Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz - «Банк және инвестиция саласындағы журналистика» тақырыбындағы тренингке Қазақстанның әр өңірінен іскерлік тақырыпта жазатын 30 журналист қатысуда.
БАҚ өкілдеріне Ұлттық Банкінің ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры Асан Ахметжан, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі директор Ләззат Усенбекова, Jusan инвест корпоративтік қаржы департаментінің вице – президенті Ая Алдабергенова, , Jusan инвест ірі клиенттермен жұмыс департаментінің вице-президенті Айгерим Молдабекова, Jusan analytics редакторы Жаппарберген Айбота, Lsm.kz бас редакторы Айнура Каргалинова, Forbes Kazakhstan журналы қазақ нұсқасының бас редакторы Бақытжан Бұқарбай арнайы дәріс өтеді.
Екі күндік іс-шараны «Jusan Bank» АҚ Басқарма төрағасы Нұрдаулет Айдосов ашып, БАҚ өкілдеріне сәттілік тіледі.
«Алатаудың төріндегі, оңтүстік астанамыз, қаржы орталығына қош келдіңіздер! Нағыз қазақи ұлы даланың иісі бар Jusan ұйымдастырған тренингінде кездесуге өте қуаныштымын! Қаржының күнделікті өмірде маңызды екенін, оның өмір сүру деңгейіне қалай ықпал ететіні бәрімізге мәлім. Дегенмен қаржыны тек жұмсай қана қоймай, оны сақтау, көбейту жолдарын өкініщке орай кез келген адам біле бермейді. Осы мақсаттарда сіздердің атқаратын жұмыстарыңыз өте маңызды. Сіздерді халық пен бизнес арасындағы алтын көпір деп білеміз. Қаржы құралдары туралы ақпараттарды қарапайым тілде халыққа түсіндіріп, дұрыс бағыт беруде сіз бен біз болып бірге жұмыс істейтін болсақ, әрбір отандасымыз өз қаржысын еселей түсетініне кәміл сенемін! Ал осы тренинг Jusan-ның қосқан үлесі болсын. Алдағы екі күнде сіздермен бірге қаржы нарығындағы өзекті мәселерді талқылап, маңызды ақпаратпен бөлісуге дайынбыз. Тек қана осы тренингте емес, әрдайым дайынбыз. Сіздерге көмек керек болса, сұрақтар, ұсыныстарыңыз болса Jusan bank әрдайым дайын! Қош келдіңіздер!», - деді Нұрдаулет Айдосов.
Айта кетейік, Jusan Bank еліміздегі табысты қаржы ұйымдарының бірі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Jusan Bank активтері бойынша бесінші орынға шықты – 2,61 трлн теңге. Бұл 2021 жылғы 1,65 трлн теңгеден (7 орын) 57,9%-ға артық (өсу бойынша 3-орын). Меншікті капитал бойынша банк екінші орынды сақтап қалды. 2021 жылғы 314 млрд теңгеге қарсы 439 млрд теңге. Жылдық таза пайдасы 25,3 млрд теңгені құрады (9-орын).
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024