Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда бірінші Қазақстан медиа-саммиті өтіп жатыр

Алматыда бірінші Қазақстан медиа-саммиті өтіп жатыр

Бүгін Алматыда алғашқы Қазақстан медиа-саммиті басталды. Саммит барысында қазақстандық медиаиндустрияның даму перспективалары, индустриялық жағдайлар мен телевизия саласындағы мамандардың бірігуі, digital және Қазақстан медиасы талқыланады.

Медиа-саммиттің басты тақырыбы — «Медиабизнестің үзіліс кезеңі рецессия ма әлде трансформация ма?». Бағдарлама аясында отандық медиа нарығындағы телевизия мен интернеттің сапалы-перспективалы бағытына баса назар аударылады.

Саммитке АҚШ, Швейцария, Ресей, Германия мен Орта Азиядан 46 спикер келген.

"Әр күн сайын адамдарға 40 000-нан астам  ақпарат түседі. Адамға өте қиын. Оның ішінен өзіне қажетті, керек ақпаратын саралап алу. Біздің мақсатымыз дәл осы жағдайына көмектесу. Қазіргі кезде осы интернет тенденциясының негізінде сандық ұрпақ өсіп келеді"-деді Қазақстан медиа-саммиті ұйымдастыру комитетінің төрағасы Виктор Елисеев.

Мерекелік бағдарлама аясында жергілікті және шетелдік спикерлердің шеберлік сабақтары, панельді дискуссиялар өткізеді.

Похожие материалы