Алматыдағы көшелеріне арнайы техника арқылы санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу түнгі уақытқа ауыстырылды. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, қала көшелерінде кептеліс тудыруға себеп болатын арнайы техникадан тазарту үшін жазғы 423 арнайы техника түнгі режимге көшті.
Су шашатын машиналар күндізгі уақытта көше жиегін арнайы график арқылы тазалайды. Жол жұмысшыларының, жүргізушілер мен механизаторлардың жұмысы күндізгі уақыттан түнгі уақытқа ауыстырылуына байланысты еңбекақыны төлеу қоры 50 пайызға көбейеді. Сондай-ақ, қысқы кезеңде қар тазалау жұмыстары мен арнайы техника мен жол қызметкерлері жұмысының негізгі көлемі түнгі уақытқа ауыстырылды. Еске салайық, қаладағы көше мен тротуарлар тазалау жұмыстары 18 мердігерлік ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Олардың балансында жалпы 860 арнайы техника бар. Жол қызметкерлерінің саны - 1500, қысқы кезеңде 2000-ға дейін көбейеді.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





