"Біз екі орындықе жеңіл моторлы ұшақтың құлағандығы туралы ақпаратты растаймыз. Апат Алматы облысы, Балқаш ауданында бүгін сағат 11.23-те болды. Оқиға бойынша әзірге басқа ештеңе айта алмаймыз", - деді Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.
Ал инвестиция және даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшақ АҚШ-та құрастырылған.
"Әуе апаты болған орынға төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері келді. Пилос қаза тапты. Ал жарақат алған ұшақ иесіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оқиға бақыланбайтын әуе кеңістігінде Алматы облысы, Жиделі пунктінің солтүстік-шығысынан 20 шақырым жерде болған. Ұшақ типі - МAULE М-7-260С, АҚШ-та жасалған. «Олжа Бастау» ЖШС-нің ұшақты пайдалануға болатыны жөнінде сертификаты немесе ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің авиациялық жұмыс туралы куәлігі жоқ. Орын алған жағдай бойынша, ҚР ИДМ министрлігінің бастамасымен жол-көлік оқиғаларын зерттеу департаменті зерттеу жүргізеді", - делінген инвестиция және даму министрлігінің баспасөз хабарламасында.