Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы бюджеті туралы ақпарат тұрғындарға қолжетімсіз

Алматы бюджеті туралы ақпарат тұрғындарға қолжетімсіз

Алматы қаласына арналған жергілікті бюджеттің ашықтығының көрсеткіші төмен. Яғни, қала тұрғындары бюджет пен қаржы туралы ақпараттар қолжетімсіз. Тізімнің соңына Алматы қаласымен бірге бас қаламыз Астана мен Қызылорда облысы жайғасқан.

Осыған дейінгі 2013 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда Алматы қаласы 6 пунктке (2013 жылы 28,58) төмен түскен. Ағымдағы зерттеу нәтижесі бойынша Алматы 22,07 ұпай иемденген. Бұл тіпті көршілес Алматы (43,77) және Жамбыл (39,53) облыстарынан да төмен көрсеткіш. Қайрат Иманалиев: "Намыс" мүгедектер қоғамының төрағасы: _MG_3388 - Жүргізілген зерттеу барысында Алматының көрсеткіші өте төмен екендігі анықталды. Соңғылардың қатарында Астана да бар. Бұл екі қала - ел үшін маңызы жоғары қалалар. Және бұларға бөлінетін бюджет те өзгелермен салыстырғанда әлдеқайда көп. Осыны ескерсек, нәтиже мүлдем басқаша болуы керек еді. Айқындылық жөнінен қайта көш бастауы тиіс қалалар болатын. Біз бюджет мәселелерін қарайтын мекемелердің сайттарын, жергілікті газеттерде шыққан мақалаларды, есептерді қарадық. Мәселен, Алматы қаласы бойынша айтсақ, "Вечерняя Алма-Ата" және "Алмат ақшамы" газеттерінде бюджеттің орындалуы  туралы ақпараттар аз берілген. Алматы қаласы бюджеті процесінің ашықтығы мына параметрлермен: бюджет жобасын жоспарлау және әзірлеу (10,44), бюджетті қайта қарау және бекіту (27,36), бюджеттің орындалуы (20,22) және бюджеттің орындалғандығы туралы жылдық есептің ашықтығы мен қолжетімділігі (30,27) ретінде бағаланған. Шолпан Әйтенова, Қазақстанның Ұлттық бюджеттік жүйесінің сарапшысы: _MG_3373 - Негізі, әкімдік бюджет туралы ақпарат беруі тиіс. Бірінші бекітілген бюджет туралы және екіншісі - оның орындалуы. Қанша ақшаға қандай қызмет атқарылды деген де есеп берілуі керек. Мәселен, ШҚО ай сайын аталған есепті жария етіп отырады. Осыған дейін де жоғары көрсеткіш көрсеткен осы облыс еді. Атқаратын жұмыстарының айқындылығы, тәжірибенің молдығы байқалады. Ал, Алматы облысында тек бюджеттің бөлінгендігі және оның қайда жұмсалғаны туралы жаплы ақпарат қана беріледі. Зерттеу нәтижелерінің жарияланғанына көп болған жоқ. Әкімдік тарапынан әзірге қандай да бір уәделер, жұмысты жақсарту туралы жоспарлаған жасалмады. Біздер көрсеткішті өсіруге арналған бірнеше ұсыныстарды қатар беріп отырмыз. Енді бұдан нәтиже болады деп ойлаймыз. Естеріңізге сала кетсек, зерттеу нәтижелері бойынша 16 әкімшілік-аумақтық бірліктердің қорытындыларын жариялаған болатынбыз.

Похожие материалы