Алматы. 10 тамыз. 7kun.kz - Алматы зообағының төлем жүйесі мен «Оңай» электрондық жүйесі біріктірілді. Енді келушілер зообаққа кіру ақысын «Оңай» картасы арқылы төлеп кіре алады. Бұл туралы Алматы зообағы директорының орынбасары Дана Егеубаева хабарлады.
«Біз төлем жүйесін «Оңай» жүйесімен біріктіруді аяқтадық. Енді «Оңай» картасы барларға билет сатып алу міндетті емес. «Оңайы» барлар енді артық ақша алып жүрмей «Медеу» сырғанағына, Алматы зообағына кіре алады. Жаңа терминалдар нысанға кіреберісте 8 тамыздан бастап іске қосылды», - деді Алматы зообағы директорының орынбасары Дана Егеубаева.
Оның айтуынша, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар «Оңай» картасы арқылы төлем жасамайтын болады. Өйткені онда жеңілдік қарастырылмаған. Сондықтан үлкен кісілер мен мүгедектер касса арқылы тегін өтеді.
Айта кетейік, осыған дейін «Оңай Pay» ЖШС өкілдері аталған жүйені қалада таратуға ниетті екендігін бұрын айтқан болатын. Бүгінде «Оңай» картасы арқылы тек қана қоғамдық көлікте ғана жүріп қоймай, «Медеу» мұз айдынына, «НЕМО» дельфинарийіне кіруге болады.
Дереккөз: inform.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024