Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы қаласы Түрксіб ауданына жаңа әкім тағайындалды

Алматы қаласы Түрксіб ауданына жаңа әкім тағайындалды

Алматы. 16 тамыз. 7kun.kzБүгін Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек Түрксіб ауданының жаңа әкімін таныстырды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімімен ауданның жаңа әкімі болып Павел Кулагин тағайындалды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол мемлекеттік қызметтегі жұмысын 2008 жылы Қостанай облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау Департаментінің жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары инспектор, кеңесші, Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2010-2016 жылдары «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары, «Сарыарқа» және «Алматы» аудандарының әкімі, Астана қаласы коммуналды шаруашылық Басқармасының басшысы лауазымдарында болған. 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

Б. Байбек Түрксіб ауданының бұрынғы басшысы зейнеткерлік жасқа жеткен Владимир Устюговке атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Похожие материалы