Алматы қаласында "А" класындағы алғашқы көпқұрылымдық логистикалық орталық жұмысын бастады. Орталықтың құрамында мұздататын және фармацевтикалық қоймалары бар.
2007 жылдан бері орталықтың жұмыстарын жүзеге асырумен айналысып келген Global Ecological Group Almaty (GEGA) компаниясының бұл жобасы мемлекеттік жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген. Ағымдағы жылы екінші қоймасының құрылысы аяқталды. Кешен кедендік, темір жол және автомобиль инфрақұрылымдарын біріктіреді. Ауданы - 45 мың шаршы метр. Күн сайын кешен арқылы 500 данаға дейінгі көлік құралдары өте алады. Бір жолғы сақталатын жүктің көлемі - 60 мың тонна. «Аталған кешен тез бұзылатын өнімдерді дүкен сөрелеріне жеткенге дейін тұрақты сақтау температурасын қамтамасыз ете алады. Қоймаларда ылғалдықты, температураны және ауа алмастыруды қадағалауға мүмкіндік беретін заманауи жүйе қолданылады. Кешеннің тағы бір ерекшелігі - фармацевтикалық қойманың болуы. Ол жер вакцина мен антибиотиктерді сақтауға лайықталған. Себебі оларды сақтаудың арнайы санитарлық-гигиеналық нормалары бар», - дейді «GEGA» ЖШС директоры Николай Каширин. Кашириннің айтуынша, кешен толық іске қосылған соң мыңға жуық жұмыс орны ашылатын болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024