Алматы жолдарында жаңа 1500-ден астам бейнекамералар пайда болады. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз-хатшысы Салтанат Әзірбек мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бейнетіркеу құрылғылары "Жол қозғалысының автоматтандырылған ақпараттық қауіпсіздік жүйесі" жобасының аясында орналастырылатын болады. Салтанат Әзірбектің сөзінше, жаңа бейнекамераларды нақты саны әзірге белгісіз. Қала жолдарындағы 100-150 жаңа бекеттерде 15-16 бейнекамерадан болады. Жаңа өзгеріс осы жылы жүзеге асырылуы мүмкін.
ІІД-нің мәліметінше, қазір қалада 10 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Олардың барлығы жол қауіпсіздігін ғана емес, көше мен тұрғын үй аулаларындағы тәртіпті бақылайды.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





