Алматы. 8 тамыз. 7kun.kz - Қазақстанда жаңа көліктер арасында өтімділігі жағынан Toyota Camry, LADA 4×4, Toyota RAV4, LADA Granta мен Ravon Nexia R3 көш бастап тұр. Ал көлікті ең көп сатып алатын қалалардың қатарына Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды мен Шымкент кіреді. Бұларға елдегі сатылған көліктің 65 % тиеселі.
2017 жылдың өткен 6 айында Алматыда 4.5 мың автокөлік көлік сатылған. Бұл былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төрттен бірге аз. Алматыда ең көп сатылған көлік көшін 581 данамен Toyota Camry бастап тұр. Бұдан кейінгі орында 235 данасы сатылған RAV4. Үшінші орында - Volkswagen Polo. Бұл көліктің 199-ы сатылған. Бұлардың барлығы Ресейде құрастырылған көліктер екенін еске саламыз. Астанада ең көп сатылған авто - Camry. Өткен жарты жылда 458 данасы сатылған. Екінші орында 235 данасы сатылған RAV4 тұр. Үшінші орында 140 данасы сатылған LADA Largus жайғасты. Мұның өсуіне себепші мамыр айында таксопарктер жүздеген Largus сатып алған еді. Жалпы жарты жылда мұнда 3 569 данасы сатылған. Атырауда 1 140 машин сатылған (2016 жылдың алғашқы 6 айымен салыстырғанда—16.7 %). Мұнда ең көп сатылған Ларгус 99 дана, Toyota Camry — 80 дана, 78 дана LADA — Granta. Қарағандыда ең көп сатылған көлік «Нива» — LADA 4×4. Дилерлер 101 автокөлік сатқан. Екінші орында Kia Rio: 86 данасы сатылған. Үшінші орында 81 данасы сатылған Renault Duster. Жарты жылда қала бойынша 1 058 авто сатылған, бұл былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1.9 % аз. Шымкентте сұранысқа ие көліктер көшін атын Ravon деп өзгерткен Daewoo Nexia бастап тұр. Өткен 6 айда R3-тің 178 данасы сатылған. Екінші орында да Ravon-ның R4 маркасы. Оның 87-і сатылған. Үшінші орында 85 данасы сатылған LADA 4×4. Жалпы жарты жылда қалада 1 041 автокөлік сатылған. (Былтырғы жылдың ұқсасы мерзімімен салыстырғанда +4.7 %). Дерекөзі: «Автоконсалтинг.KZ» агенттігінің мәліметтеріПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024