Әлеуметтік желілер коммуникация құралынан да асып, жарнама алаңына айналды. Төлеген ақыңызға қарай лайк пен шейрді де қоса аласыз. 7kun.kz жарнама берушілер үшін "ВКонтакте" және Instagram желісіндегі ең танымал парақшалардың бағасын анықтап көруге тырысты.
Mail.Ru Group-қа тиесілі "ВКонтакте" желісін 2015 жылдың наурыз айындағы дерек бойынша 4,7 млн қазақстандық пайдаланады. Қазақстандық "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі ең танымал пабликтердің бірі - «За тебя, Баке!». Иесі: Марғұлан Тұрсынов.
[caption id="attachment_41124" align="aligncenter" width="466"] Сурет әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды[/caption]Бастапқыда қазақстандықтарды бір алаңға жинау мақсатында ашылған топ жастар арасында танымалдылыққа ие болды. Қызықты ақпараттар мен түрлі жарнамаларды және мемлекеттегі түрлі әлеуметтік жағдайлар туралы мәліметтер тарататын парақшаның қазіргі уақытта 785 023 оқырманы бар. Ал Instagram-дағы оқырмандар саны 351 мыңнан асады, видеосервиске жазылғандар саны - 523 мыңнан кем емес.
Сонымен аталған топтың ""ВКонтактедегі" парақшасына жарнама беру құны - 15 000 теңге. Instagram-дағы парақшаға жарнама бергіңіз келсе және видео болса - 25 000 теңге. Ал күніне қанша жарнама қабылданатыны коммерциялық құпия ақпарат. Анықталмаған ақпараттар «За тебя, Баке!» жарнамадан айына 3 млн теңге табыс табады дейді.
"ВКонтактедегі" келесі танымал топ - «One million true stories»
Тіркелгендер саны - 714,9 мың адам. Мұнда түрлі оқиғалар, қызықты әңгімелер, адамдарды таң қалдырған жағдайлар туралы жазылады. Бұл топтың ерекшелігі жазбаны анонимді түрде жазуға болады. Топтың "ВКонтакте" желісіндегі парақшасына жарнама беру құны - 1 сағатқа 10 000 теңге. Ал Instagram желісінде жарнама таратқыңыз келсе 2000 теңгеден басталады. Парақша әкімшілерінің айтуынша жарнама көбіне Instagram желісінде барынша жиі қаралады. Сондай-ақ, видео түріндегі қысқаметражды жарнамаларға назар аударатындар саны көп.
Оқырмандар саны бойынша үшінші орындағы топ "Көтен" деген атқа ие.
[caption id="attachment_41127" align="aligncenter" width="604"] Сурет әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды[/caption]Топқа тіркелгендер саны - 645,3 мың адам. Instagram желісіндегі жазылушылар саны - 313 мыңнан асады. Жастар арасында өте танымал. Мұндағы тақырыптар әзіл-қалжыңға өте жақын. Көбіне балалық шақтағы қызықты сәттерді жариялап отырады. Сондай-ақ, күнделікті өмірде болып жатқан түрлі жағдайларға байланысты карикатураларды, фотосуреттерді көруге болады. Бұл топқа жарнама беру үшін 10 000 теңге жеткілікті. Дегенмен берілген жарнама топ парақшасында бір сағаттан артық тұрмайды. Басқа да жарнама берушілер бар екені анық.
Сондай-ақ, өңірлік парақшаларға тіркелетіндер саны да аз емес. Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе т.б. қалаларда болып жатқан оқиғалар жөнінде пікір қалдырып, өз ойларын жазады. Сондай парақшалардың бірі - «Интересная Алма-Ата". Бұл парақшаға жазылғандар саны - 240,7 мың. Парақшадан күнделікті Алматы қаласында болып жатқан оқиғалардан хабардар болуға болады. Мегаполистің экологиялық проблемалары туралы да осы парақшада жазылады. Оқырмандардың көпшілігі пабликтегі ақпараттарды талқылауға белсенді қатысады. Парақшада қарапайым жарнаманы жариялау құны - 10 000 теңге. Ал жарнаманы бірінші орынға 1 сағатқа орналастыру - 14 000 теңге. Сондай-ақ, парақшаға жарнаманы "сілтеме" бөліміне бір айға орналастыру - 20 000 теңге. Егер жарнама беру 5 реттен артық қайталанатын болса 10%, оннан артық қайталанса 20% жеңілдік қарастырылған. Бұл баға ВКонтакте желісіне арналған. Ал Instagram-дағы парақшасы жоқ.
Келесі бір пабликтің аты - «Мы бухаем шай». Мұнда да түрлі қызықты ақпараттарды оқуға болады. Оқырмандар саны - 98,9 мыңнан асады. Жарнама беру құны - 3000 теңге.
[caption id="attachment_41131" align="aligncenter" width="604"] Сурет әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды[/caption]"Өмірлік мәні бар" қазақ тіліндегі танымал топтың бірі. Бұл топтың ерекшелігі парақшадан қыз тәрбиесі, бала тәрбиесі, өмірлік ұстанымдар, махаббат, салт- дәстүр т.б. тақырыптарындағы түрлі ақпараттарды оқуға болады, тарихи мәні бар суреттер де осы топтан табылады. Оқырмандар саны - 702,1 мың адам. Дегенмен аталған топтың жарнамаға қанша ақша алатыны белгісіз. Әкімшілердің сөзінше баға туралы ақпарат құпия сақталады.
Маржан НҮСІПБЕК "7"
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024