Экономика
Алматыда мектеп пен балабақшаларда орын жетіспеушілігі жоғары
Алматы балабақшаларында 17 мың орын, мектептерінде 24 мың орын жетіспейді. Бұл жөнінде қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.
«Мектепке дейінгі мекемелерде 3-6 дас аралығында балаларға 17 мың орын жетіспейді», — деді Б.Байбек жұма күні Алматы қаласының білім қызметкерлерімен өткізген жиынында.
Және де осы жылы қалаға 640 орындық 2 балабақша салынатынын да айтып өтті.
«Осы жылы Түрксіб және Алатау аудандарында 640 орындық екі балабақша салынады деп жоспарланып отыр. Ал, келесі жылы Алатау ауданына 260 орындық тағы бір балабақша ашылады», — дейді қала әкімі.
Ал, мектептердегі орын жетіспеушілігі 24 мыңды құрап отыр.