Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz - Бүгін Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек Түрксіб ауданының жаңа әкімін таныстырды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімімен ауданның жаңа әкімі болып Павел Кулагин тағайындалды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол мемлекеттік қызметтегі жұмысын 2008 жылы Қостанай облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау Департаментінің жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары инспектор, кеңесші, Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2010-2016 жылдары «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары, «Сарыарқа» және «Алматы» аудандарының әкімі, Астана қаласы коммуналды шаруашылық Басқармасының басшысы лауазымдарында болған. 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.
Б. Байбек Түрксіб ауданының бұрынғы басшысы зейнеткерлік жасқа жеткен Владимир Устюговке атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024