономика, елдер ашық экономикалық шекараны сақтап, орынды реттеуді және толық жұмыспен қамту саясатын сақтау керек деп үйретеді, бұл тек басқа елдер үшін емес, ішкі экономикалық бәлішті үлкейту үшін керек жәйт.
Әрине, саяси сәтсіздіктер - мысалы, протекционизм - осы салалардың барлығында орын алады. Бірақ бұл космополитизмнің жетіспеушілігі емес, нашар отандық басқаруды көрсетеді. Олар элитаның балама саясаттың пайдасы туралы отандық сайлаушыларды сендіре алмауынан немесе әркім шын мәнінде пайда көретініне көз жеткізу үшін түзетулер енгізуді қаламайтындарынан болады.
Мұндай жағдайларда космополитизмнің артына жасырыну - мысалы, сауда туралы келісімдерді алға итеру кезінде - олардың саяси шайқастарда жеңіске жетуіне көмектеспейді. Ол жаһандық жылынуға қарсы күресте сияқты космополитизм шын мәнінде қажет болған жағдайда оны құнсыздандырады.
Жергілікті, ұлттық, жаһандық жеке тұлғалық ерекшеліктеріміздің арасындағы шиеленіс туралы дана философ Kваме Энтони Aппиа жақсы баяндаған еді. Ол «планеталық сын-қатерлер мен ел арасындағы өзара байланыс» заманында «ортақ адам тағдыры сезімінің қажеттілігі бұрын сонды мұндай мықты болған емес» деп Мэй мәлімдемесінде жауап жазды. Онымен келіспеу қиын.
Дегенмен космополиттер жиі Федор Достоевскийдің Ағайынды Карамазовтар еңбегіндегі кейіпкер айтқандай, ол жалпы адамзатты жақсы көрген сайын, жеке адамдарды жақсы көрмей бара жатқан сияқты жағдайда болады. Ғаламдық азаматтар олардың асқақ мақсаттары өз отандастарына байланысты міндеттерінен жалтару үшін сылтауға айналмауына абай болуы керек.
Біз армандаған әлем емес, барлық саяси бөлінулері бар шынайы әлемде өмір сүруіміз керек. Жаһандық мүдделерге қызмет етудің ең жақсы жолы маңызды саяси институттардың ішінде өз міндеттерімізге сай өмір сүру.
Автор туралы: Дэни Родрик, Гарвард университетінің Кеннеди атындағы басқару мектебінде Халықаралық саяси экономия кафедрасының профессоры, Экономикалық Қағидалар: Қараңғы Ғылымның Дұрысы мен Бұрысы кітабының авторы.
Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024