
Алматы. 11 шілде. 7kun.kz – «KazASproduct» ЖШС Алматы облысында ұшақтарға арналған мұздануға қарсы сұйықтық өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады.
Зауыттың қуаттылығы жылына 7-10 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік береді.
Ведомствоның мәліметінше, зауыт құрылысының құны 1 млрд 320 млн теңгеге бағаланып отыр.
Зауыт 2020 жылы пайдалануға беріледі.
«KazASproduct» ЖШС 2008 жылы құрылды. Компания техникалық жабдықтарды өндірумен айналысады.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025