Экономика
Алматы көшелері тек түнде тазаланатын болады
Алматыдағы көшелеріне арнайы техника арқылы санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу түнгі уақытқа ауыстырылды. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, қала көшелерінде кептеліс тудыруға себеп болатын арнайы техникадан тазарту үшін жазғы 423 арнайы техника түнгі режимге көшті.
Су шашатын машиналар күндізгі уақытта көше жиегін арнайы график арқылы тазалайды. Жол жұмысшыларының, жүргізушілер мен механизаторлардың жұмысы күндізгі уақыттан түнгі уақытқа ауыстырылуына байланысты еңбекақыны төлеу қоры 50 пайызға көбейеді.
Сондай-ақ, қысқы кезеңде қар тазалау жұмыстары мен арнайы техника мен жол қызметкерлері жұмысының негізгі көлемі түнгі уақытқа ауыстырылды. Еске салайық, қаладағы көше мен тротуарлар тазалау жұмыстары 18 мердігерлік ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Олардың балансында жалпы 860 арнайы техника бар. Жол қызметкерлерінің саны - 1500, қысқы кезеңде 2000-ға дейін көбейеді.