Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда қазақ-түрік медицина орталығы емделушілерімен кездесу өткізді

Алматыда қазақ-түрік медицина орталығы емделушілерімен кездесу өткізді

СЕМА қазақ-түрік клиникасы жақсы дәстүрді қолға алды. Сенбі күні ақ халатты абзал жандар бұған дейін орталықта ота жасатып, емделген адамдардың денсаулығын бақылау мақсатында кездесу өткізді. 100-ге жуық емделуші шара барысында өздерінің емделгеннен кейінгі жағдайын баяндап, орталық қызметі туралы пікір білдірді.

"СЕМА" клиникасы 2011 жылы жұмысын бастады. 2010 жылы Қазақстан мен Түркия  ынтымақтастығы аясында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен Түркияның вице-премьер министрі Бекир Боздаг қол қойған арнайы жобаның аясында дүниеге келді. Жобаның мақсаты - қазақ-түрік клиникасын аша отырып, екі ел арасында медициналық менеджментті дамытып, тәжірибе алмасу", - деді шара барысында, клиника директоры Эркан Женгиз. IMG_8408 Almaty Sema Hospital  Стамбұлдағы танымал клиниканың ТМД елдеріндегі ең алғашқы филиалы болып табылады.  Емхана ISO ,TSE, JCI (Халықаралық Алтын Стандарт Сапасы) акредитацияларын өткен. Жеке инвестициялық жоба ретінде ашылған клиникаға бастапқыда 10 млн доллар қаржы салынған. Қазіргі таңда клиникада 188 қазақстандық дәрігер қызмет атқарып жатыр және 17 түрік медицинасының профессорлары орталықта медицина ісінің жаңа кадрларын дайындауда өз үлестрерін қосуда. Орталық ақылы ем көрсетумен бірге, мемлекеттік квотамен күрделі операцияларды да жасайды. Мәселен, С. Асфендияров атындағы Ұлттық Медицина университетімен біріге отырып, бес жыл ішінде 800-ден аса жүрек қан-тамырлары операциясын жасаған. IMG_8457"Сема" клиникасымен жұмыс істегенімізге бес жыл болды. Осы клиникамен Университетіміздің арасындағы келісім-шарт бойынша, орталық базасында жас мамандарды дайындаймыз. Әсіресе, кардиохирургтар және интервенциялық хирургтармен бірігіп жұмыс істейміз. Базалары өте жақсы. Мұндай базада кадрлар дайындау біз үшін өте тиімді. Сондай-ақ, орталық Қазақстандағы жүрек-қан тамырларының қабынуынан болатын өлімнің азаюына септігін тигізуде", - деді С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессоры Төлеген Егембердиев. IMG_8483 Аталған емханада емделгендердің бірі  "Балдырған" журналының бас редакторы, Ауған соғысының ардагері  Дүйсен Мағлұмов екі жыл бұрын жүрегіне операция жасатқан.   "Осыдан екі жыл бұрын жүректен инфаркт алып, осы ауруханада операция жасалды. Дәрігерлердің ақ пейілі, ниетінің арқасында аман қалдым. Маған ота жасаған дәрігерлерге, Сема ұжымына алғысым шексіз. Орталық  Қазақстандағы медицинаның дамуы үшін бәсекелестік қабілетін танытуда", - дейді белгілі журналист. IMG_8417 Емделушілермен кездесу кеші Қазақстанда тұңғыш рет өтекенін айта кету керек.  "Дәрігерлер отадан кейінгі оңалту барасын жіті назарда ұстағанмен, мұндай көзбе-көз кездесулердің маңызы зор. Себебі туындаған сұрақтар бойынша дәрігерден кеңес алумен қатар, сауықтыру барысында өзі секілді емделушілермен пікір алмасу емнің барынша тиімділігін арттырады", - деді клиника директорының орынбасары Майра Бүгембаева.  

Похожие материалы