Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz - Қазақстанда электромобильдерге арналған қуаттау бекеттерін жаппай орнату жұмыстарын бастап кетті. Бұл туралы қазақстандық автобизнес Ассоциациясының (ҚАБА) баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазіргі уақытта энергетика министрлігімен бірге пилоттық жоба аясында электр қуаттау бекеттерінің инфрақұрылымын құрастыру мәселесі талқыланып жатыр. Алматы мен Астанада электротранспорт инфрақұрылымы үшін жыл соңына дейін 100 тез қуаттау бекеті орнатылады. Одан бөлек, бірден қуаттау (30 минутқа дейін) жүйесі орнатылған 20 бекет Астана - Алматы республикалық трассасында орнатылады", - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, алғшқы қуаттау стансалары Астанада әуежай мен "Нұрлы жол" темір жол вокзалдары аумағына, Алматыда қаланың орталық бөлігіне қойылады.
Жаңа электр қуаттау бекеттері әлемдік IEC 62196-2 және IEC 61851-1 стандарттарына сәйкес келеді. Олар электромобильдердің барлық түрлерін 1-4 сағат аралығында қуаттайды. Бір ретте 4 көлікті қуаттауға болады. Қуаттылығы - 51 кВт.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024