Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысында ұшақтарды мұздан қорғайтын сұйықтық шығарылады

Алматы облысында ұшақтарды мұздан қорғайтын сұйықтық шығарылады

Алматы. 11 шілде. 7kun.kz – «KazASproduct» ЖШС Алматы облысында ұшақтарға арналған мұздануға қарсы сұйықтық өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады.

Зауыттың қуаттылығы жылына 7-10 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Ведомствоның мәліметінше, зауыт құрылысының құны 1 млрд 320 млн теңгеге бағаланып отыр.

Зауыт 2020 жылы пайдалануға беріледі.

«KazASproduct» ЖШС 2008 жылы құрылды. Компания техникалық жабдықтарды өндірумен айналысады.

Похожие материалы