Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысының әкімі «Тәуелсіз Қазақстанның үздік инженері» атанды

Алматы облысының әкімі «Тәуелсіз Қазақстанның үздік инженері» атанды

Талдықорған. 16 қараша. 7kun.kz - Амандық Баталов «Тәуелсіз Қазақстанның үздік инженері» атанды, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Айдар Карбозұлы.

Бұл туралы бүгін Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Тәуелсіз Қазақстанның үздік инженері» және «2016 жылдың үздік инженері» номинациялары бойынша республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде белгілі болған.

Ұлттық инженерлік академиясы байқау комиссиясының төрағасы, академик Асқар Құлыбаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа «Тәуелсіз Қазақстанның үздік инженері» дипломы мен төсбелгісін тапсырды. Байқауға 200-ден астам үміткер қатысқан.

Похожие материалы