Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы көшелерінің жол ережелеріне өзгерістер енгізілді

Алматы көшелерінің жол ережелеріне өзгерістер енгізілді

Алматы қаласының көшелерінің жол ережелеріне көптеген өзгерістер енгізілді.

Енді Абай көшесінің бойымен (Момышұлы көшесінен Достық даңғылына дейін) автобустар үшінші, шеткі оң жақтағы жолақпен жүретін болады. Жүргінші жолда орын көбірек болуы үшін шенеуніктер тіпті перпендикуляр көлік тұрағынан бас тартпақ. Енді Абай көшесінде көліктерді тек жолға параллель ғана қоюға болады. «Бізде не болып жатқанын қараңыз: перпендикуляр қойылған машиналардың кесірінен жолдың үшінші жолағы пайдаланылмайды. Сол себепті батыс және шығыс бағыттағы жолақтар енді қоғамдық көліктерге берілмек. Бұл әдіс әлем бойынша көптеген мегаполистерде қолданылады», - дейді Алматы қаласының Жолаушы көлігі басқармасының басшысы Талғат Абдрахманов. Талғат Абдрахмановтың айтуынша, арнайы белгіленген жолаққа жол белгілері қойып жатыр. Сол себепті, 15 маусымнан бастап автобустар оң жақ шеткі қатарда еркін жүре алады. Аталған шаралар автобустар мен троллейбустардың жылдамдығын 12-14 км/сағаттан 18 км-сағатқа дейін арттырады. Нәтижесінде, Алматылықтар автобусқа кететін уақыттарын 15-20 пайызға үнемдейтін болады. Тағы бір жаңалық - Алматы қаласында Республика алаңының аумағындағы қозғалыс бағыты шектелді. Енді Фурманов көшесімен төмен жүріп келе жатқанда солға Сәтбаев көшесіне қарай бұрылуға болмайды. Бұл жөнінде Facebook әлеуметтік желісіне сілтеме бере отырып, Zakon.kz хабарлайды. Көшелердегі бұл өзгерістер әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр.  Аталған өзгерістерді ертерек ескертпеді деп наразылықтарын білдіріп жатқандар да бар.

Похожие материалы