4 қараша күні Алматы қаласының әкімдігі «Алматы 2020» Бағдарламасын көпшілік талқысына ұсынды. Алдағы бір ай ішінде Бағдарламаның салалық аспектілерін талылау бойынша қалалық қоғамдастықтың ынталы топтарымен бірқатар диалог алаңдары ұйымдастырылады.
Қазақта «Келісіп пішілген тон келте болмас» деген нақыл сөз бар. Демек, кез- келген маңызды құжат қоғамда кеңінен талқылануы тиіс деген сөз. Бұл - зайырлы мемлекет пен толысқан қоғамның үрдісі, 5 Халықтық реформаның негізгі қағидаты - ашықтықтың іске асуының көрінісі. «Нұр Отан» партиясы Саяси доктринасынның 4 негізгі ұстанымы – есептік, ашықтық, тиімділік пен жауапкершілік те осы басымдықтармен үндес келеді. Сондықтан алдағы 1 ай көлемінде «Алматы 2020» Бағдарламасын талқылау, оны толықтыру мен ұсыныстар енгізу үшін қаладағы белсенді топтармен, бизнес өкілдерімен, қаржыгерлермен, қоғамдық ұйымдармен, ғалымдармен,зиялы қауыммен, жастармен және басқалармен арнайы кездесулер өтіп, сұхбат алаңдары ұйымдастырылады. Көпшілік талқысына ұсынылып отырған «Алматы-2020» Бағдарламасында одан әрі дамудың негізгі 7 бағыты тұжырымдалған. Олар: қолайлы қала, қауіпсіз қала, әлеуметтік бағыттағы қала, экономикалық тұрақты қала, бизнес пен жеке капитал қаласы, интеграцияланған қала, белсенді азаматтар қаласы. Бұлардың барлығы Бағдарламаның бес қағидасына негізделген. Олар: әр адамға қамқорлық, озық тәжірибе негізінде тиімді және экономикалық шешімдер, экономиканың драйвері ретінде бизнесті ынталандыру, азаматтық қоғамды кеңінен тарту, жергілікті органдардың ашықтығы мен есеп беруі. Алматы тұрғындары бір ай ішінде қаланың басты ресурсы адамдар мен олардың ақылы және шығармашылық кабілеті деп көрсетілген «Алматы–2020» Даму Бағдарламасын талқылауға белсенді түрде қатыса алады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024