Қазіргі таңда Қапшағайға дейінгі трассаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол жерге алты жолақты тас жол салып жатыр. Екі жылдан соң ол жермен жүріп өту ақылы болмақ.
Жол төсемінің ені 26 метр, жуандығы - 27 сантиметр болады. Жолды цемент және бетонмен жауып жатыр. Мұнай магистральдың бір шақырымы екі жарым-үш миллион доллар тұрады. Жоспар бойынша, Алматы-Қапшағай трассасымен көлік жүргізушілері сағатына 140 шақырым жүріп өте алуы тиіс. Бұл жолмен жүру ақысы жеңіл көліктерге бір шақырымына бір теңге, жүк көліктеріне 10-15 теңге болады деген болжам жасалынып отыр. Салыстырып қарайтын болсақ, осыған ұқсас Астана-Шортанды трассасының бағасынан қымбат емес. «Алматы-Қапшағай трассасы ақылы болады. Біздің жоспарымыз бойынша, бұл 2017 жылдарға қарай енгізіледі. Бағалар әр түрлі болады. Себебі, жол жиектерінде адамдар тұрады, ауылдар бар. Олар үшін баға басқаша болады. Және, әрине, көлік түріне де байланысты бағада айырмашылық болады. Мәселен, жеңіл көліктер үшін басқа, жүк және транзиттік көліктер үшін - басқа болмақ», — деп түсіндірме бере кетті "Қазавтожол" АҚ-ның Алматы облыстық филиалының директоры Батыр Дадамұрзаев.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024