
Алматы. 15 шілде. 7kun.kz – Алматыда адвокат Бұрхан Жансейтов ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
«Адвокат Бұрхан Жансейітов құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған қызметіне кедергі келтіргені үшін ұсталды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында белгілі кәсіпкерлік құрылымдарды ұзақ уақыт бойы рейдерлік басып алуды іске асырған бір топ тұлғалар әрекетінің жолын кескені хабарланған болатын.