Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы және Астана қалалары ТМД елдері арасындағы рейтингте ондықтың ішінде

Алматы және Астана қалалары ТМД елдері арасындағы рейтингте ондықтың ішінде

Travel.ru туристік порталы 2015 жылғы жаз айындағы демалыстарда ресейліктердің қайда барғанын жөн көретінін анықтады. Ондықтың ішіне еліміздің Алматы және Астана қалалары да кіріпті.

Рейтинг 2015 жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығында қонақ үйлерді брондау мәліметтері бойынша жасалған. Алматы қаласы Астананы жазда турист көбірек келетін қала ретінде басып озып отыр. Алғашқы ондықтың қатарында Минск, Ереван, Баку, Кишинев, Алматы, Киев, Астана, Витебск, Бішкек және Одесса бар. Порталдың мәліметтеріне сүйенсек, Алматы қаласына жаз кезінде ресейлік туристер орта есеппен 5 күнге келеді. Қонақ үйде тұруға тәулігіне 50 долларлай шығындалады. Ал, Астана қаласына келетіндер 3 күнге, тәулігіне 93 доллардан төлеп тұрады. ТМД бойынша ең бюджеттік қала Кишинев болып шықты. Ол жерде қонақ үйге тәулігіне 35 доллар кетеді. Минск қаласына ресейлік туристер орта есеппен 4 күнге барып, тәулігіне 80 доллар шығындайды. Ал, Ереванда - 55 доллар, Бакуде - 60 доллардан басталады. Зерттеу мәліметтеріне орай, Грузия ТМД елдерінің қатарына кіретін болғанда Батуми мен Тбилиси қалалары алғашқы ондықтың ішінен табылар еді. Грузияның туристік қаласы саналатын Қара Теңіздің жағасындағы Батуми қаласына барушылар шамамен 1 аптаға, Тбилисиге алты күнге барады екен.

Похожие материалы