Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы қаласының жаңа жобасы таныстырылды

Алматы қаласының жаңа жобасы таныстырылды
Бүгін Алматы қаласының жаңа жобасы таныстырылды. Бұл туралы LS сайтына сілтеме жасап, 7kun хабарлайды. Бас сәулетшінің орынбасары Жанат Айтілеудің сөзіне қарағанда, қала әрбір бес жыл сайын жаңарып отыру керек. «Алдымен, қала 2002 жылы жаңартылған болатын. Одан бері 13 жыл өтті. Қайта жаңарту ісі қолға алыну керек" -  деді ол. Әкімдік бұл жоспар аясында Абай , Төле би, Т.Рысқұлов, Ақан сері сияқты даңғыл-көшелерді жаңартуды жаспарлап отыр. Басты мегажоспар 2035 жылға аяқталмақ.  Көшелер Алматы қаласының жаңа шекарасына дейін ұзартылады. Басты жоспарда көрсетілгендей, магистральды көшелер мен жолдардың ұзындығы қазір 1500 шақырымды құрайды. көшелер мен жол тораптарының  нақты ұзындықтары 2030 жылы 1,5 есеге өседі, яғни 2220 шақырымға жетпек. Оған дейін жұмыс режимін 200 шақырымға арттырып, ҮАААЖ-ды аяқтау  (Үлкен Алматы автокөлік айналма жолы) бітіру қолға алыну керек. 2030 жылы транспорт тасымалының саны 80 дейін өседі. Қаланың орталық аймақтары дат архитекторы  Яна Гейл  ұсынған жоба негізінде өзгертілмек. Сонымен қатар, Алматы әкімдігі 2021 жылы қала тұрғындарының саны 1,7 млн, 2031 жылы 1,8 млн болады деген болжам айтып отыр. себебі, биылғы жылдың 1-қаңтарындағы ресми ақпарат бойынша тұрғындардың саны 1,05 млн-ға жеткен. 2015 жылдың басында Алматы қалалық Тұрғын үй қорларына қаланың 34,44 млн ш/м аумағы қосылған. Қала әкімдігінің  сөзіне қарағанда, шаһардың жаңа тұрғын үй көлемі 2015-2030 жылдары 19 310 ш/м құраса, 2021-2030 жылдары 11 935 ш/м құрайды. Апатты жағдайда тұрған, тозығы жеткен үйлер саны 2015-2030 жылда 1818 мың ш/м құрап, 105 мыңға жуық адам көшірілетін болады. Жалпы, Алматы қаласында 525 мың көлік және қала сыртына шығатын 230-240 мыңға жуық автокөлік тіркелген. Негізгі жоспарды түзету барысында басты күш қоғамдық көліктерді көбейтуге, соның ішінде электрокөліктерді (метро, жеңіл рельсті көліктер, троллейбус)  көбейтуге арналмақ. Метрополитеннің бірінші бағыты Алматы-1 темір жолымен байланыстырылып, қала орталығынан батысқа қарай тартылады. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең  8,62 шақырымда 2011 жылы берілген болатын. Екінші кезең батыс және солтүстік бағытта болады. 2030 жылдың соңына қарай метроның бірінші бағыты халықтың қолдануына толық беріледі. Ұзындығы 26 шақырымды құрайды. Ал, 2050 жылы метроның екі бағытын қолға алу жоспарлануда. Қала әкімдігі бірінші кезекте 22,3 шақырымдық  ЖРК-ды (жеңіл рельсті көліктер) Қалқаман ықшам ауданы арқылы индустральды аймаққа қосуда жұмыс істеуде. Сондай-ақ, көгілдір отынмен жүретін жүрдек автобустарды көбейту ұсынылды. Қаскелең, Талғар сияқты шет аудандарды ЖРК және рельстік емес транспорттармен қамтамасыз етуге келісім жасалды.

Похожие материалы