Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда кептелісті азайтуға көмектесетін "ақылды" бағдаршамдар орнатылады

Алматыда кептелісті азайтуға көмектесетін "ақылды" бағдаршамдар орнатылады

Алматыда қаланы кептелістен азайтуға көмектесетін "ақылды" бағдаршамдар орнатылатын болады деп хабарлайды Алматы арнасы.

Детектор көліктің санын есептеп, Басқару орталығына мәлімет жібереді. Бағдарлама ағынды есептеп, бағдаршам жарығының қосылу ұзақтығын ретке келтіріп отырады. Сынақ түрінде мұндай бағдаршам Алтынсарин-Жұбанов көшелерінің қиылысына қойылды.
Бағдаршам нысандарында бақылау камералары жұмыс істейді. Көлік құралдарының саны есепке алынып, соған байланысты Жұбанов көшесі бойынша қанша секунд, Алтынсарин көшесімен қанша уақыт жануы тиістігін таңдайды.
Жаңа бағдаршамдарды орнату туралы ұсыныс әкімдікке жіберілді. Интеллектуалды бағдарлама 2019 жылға дейін енгізіледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда Алматы қаласында 380 бағдаршам жұмыс істеп тұр.

Похожие материалы